Ж.Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 15-сабақ.


Қосымша ақпаратты Ж.Сахиевтің ғылыми-болашақтық романдар жазудағы еңбектерімен өз бетінше танысу үшін және үй тапсырмасы ретінде қосымша оқуға ұсынуына болады. Оқушыларды зерттеу, жоба жұмыстарын орындауға бағыттайды.

.

Қазақ ғылыми болашақгерлік жанрының ауыр жүгін нардай көтеріп, авторлық сериялы ғылыми-болашақтық романдар жазуды алғаш бастап жазған белгілі жазушы болашақгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1991), «Жандос» атындағы әдеби сыйлығының лауреаты (1994), Халықаралық «Байқоңыр» сыйлығының лауреаты (2011) Жүніс Сақұрпағы (Куәлігінде тегі Сахиев деп орысша жазылған) 1950 жылғы Наурыз айының 1-ші жаңа күнінде еліміздің Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданына қарасты Алмалы ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Қазақстан Республикасының төл азаматы. Әкесі Сақтан төрт жасында жетім қалып, анасы Құлханыстың жұлдызды аспан әлемі жайлы айтқан аңыз-әңгімелерін тыңдап өскен ол өзге жұлдыздар жүйесіне ұшып барып келуді армандап өсті. Мектепке бармай тұрған кезінің өзінде-ақ ауылдас достарына жұлдызды әлемдегі қандай да бір ғаламшарға алып Самұрық құспен қалай ұшып барып келгені жөнінде ойынан әңгіме құрап айтып жүрді. 1957 жылы алғашқы Жер серігінің қазақтың қасиетті жері – Жер кіндігі Байқоңырдан ғарыш кеңістігіне ұшып шығып, Ғарыш дәуірінің басталуы, адамзат өкілінің Байқоңырдан тұңғыш рет ғарыш кеңістігіне самғауы оның арманына 33 қанат бітірді.

1960 жылғы мамыр айында Қазақстанның Оңтүстік өңірінде іс сапарда жүрген ұлы жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің Жүніс туылып өскен ауылы Алмалыдағы оқып жүрген Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы қазақ орта мектебінде болуы жазушылыққа бет қоюына үлкен әсерін тигізеді. 1966-1968 жылдары еңбек жолын осы Бәйдібек ауданының орталығы – қала типті Шаян елді-мекеніндегі аудандық байланыс бөлімшесінде телеграфшы болып бастап, радио торабында техник, Қазақстан Республикасы Гидрометеорология қызметінің Шаяндағы ауа райын бақылау-зерттеу стансасында ауа райын бақылап зерттеуші жұмыстарын қатар атқарды. 1968-1970 жылдары әскер қатарында телеграфшы, қысқа толқындарда жұмыс жасайтын әскери радиостансаларда радист болып ел алдындағы азаматтық, әскери боршын өтеді. 1970 жылы елге оралғаннан кейін аудандық байланыс бөлімшесіндегі телеграфшы, Шаян ауа райын бақылаузерттеу стансасындағы ауа райын бақылап-зерттеуші жұмыстарын одан әрі жалғастырды.1971-1972 жылдары Алматы қаласындағы Мақта-мата комбинатының автоматты телефон стансасында электртехник болып жұмыс жасады. 1972–1977 жылдары Әбу Насыр әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Филология факультетінде оқыды. Университет қабырғасында жүргенде Халық аспаптары оркестрі атанған домбыра оркестрі құрамында күй тартты. Бесінші курсында оркестрге жетекшілік етті. 1977–2007 жылдары «Мектеп» баспасының Тарих және география, Қазақ тілі мен әдебиеті редакцияларында редактор, Қазақстан Республикасы Баспа полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі Мемлекеттік комитетінде аға ғылыми редактор, «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясында Техника және Астрономия ғылыми редакциясының меңгерушісі, Астана қаласындағы «Фолиант» 34 баспасының бас редакторы, Астана қаласында шығатын «Ел» газеті құрамындағы «Сүмбіле» ғылыми-танымдық басылымының автор-редакторы қызметтерін атқарды. Жүніс Сақұрпағы 1971 жылдан бері «Кеңістік көшпенділері» деген жалпы айдармен қазақ әдебиетінің ғылыми болашақгерлік жанрында тұңғыш авторлық сериялы ғылыми-болашақтық романдар жазып келеді. Бүгінгі күнге дейін жазып бітірген ғылыми-болашақтық романдарының он екісі: «Тіршілік ұясы» (1983), «Борыш» (1987), «Шеңбердің түйісуі» (1991), «Көктен келген көшпенділер» (1999), «Марстан шыққан жаңғырық» (2002), «Қимайтын әлем» (2003), «Шолпанға көшкен ауыл» (2004), «Космотарих куәсі» (2006), «Су әлемінің саздары» (2008), «Жасампаздық қиырында» (2009), «Ғарыштан келген гүл» (2011), «Күзетші» (2013) ғылыми–болашақтық романдары жеке-жеке кітап болып жарыққа шықты. «Қимайтын әлем» ғылыми-болашақтық романының журналдық нұсқасы қазақ ғылыми болашақгерлік жанры тарихында тұңғыш рет шет ел асып, Шығыс Еуропадағы Чех Республикасының астанасы Прагада «Немезида» ғылыми-көпшілік журналында чех тілінде жарияланды. Жүніс Сақұрпағы 1989 жылғы Желтоқсан айында Латыш Республикасының астанасы Рига қаласы маңындағы Дубултыда өткен жазушы-болашақгерлердің бүкілодақтық семинарында орыс тіліне ықшам аударылған «Тіршілік ұясы» мен «Соқтығысу» ғылыми-болашақтық романдарының терең ғылыми идеялылығы үшін қазақ жазушы болашақгерлері ішінде алғаш болып семинар атынан, оның жетекшісі, Ресейдің белгілі жазушы-болашақгері Сергей Снеговтың қолтаңбасымен КСРО Жазушылар одағына мүше болуға кепілдеме алды.

Қазақ КСР қысқаша энциклопедиясының қазақ және орыс тілдеріндегі томдарында «Фантастика», «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясында «Ғылыми фантастика», «Қазақ ғылыми фантастикасының даму қарқыны», әлем ғылыми фантастикасы жөніндегі «Англия фантастикасы», «Болгария фантастикасы», «Бразилия фантастикасы» мақалалары жарияланды. Қазақ тіліне аударған Астрофизика, Астрономия оқулықтары «Мектеп» баспасынан жарық көріп, оқырманның мол сұранысына ие болды. Жүз мыңнан аса таралыммен бірнеше рет қайта басылды. Жүніс Сақұрпағы ғылыми болашақгерлік жанрындағы өзінің қарымды қаламгерлік қабілетін республикалық басылымда "Қазақстан пионері" газетінде сол кездері жарияланған "Атлантида жаңғырығы" көп авторлық ғылыми-болашақтық повесть-бурименің өзі "Тұңғиықта" деп атаған бөлімін жариялауымен ерекше байқатқан болатын. 1976 жылы Семейде шығатын облыстық "Семей таңы" газетінің Желтоқсан айындағы екі нөміріне оның "Жаңбыр жауғанда" ғылыми-болашақтық романының журналдық нұсқасы жарияланды. Ал "Білім және еңбек" журналының 1977 жылғы 1-ші нөмірінде жарияланған "Уақыт қайтарымы" ғылыми-болашақтық романының "Әке өсиеті" делінген ықшам нұсқасы үшін жылдың соңында журнал бетінде жарияланған ғылыми-болашақтық шығармалардың үздігі - лауреаты атанады. "Жаңбыр жауғанда" ғылыми-болашақтық романының журналдық нұсқасы сол 1977 жылы "Жалын" баспасынан жарық көрген "Жібек жел" жазушылар жинағына енді. Осындай шығармашылық жетістіктерінен кейін Жүніс Сақұрпағы 1971 жылдан өзі бастап жазған авторлық сериялы ғылыми-болашақтық романдарын жеке-жеке кітап етіп шығару жолына түсті.

Әбдіраман Шәмшиден, педагогика ғылымының докторы, профессор

http://nblib.library.kz/elib/Sait/NauBibUKAZ/%D0%91%D0%B8%D0%BE%D0%B1%D0%B8



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу