Абай шығармашылығы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 2-сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ:2

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Абай шығармашылығы

Оқу мақсаттары

10.3.1.1 - шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау

Сабақтың мақсаттары

Шығарманың құндылығын анықтап, бағалау

Бағалау критерийлері

Шығарманың құндылығын анықтап, бағалайды

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология:

ПОПС әдісі

«........... өлеңi .......... айтуға/баяндауға/дәлелдеуге тырысады»

(тақырып, хабарлама және т.б.)

«Бұл............ жабдықталған» (мәтiннен дәлелдер)

«Қолданылған әдеби құралдар.........» (мысалы, аллитерация)

«Өйткенi............» (Бұл тәсiл нелiктен қолданылғанын сипаттайды)

Осыған дейін меңгерілген білім

Алдыңғы сабақта оқушылар Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығымен танысқан.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

8 минут

Ұйымдастыру

Оқушыларды 4 топқа бөлу.

Қызығушылығын ояту

Оқушыларға тапсырма:

«6 неліктен?» стратегиясы арқылы автор өмір сүрген заман көрінісіне үңіліңіздер.

(Сұрақтар мен жауаптар тығырыққа тірелмей, 6 қадам арқылы заманға сипаттама беріп, автор шығармаларының тарихи маңызы талқыланады)

2 минут

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын, бағалау критерийлерін белгілеу.

Сабақтың ортасы

2 минут

8 минут

8 минут

Мағынаны тану

4 топқа Абайдың 4 шығармасы таратылады. Оқушылар шығармамен танысып, оның тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалайды.

1 топ «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа»

2 топ «Он алтыншы сөз»

3 топ «Жиырма төртінші сөз»

4 топ «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»

1 тапсырма.

ПОПС формуласын қолданып, шығармадағы көркемдік бейнелеуіш құралдар автордың мазмұн-мақсатын ашуға қандай үлес қосып тұрғанын анықтаңыз.

(дифференциация үшін мұғалім таратпа материалда шығармадағы көркемдегіш құралдарды алдын ала қоюмен ерекшелеуіне болады)

2 тапсырма

Шығарманың тарихи маңызы неде? Шығарма автор өмір сүрген кезең туралы қандай мәліметтер береді? Бүгінгі өмірмен байланыстырып, Венн кестесін толтырыңыз.

Автор өмір сүрген заманға тән

Екі кезеңге ортақ нәрсе

Бүгінгі өмірге

тән дүниелер

1.

2.

3.

1.

2.

3.

Қорытынды:

Шығарманың тарихи маңызы неде?

_____________________________________________________

_____________________________________________________

_____________________________________________________

_____________________________________________________

Дескрипторлар:

- шығарманың көркемдік сипатын анықтады;

- шығарманың көркемдік құндылығына баға берді;

- шығарманың тарихи маңызын көрсете алды;

- шығармадағы мәселені қазіргі өмірмен байланыстырды.

Жаңа материалды бекіту

8 минут

Ж.

Оқушыларға «Қырық бірінші сөз» таныстырылады.

2 тапсырма. Мәтінмен танысып, Абай заманындағы өзекті проблемаларды топта талқылап, автордың негізгі ойы арқылы сол заманғы қоғамды сипаттаңыз.

Кейіпкерге бір сөзбен сипаттама беріп, қоғамның көрінісін ашуға тырысыңыз.

Оқушылар тапсырманы орындау нәтижесінде сол заман қоғамының көрінісі ашылады, осы жөнінде 1-2 оқушының пікірі тыңдалады немесе мұғалім өзі қорытындылайды.

Сабақтың соңы

4 минут

Рефлексия

Қосымша ақпарат

Дифференциация

Бағалау

Пәнаралық байланыс

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу