Шаймардан Құсайынов «Томирис» драмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4. Заман, дәуір тұлғасы

Мектеп: Атырау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Алипова А.З.

Сынып: 10 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Шахмардан Құсайынов «Томирис» драмасы.

Сабақтың мақсаты

10.2.4.1 - көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс (әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу.

Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Көркем шығармада көтерілген мәселеге талдау жасайды;
  • Өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс жазады.

Тілдік мақсаттар

Тұмар билеген замандағы тарихи оқиғаларды айқындайтын тарихи сөздерді қолдану

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Азаматтық позиция мен құрмет

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы

АКТ қолдану дағдылары

Оқушыларға берілетін тапсырмалар үшін презентация қолданылады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Шахмардан Құсайынов «Томирис» драмасы.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Басы

15 минут

Оқушыларға

  • Сабақ тақырыбы;
  • Оқу мақсаты таныстырылады.

Қызығушылығын арттыру.

«Тыңдалым триадасы» әдісі

Оқушылар үш-үштен топтарға бөлінеді, олардың екеуі бір-біріне қарама-қарсы тұрады (шешен, тілші), үшіншісі (хатшы) бөлек тұрып сыртынан бақылап тұрады. Шешен – мәселеге қатысты өз пікірін білдіреді немесе комментарий айтады. Тілші – сұрақ қойып, түсінгісі келеді. Хатшы – әңгімені тыңдау барысында белгілеп отырады, әңгіме аяқталысымен баяндама ұсынады. Оқушылар рөлдерін ауыстырып, жалғастыра алады.

«Тыңдалым триадасында» талқыланатын сұрақ:

  • Шахмардан Құсайыновтың «Томирис» драмасында қандай мәселелер көтерілген?

Ортасы

20 минут

«РАФТ» әдісі. Оқушылар ұсынылған рөлдің біреуін таңдап, нақты аудиторияға арнап, форманы сақтай отырып, жазба жұмысын орындайды.

Р – рөль

А – аудитория

Ф – форма

Т – тақырып

Рөл

Томирис патшайым, жасөспірім, қазақ бойжеткені

Аудитория

Тәуелсіз Қазақстанның азаматтары

Форма

хат, әңгіме, өлең, шығарма

Тақырып

Ел үшін, жер үшін...

Ж Оқушылар жеке отырып, жазба жұмысын орындайды.

Бағалау. Қасындағы жұбымен жұмыс дәптерлерін алмастырып, жұмысына комментарий жазу ұсынылады.

Дескриптор

  • Көркем шығармада көтерілген мәселеге талдау жасайды;
  • Өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс (хат, әңгіме, өлең, шығарма) жазады.

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс.- Томирис патшайымның бойында қазіргі қазақ қызына үлгі боларлық қандай қасиеттер бар? /Оқушылардың өз ойлары тыңдалады./

Үйге тапсырма:

Шахмардан Құсайыновтың «Томирис» драмасын мұқият оқып, Томирис патшайымға арнап өлең жазу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу