Ж.Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 16-сабақ.
Мен кіммін?
Танымдық ойынға өз еркімен алдымен бір оқушы шығады.
Ойынға шыққан оқушы маңдайына жабыстырылған стикерден басқалардың суреттеуі бойынша «Дабыл» әңгімесінен берілген жұмбақ кейіпкердің кім екенін табады.
Ойынға қатысушылар жұмбақ кейіпкерді портреті, іс-әрекеті, мінез-құлқы т.б. арқылы әр қырынан суреттеп, ойыншының тез таба қоюына мүмкіндік бермеуге тырысады.
Кем дегенде 3-4 оқушы ойнайды.
Cабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы
Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау
Журналистік сұрақтар
«Адамзаттың ғарышқа ұмтылуы - қай заманда болсын қоғамның негізгі мәселесі» тақырыбы бойынша журналистік сұрақтар құрастырыңыз.
Топ ішінде мына алты сұрақ қойыңыз : Кім? Не? Қайда? Қашан? Неге? Қалай?
Сұрақтар Ж.Сахиевтің «Дабыл» және «Айдағы жасырынбақ» әңгімелерін басшылыққа алып, тақырыпты әртүрлі қырынан зерттеуге және қарастыруға мүмкіндік беретін жауаптарды қамтуы тиіс.
Әрбір сұрақ жаңа сұрақтарды дамытуға немесе құрастыруға қолданылуы мүмкін.
Сұрақтарды құрастырып болғаннан кейін, басқа топтардың жауаптарын жазып алыңыз.
Өз тобыңызға келіп бөлісіп, ойларыңызды жинақтаңыз.
Топтық бағалау
Зерттеу сұрақтарын құрастырады
Ақпараттағы ақаулық
Тапсырманы жұппен орындаңыз.
1-оқушы «Айдағы жасырынбақ» әңгімесінің үзіндісін, 2-оқушы «Дабыл» әңгімесінің үзіндісін алыңыз.
Жұптағы оқушы бір - біріне өз үзіндісіне қатысты түсініктеме беріңіз.
Осыдан кейін шығарма кестесін толтырып, екі шығарманы салыстырыңыз.
Мәтіндік зерттеу
1-қадам. Дәптерлеріңізге үзінділердің өзіңізге ерекше әсер туғызған бөліктерін іріктеп жазып алыңыз. Жазған бөліктер бойынша жұпта пікір алмасып, ой бөлісіңіз.
2-қадам: Пікір алмасып, талдағаннан кейін төмендегі кестені толтырып жазыңыз:
Өздік бағалау
Рефлексия
Үй тапсырмасы
Ж.Сахиевтің «Дабыл» фантастикалық әңгімесін оқу;
Ж.Сахиев фантастикасы бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарын жинақтау.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?