М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 26-сабақ.


1-тапсырма. Тұжырымдар талқысы

1-топ

  • Поэманың І бөлімінен алған әсеріңізбен бөлісіңіз;
  • Туған жер, Жетімкөлдің сұлулығы,аққудың үні, қасиеті, айнала қоршаған ортамен үндестігі, ақынның сезімін сипаттаңыз;
  • Сызат, алау сөздерінің мағынасын түсіндіріңіз.

2- топ

  • Ақынның ананың психологиялық жай-күйін жеткізуі;
  • Ананы қасиетті аққуға оқ атуға итермелеген күш;
  • Баласының ана отыр күйін бағып –деген өлең жолындағы «күй» сөзінің мағынасын түсіндіріңіз.

3-топ

  • Осы бөлімдегі жылқышы мен ананың диалогін екі оқушы кезекпен мәнерлеп оқиды;
  • Білмеймін сор аттың ба,бақ аттың ба ?Аққуға кезенерде ырым жасап,Тым құрыса саусағыңды қанаттың ба?-деген жылқышы қарттың сөзінің мағынасын түсіндіріңіз;
  • Қасиет, қасірет сөздерінің мағынасын түсіндіріңіз.

2-тапсырма. Талдап білу

Оқушыларға «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының мәтіні таратылады.

Оқушылар топ ішінде өзара атқаратын қызметтерін бөліп алады. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының экспозициясын бірінен соң бірі оқиды.

Талқылаушы - «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының тақырыбын, сюжетін талдайды.

Белгілеуші - Оқиғаның басталуы бойынша сұрақ дайындайды. (Жетімкөл туралы аңыздар.Көл еркесі – сұлу аққулар.)

Байланыстырушы - поэмадан алынған үзіндідегі мәселені өмірмен байланыстырады.(Ауру бала, тәуіп айтқан ем.)

Топ шешені - шығарма оқиғасының шиеленісуіне байланысты сөйлейді, ана махаббаты туралы мақал-мәтел айтады (Аққуды атқан ана. Астан – кестен көл беті.)

Қорытындылаушы- оқиғаның шарықтау шегі мен шешіміне қорытынды айтып, баға береді. (Аққудың киесі. Жалғыз ұлдың өлімі. Кие қасіретін тартқан ана.)

3-тапсырма. ПОПС формуласы

«Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы тағдырына мойынсынған ана : «Аққулар,кешіріңдер,жазықтымын!

Қараймын керуеніңе қажып бүгін.

Адасып кетті-ау бірге сендерменен,

Алапат күшім менен нәзіктігім,- деп өз қателігін түсініп, табиғат Ананың алдында бас иді» деген тұжырымға пікір білдіріп, қорытынды жазыңыз.

  • Менің ойымша, ...
  • Себебі, мен оны былай түсіндіремін ...
  • Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын...
  • Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім .


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу