Абай Құнанбаев «Масғұт». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, қосымша материал.


1-тапсырма

Бөлім: Қалың елім, қазағым

Сабақ тақырыбы: Абай Құнанбаев «Масғұт» поэмасы

Оқу мақсаты:

Б/С 10.3.2.1 – көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру;

1-топ

 

 

Үзінді

Пікір

- Мен болсам егер ағын жемек дедім,

Ақылды болдым елден бөлек дедім.

Мен ақылды билемен не қылсам да,

Ақыл мені билесе керек дедім.

 

Ақылды жан табылмас маған сырлас,

Көріне тентек көп надан мойын бұрмас.

Әділетсіз, ақылсыз, арсыздарды

Көре тұра, көңілде тыныштық тұрмас.

 

Адам дертті болмай ма құса тартып,

Тұщы ұйқы ұйықтай алмай түнде жатып.

Ептеп бағып, есерге ем таба алмай,

Тәтті тамақ жей алман дәмін татып.

 

«Синквейн» әдісі: Ақыл

  • Зат есім (синквейн тақырыбы)
  • Сын есім (ұғымды ашатын 2 сын есім)
  • Етістік (тақырып аясында іс-әрекетті білдіретін 3 етістік)
  • Сөйлем (тақырыпты ашатын қысқа сөйлем, түйінді ой)
  • Синоним (тірек сөздің синонимі, зат есім)

 

Дескрипторлар:

-шығармада көтерілген мәселені түсінеді;

-үзіндіде айтылған астарлы ойды талдайды;

-үзіндіде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіреді.

 

 

 

 

 

 

1-тапсырма

Бөлім: Қалың елім, қазағым

Сабақ тақырыбы: Абай Құнанбаев «Масғұт» поэмасы

Оқу мақсаты:

Б/С 10.3.2.1 – көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру;

2-топ

Үзінді

Пікір

Сарыны жеп, мен болсам байдың өзі,

Аузына тамам жанның болдым сөзі.

Пәленшеден бір нәрсе алсақ-ау деп,

Тігілер жан біткеннің маған көзі.

 

Жұрт күндер жұрттан артық байлық үшін,

Бұлдайды біреу күшін, біреу түсін.

Не қылса да, надандар алмақты ойлар,

Мал антұрған күйдіріп елдің ішін.

 

Еңбексіз мал дәметпек - қайыршылық,

Ақылды ерге ар болар ондай қылық.

Оны ойларлық бұл күнде адам бар ма?

Пайда ойламай қылады кім татулық?

 

Берсең, қалар оларда несі ардың?

Бермесең, сен дағы ит бірге болдың.

Не өзің ит, немесе бар елің ит,

Дауасыз бір пәлеге міне қалдың.

 

«Синквейн» әдісі: Байлық

  • Зат есім (синквейн тақырыбы)
  • Сын есім (ұғымды ашатын 2 сын есім)
  • Етістік (тақырып аясында іс-әрекетті білдіретін 3 етістік)
  • Сөйлем (тақырыпты ашатын қысқа сөйлем, түйінді ой)
  • Синоним (тірек сөздің синонимі, зат есім)

 

Дескрипторлар:

-шығармада көтерілген мәселені түсінеді;

-үзіндіде айтылған астарлы ойды талдайды;

-үзіндіде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіреді.

 

 

1-тапсырма

Бөлім: Қалың елім, қазағым

Сабақ тақырыбы: Абай Құнанбаев «Масғұт» поэмасы

Оқу мақсаты:

Б/С 10.3.2.1 – көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру;

3-топ

Үзінді

Пікір

Қызылды жесем, мені әйел сүйер,

Арамдыққа жүрмесем, не жан күйер?

Ұрғашы да көп жан ғой, досым болса,

Деп едім бір пайдасы маған тиер.

 

Еркектің еркек адам болса қасы,

Қатын, шеше, қызы жоқ кімнің басы?

Хан қаһар, қара кісі қастық қылса,

Сонда ұрғашы болмай ма арашашы?

 

Тегінде адам басы сау бола ма?

Бойында тексерілмес дау бола ма?

Ері ашу айтса, әйелі басу айтып

Отырса, бұрынғыдай жау бола ма?

 

Соны ойлап, қызыл жеміс мен таңдадым,

Берсеңіз, жемек болып бел байладым.

Топа-торсақ бұл сөзді айтқаным жоқ,

Басында-ақ ойлап тегін абайладым.

«Синквейн» әдісі: Әйел

  • Зат есім (синквейн тақырыбы)
  • Сын есім (ұғымды ашатын 2 сын есім)
  • Етістік (тақырып аясында іс-әрекетті білдіретін 3 етістік)
  • Сөйлем (тақырыпты ашатын қысқа сөйлем, түйінді ой)
  • Синоним (тірек сөздің синонимі, зат есім)

 

Дескрипторлар:

-шығармада көтерілген мәселені түсінеді;

-үзіндіде айтылған астарлы ойды талдайды;

-үзіндіде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіреді.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу