Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік – Кебек» дастаны. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 2-сабақ.


Қосымша дидактикалық материалдар

Ш.Құдайбердіұлы поэмалары

Ш.Құдайбердіұлы - поэма жанрында да жемісті еңбек еткен қаламгер. Ол 19 ғасырдың 2-жартысында Абайдан бастау алатын реалистік үлгідегі оқиғалы дастан дәстүрінің дамуына елеулі үлес қосты. Оның қаламынан қазақтың ертеректегі өмірінен алынып жазылған «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» атты поэмалар туындады. Жаңа тұрпатты қазақ поэмаларының алғашқылары Абайдың «Eскендірі» мен «Масғұты» десек, одан кейінгі Ақылбай мен Мағауияның, Әсет пен Көкбайдың, Шәкәрімнің дастандары Ұлы Абайдың ақындық ықпалымен, шығармашылық тәлім-тәрбиесімен жазылған туындылар еді. Абай ең алдымен өзінің айналасындағы Шәкәрім тәрізді жастарды жаңа үлгідегі поэмалық өрісін кеңейту ісіне жұмылдырды. Тіпті кейбіреуіне өз жанынан тақырып беріп, жазғандарын талқыға салып, сынынан өткізіп отырды. Соның нәтижесінде Шәкәрімнің лирикалық поэзияда меңгерген көркемдік шеберлігі мен жетістіктері оның поэмаларының табиғатынан да айқын көрініп жатады. Оның дастандарына шыншылдық, суреткерлік, терең психологизм, әлеуметтік астарлылық, философиялық ой-тұжырым кеңдігі тән болып келеді. Ақынның «Еңлік-Кебек» дастаны тікелей Абайдың тапсыруымен жазылған. Ұлы ұстаз Еңлік пен Кебек арасындағы оқиғаны өлеңмен жырлап шығуды Шәкәрім мен Мағауия ақынға қатар тапсырады. Соның нәтижесінде ғашықтық туралы екі дастан өмірге келеді. Кeзінде Абай екі дастанды салыстырып, әрқайсысына лайықты баға берген.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу