Төлен Әбдіков «Қонақтар». Қазақ әдебиеті, 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

САБАҚ: 5

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі 5-сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.Б/С4.Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу.

Сабақтың мақсаттары

Бұл сабақта оқушылар шығармадағы құндылықтарды талқылай отырып, шығармаға сыни тұрғыдан баға беріп, эссе жазады.

Бағалау критерийлері

7.Б/С4.

  • Шығарманың құндылығын талқылайды;
  • Шығармаға баға беріп, сыни эссе жазады;

Тілдік мақсаттар

Әдеби тіл нормаларын сақтайды.

Пән лексикасы және терминология:Алагеуім, апақ – сапақ, жолай, шақша, ноқта, сағағы,көлегейлеп, қынжылу, қитар Теңеу: Ерекең жаңа қаз тұрған балаша тәлтіректей көтерілді. Аяқ - қолы шидей. Жаулықтай үлкен ақ орамалының шетімен көзін сүртті. Сапабек балаларды өзіне қаратқан мұғалімдей жастар жағын көзімен шолып өтті.Тұрақты тіркестер: Міз бақпады – беті шімірікпеді, бедірейіп тырп етпеді.Ләм - мим демей – үндемеу (жұмған аузын ашпау)Басым сынып – ауырыпШаш етектен - пайдасы молҚолыңның қаруы бар ғой – күшті, әлдіМызғып - аз ғана ұйықтап алу (көз шырымын алу)Көз ілінді - ұйықтап кетуШыбын шіркей боп жүреді – барынша күтедіДисфемизм: алжыған, оттаған, қаңғыбас, омалыпМақал - мәтел: қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін;

Осыған дейін меңгерілген білім

Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылар назарын сабаққа аудару
  • Кезекшімен сұхбат
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

ІІ.Қызығушылықты ояту

  • «Ата-ананы сыйлау- адамдардың парызы» берілген оймен келісесіздер ме? Неліктен?
  • Шығарма қай жанрда жазылған?

Сабақтың ортасы

7 минут

30 минут

Тапсырма. №1

ЖЖ. Оқушыларға әдеби шолу жазу үшін жұппен талқылауға сұрақтар таратылады. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын толықтырып, сыни шолу жұмысын жазады. Талқылау сұрақтары «Өрмекші өрмегін құру» әдісі бойынша жүргізіледі.

«Өрмекшінің өрмегін құру» әдісі

1.Оқушыларды дөңгелетіп тұрғызу.

2.Бір оқушының қолына жіп бумасын ұстату.

3.Ол жіпті өрмекті шырмалатындай қалыпта қалауынша екінші оқушыға сұрақ қойып лақтырады.

4.Осылайша сыныптың барлық оқушыларына тақырып бойынша пікірлерін айтуларына мүмкіндік беріледі.

Талқылау сұрақтары:

1

Сапабек өзінің әке –шешесіне деген перзенттік сағынышын, махаббатын таныта алды ма?

2

Ерекеңнің түнімен мазасызданып шығуының себебі неде?

3

Жазушы ақсақалдың көңіл-күйін қалай берген? (Кітаптан тауып оқу)

4

Ерекең баласынан қандай үміт күтіп еді, үміті ақталды ма, әлде ақталған жоқ па?

5

«Баланың ата-ана алдындағы азаматтық парызы» дегенді қалай түсінесіңдер?

Анықтама

Шолу дегеніміз - болған оқиға мен құбылысты қадағалау және ол туралы көпшілікке ақпарат беру.

Әдеби сын -көркем шығармаларды талдап, баға беріп , олардың идеялық-көркемдік мәнін әдебиеттегі орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының негізгі бір саласы

Бағалау дескипторлары

  • Шығарманың құндылығын түсінеді;
  • Талқылау сұрақтарына жауап береді;
  • Сұрақтарға жауап беруде аргументтер келтіреді;

Тапсырма №2

Төменде берілген тақырыптардың бірін таңдап, 150-200 сөз көлемінде сыни эссе жазады.

  • «Мен ата-анам алдындағы перзенттік борышымды қалай түсінемін?»
  • «Менің ұғымымдағы азаматтық парыз»

Бағалау дескрипторлары

  • Тақырып бойынша эссе жаза алады;
  • Эссенің құрылымдық ерекшелігін сақтайды;
  • Эссе жазуда сөз санын сақтайды;
  • Шығармаға сыни баға береді;

http://bilimland.kz/kk/content/lesson/7979-7_tolen_abdikov_qonaqtar_anggimesi

(Т.Әбдіков «Қонақтар» шығармасының аудио жазбасы)

Сабақты бекіту

5 минут

Ой толғаныс

Оқушылар эсселерін сыныпта оқып, талдайды.

Сабақтың соңы

Рефлексия

«Сұрақ-жауап» әдісі

1.Бүгін сіз үшін не маңызды және қызықты болды?

2. Сіз қандай сұрақтар бойынша нақты жауап алдыңыз?

3. Сіз үшін бүгін не қиын болды?

4. Сіз психологиялық ортаны қалай бағалайсыз?

5. Сіз үшін не жеткіліксіз болды?

Үй тапсырмасы

Шығарма желісі бойынша «Блум түймедағына» негізделген сұрақтар құрастыру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу