Нысанбай жырау «Кенесары – Наурызбай». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, қосымша материал. 5-сабақ.


* * *

 

 Бұл дастанды Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық кетерілісіне бастан-аяқ қатысып, барлық оқиғаларды өзі көрген Нысанбай жырау Жаманқұлұлы шығарған. Нысанбай көлемді, тарихи-реалистік сипаттағы жырда Кенесары мен Наурызбайдың бейнесін батырлық эпос үлгісімен жырлап, ұлт-азаттық көтерілісінің соңғы кезін терең танып, үлкен ақындық шеберлікпен суреттеген. Ұлттық батырлар Кенесары мен Наурызбайдың психологиялық жағынан ең бір айқын айшықталған бейнесі жасалынған. Бұл жырды тарихшы ғалымдар да, жазушылар да өздерінің зерттеу жұмыстарында, шығармашылық қызметтерінде дерек көзі ретінде пайдаланған. Ұлт-азаттық көтерілісінің ішінде жүріп, оның жалынды жыршысына айналған Нысанбайдың аузынан тараған жыр тарихи жәдігер ретінде де, көркемдік ескерткіш ретінде де ете құнды дүние.

Жыр Кенесары-Наурызбай көтерілісінің шырқау биікке жетіп, әлсіреген кезін, көтеріліс басшысы хан Кененің мұздай каруланған патша әскерінің екпініне тойтарыс беруге шамасы жетпей, атамекенінен еріксіз кетіп, торға түскен жаралы жолбарыс күйін кешкен күйзелісін бейнелейді. Нысанбай жыраудың халық атынан қос батырын жоқтаған мұң-шерге толы зарлы жоқтау жырында көтерілістің, өзекті арнасын үлкен ауқымда қамтып, Кенесары, Наурызбай ерліктерін бұрынғы батырлар жыры дәстүрінде бейнелейді, эпикалық оқиғаға лирикалық сипат беріп, заман шындығын тебірене жырлайды.

Қазақтардың жеңілген себебі - Кенесары қолында алауыздық туады, барымтаны олжалауға таласады. Ақын мұны да жасырмай жырлаған. Бұл Нысанбайдың өзге акындардан ерекшелігін, сыншыл жыршы екенін көрсетеді. Жыр керкемдік қуатымен ғана емес, тарихи деректі сипатымен де кұнды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу