Абай шығармашылығы. «Масғұт» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қалың елім, қазағым

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Абай шығармашылығы. «Масғұт» поэмасы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Б/С

10.3.1.1 - шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау;

Т/Ж

10.1.3.1 - көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;

 Сабақ мақсаттары

Абайдың «Масғұт» поэмасының мәтінімен жұмыс және ондағы берілген өзекті ойды анықтау.

 Бағалау критерийлері

Поэма желісін өздігінен оқу арқылы түсінеді. Поэманың тақырыптық идеясына, кейіпкерлер әрекетін қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, талдау жасайды. Сөздікпен жұмыс жасайды.

 Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек және шығармашылық

 АКТ қолдану дағдылары

Аудио, видео құрылғылар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Амандасу. Түгендеу. Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады. Оқушыларды санау арқылы 3 топқа бөлу.

Сабақтың ортасы

10 минут

10 минут

10 минут

1-тапсырма.

Оқушыларға Абай Құнанбаевтың «Масғұт» поэмасы беріледі, барлығы оқиды, топ болып тапсырма орындайды.

І топ:

«Ойланыңыз» - Поэма желісіне жоспар құру. 

ІІ топ:

«Суреттеңіз» - Поэмадағы Масғұт бейнесін суреттеу. 

ІІІ топ:

«Талдаңыз» - «Масғұт» поэмасына талдау жасау. 

Шығарманың композициялық құрылысы:  Сюжеттің басталуы.

Сюжеттік байланыс.

Шиеленісуі.

Шарықтау шегі.

Шешімі.

Дескрипторлар:

  • Поэма желісі бойынша жоспар құрастыра алады;
  • Кейіпкер бейнесін суреттейді;
  • Поэманың композициялық құрылысына талдау жасайды.

Топтар бір-бірін бағалайды.

2-тапсырма.

І топ:

«Екі түрлі түсініктеме күнделігі» әдісі арқылы кесте толтыру.

Масғұттың жағымды мінезі

Масғұттың жағымсыз мінезі

ІІ топ:

Поэма мазмұны бойынша тұрақты тіркестер тауып жазу, мағынасын түсіндіру.

Жан сақтау- Көз тігу-

Жау жүрек- Құса болу-

Есі шығу-

ІІІ топ:

Мәтін бойынша сөздердің мағынасына түсінік беру (сөздікпен жұмыс).

Мысалы:

Һарун-Рашид заманында- көнерген сөз

Шаһар- көнерген сөз

Хан, патша- көнерген сөз, синоним

Ұрғашы- дисфемизм

Дескрипторлар:

  • «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» әдісі арқылы кесте толтырады;
  • Тұрақты тіркестерді тауып жазады, мағынасын түсіндіреді;
  • Сөздікпен жұмыс жасайды.

Топтар бір-бірін бағалайды.

Қорытынды тапсырма. (жеке жұмыс)

Авторы: Абай Құнанбаев

Тақырыбы: «Масғұт» поэмасы

Жанр түрі:

Идеясы:

Шумағы:

Тармағы:

Бұнағы:

Ұйқасы:

Поэманың түйіні:

Тәрбиелік мәні:

 

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Түйін сөз...

Мен үшін жаңалық...

Мен үшін жұмбақ...

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу