Абай Құнанбаев «Отыз екінші қара сөз». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 4-сабақ.


Абай Құнанбаевтың отыз екінші қара сөзі

Оқу мақсаттары

10.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;

10.1.5.1 - ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру

Бағалау критерийлері

Ұлттық құндылықтардың маңыздылығын анықтайды;

Шығармашылық жұмыста мәтіннен үзінділер қолданады;

Сөздердің мағынасын түсіну

Ғақлия- араб сөзі. «Дана сөз»,даналық маржан сөздер.

Ғақлия-көркем қарасөз,нақыл сөздің бір түрі,дүниенің құпия сыры терең таразыланған ойлар мен пікірлер,трактат.

Хұзур хасил-тыныштық,рахатшылық, Хасудшілікті-күндеу,күндеушілікті

Хирслану-ашқарақтану,қомағайлану,сараң болу.

Ғурурлық-менмендік,мансапқорлық,

Мұлахаза-ойласу,пікір алысу.

Мұхафаза-сақтау,қорғау.

Жаһатінде-барлық күшті жұмсау,тырысу.

Зинһар-қалайда,әйтеуір.

Қызығушылықты ояту

Сұрақтарға жауап беріңіздер

«Толық адам» деген кім?

Отыз екінші қара сөзінде «толық адам» ілімі қалай көрініс табады?

Абайдың «толық адам» идеясының қазақ ұлттық дүниетанымындағы көрінісі қандай?

(Жауап беруде төмендегі сызбаны пайдаланыңыз )

Дескриптор

Сұрақтарға жауап береді;

Ойын дәлелді жеткізеді;

Ұлттық дүниетаныммен байланыстырады;

Тапсырма

Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал сіз «Ұлы ғұлама тереңінен тек қана дәм таттым» деген оймен келісесіз бе? Келіссеңіз, өз ойыңызды дәлелдеп, ұрпақты оқу-білімге, үнемі ізденіске шақыратындай аманат хат жазыңыз. Хат жазуда қара сөздің міәтінен үзінділерді қолданыңыз.

Дескриптор

Жанрлық ерекшелігін сақтап хат жазады;

Мәтіннен үзінділер келтіреді;

Тақырыпты ашып жазады;

Сөз санын сақтайды; (150 сөз)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу