Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» романы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 13-сабақ.


Сабақ жоспары

САБАҚ: 13

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» романы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты

8.1.3.1Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу.

Сабақтың мақсаты

Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктейді.

Бағалау критерийлері

  • көркем шығарма кейіпкерлеріне мінездеме бере алады;
  • тура және жанама мінездеуді ажырата алады;
  • шығармадағы кейіпкерлерді сомдайды.

Тілдік мақсаттар

Тура мінездеу, жанама мінездеуғ көркемдік тәсіл, кейіпкер портреті, жаңымды, жағымсыз бейне, т.б.

Осыған дейін меңгерілген білім

Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя»

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Дереккөздер

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылар назарын сабаққа аудару
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
  • Топқа бөлу. «Стикер түсі бойынша»
  • Кейіпкерлер мінезіне талдау жасау.

ІІ.Қызығушылықты ояту «Миға шабуыл» әдісі

Бір оқушы тақтаға шығып,осы сыныптағы бір оқушыға мінездеме беру арқылы, тура және жанама мінездеме анықталады.

1.Тура және жанама мінездеу

Тура мінездеу кейіпкердің мінез-құлқын айнытпай, сол қалпында баяндаса, жанама мінездеу оған қатысты құбылыстар мен заттарды суреттеу арқылы қаһарман бейнесін ашып көрсетеді.

Сабақтың ортасы

ІІ.Мағынаны тану

Кейіпкер портреті ТЖ. Мінездеудің қай түріне жатады?

№1

Қалыңдықкіргенде, күйеу жағы ізет көрсетіп, орнынан тұрып қызды аялап қарсы алатын салтымыз ғой. Аюбайлар абыржып оны да ұмытқан көрінеді. Әпкемдер кіріп келгенде, орнынан тұрып қарсыала алмапты.Оң босағада отырған қызға бұдан артық қорлық болсын ба, онсыз да ызаға булығып келген әпкем лезде тәкаппарланып кеткен екен. Жігітке қол ұсынбақ түгілі мінін бетке басады.-Жатыстарыңызға береке берсін. Жау қайтарғандай қалжырап қалған екенсіз, мазаларыңды алмайық. Қызға сөз салардан бұрын, сөз мәнісін түсінер болар еді. Сөз қадірінұқпаған, өз қадіріне қалай жетпек. Кешіріңіздер, -деп бұрылып жүре береді.

№2

 Аққұл жақындағанда, жиналғандар жапырылып жол берді. Бәрі қолдарын кеудесіне қойып, құрмет көрсетіп тұр. Ақкұл ерде маңғаз отыр екен. Жиналғандардың көбін көзіне де ілген жоқ. Маңдайын ақ орамалмен шарт түйіп алыпты. Бешпетінің жеңі түрілген. Түкті білегінің тамырлары адырайып тұр. Селдірлеу ұзын сақалы кеудесіне түседі. Белін жалпақ кемер белдікпен мықтап буынған. Денесін алға ентелете тастап ер үстінде еркін отыр. Жайдақ табан қырым етік киген екен. Үзеңгіге бос тастапты. Ол бірден ауыл ортасында бір топ кісімен тұрған әкеме тура тартты. Саусақтарының ұшымен ғана тізгінді іркіп еді, астындағы атының қос құлағы қайшыланып, кең танауы желбіреп барып кідірді. Маған ер-әбзелі ақ күміспен көмкерілген боз айғыр мен иесі ақ сақалды Аққұл екеуіосы сәтте бір тұтас құйылған сом мүсіндей сезілген еді.

Оқушылар кейіпкерлерге портреттік

мінездеме береді.

Бағалау критерийі:

Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу

Дескриптор:

Көркем шығарманы біледі;

Шығармадағы кейіпкерлерді сомдай алады;

Кейіпкерлердің тура және жанама мінездеулерін жіктейді;

Тапсырма

Т. «FILA толтыру» әдісі көркем шығармадағы кейіпкердің образдық тұлғасын ашуға бағытталады. F /Кейіпкер/ – шығармаданкейіпкер бейнесін ашатын деректер жинау

I /Идеясы /– кейіпкер туралы өзінің ой, пікірі, шығарманың идеяы.

L /Көзқарас/– кейіпкердің образдық тұлғасын ашатын сұрақтар

A /Іс-әрекет/– автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілі .

Кейіпкер

Іс-әрекет

Неліктен автор осы кейіпкерді шығармаға кірістірді?

Сіздің беретін бағаңыз

Сабақты бекіту

Рөлдік ойын. Әжесі Қыстумас, әпкесі Әлиман, т.б. рөлдерін сомдау

Сабақтың соңы

Үй тапсырмасы

Орыстармен бірігіп егін салған кездерін оқып келіңдер.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу