Толғауы тоқсан қызыл тіл. Шортанбай Қанайұлы «Зар заман». Қазақ әдебиеті, 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ: 6

Мектеп: Қарағанды қ.ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Есенжолова А.О.

Сынып:7L1

Қатысқан оқушылар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

1-БӨЛІМ: Толғауы тоқсан қызыл тіл

Шортанбай Қанайұлы «Зар заман»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

Б/С3. Әдеби эссе

Сабақ мақсаты

7.Б/С3.Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.

Құндылықтарды игерту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, академиялық әділдік.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс

Мәдениеттану, тарих: ХІХ ғасырдағы тарихи оқиғалар, фольклористика

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint

Бағалау критерийлері:

Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады;

Эссеге қойылатын талаптарды қатаң сақтайды.

Дескрипторлар:

- Эссенің кіріспе бөлімінде не туралы жазылатынын біледі;

- Негізгі бөлімінде не туралы жазылатынын біледі;

- Қорытынды бөлімінде не жазылатынын біледі;- Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдайды.

Тілдік мақсаттар:

Тілдік мақсаттарыңызды белгілеңіз, соның ішінде қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерге мысалдар келтіріңіз.

Зар заман ұғымы,отарлаушылардың озбырлығы мен сұрқия саясаты

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: зар заман, тар заман, азулы, азусыз, хал кету, пара алу, тәубеден жаңылу т.б.

Пән лексикасы және терминология:

Мен ..............+ і.с. жұмысын «жетті» деп бағаладым, себебі....

Осыған дейін меңгерілген білім

Зар заман, зар заман ақындары туралы білетіндері сұралады.

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Дереккөздер

Дид.материал

Басы

6 мин

Ортасы

31 мин

Қызығушылықты ояту

Cабақ басталмас бұрын мұғалім оқушылардың өткен сабақта “Ақынға айтарым” деген тақырыпта жұбымен жеке параққа жазып келген хаттардың үздігін тақтаға іліп қояды. Оқушылар оқып танысады.

Миға шабуыл

Оқушылар шеңберде тұрып, эссе деген не, оның қандай түрлері бар, эссе жазуға қойылатын талаптар қандай? деген тақырыпта үй жұмысы бойынша қайталап келген тақырыптарын ортаға салады.

Оқушыларға оқу мақсаты мен бағалау критерийлері, дескрипторлар түсіндіріледі.

Оқушыларға әдеби эссенің ерекшеліктері жайлы мәтін таратылады. Олар оқып танысқан соң әдеби эссе жазады.

Әдеби эссе

Әдеби эссе басқа эссе түрлеріне ұқсамайды. Біріншіден, ол әдеби шығармаларға негізделген. Екіншіден, автордың айтқысы келген идеяларын болжап түсінуге негізделген, яғни түсіндірмені қажет ететін пікірталас немесе жұмбақты табуды қажет етеді. Таңдаған шығармаңызға басқа көзбен қарасаңыз, ерекше қолданылған әдеби жанрлар, күтпеген сюжеттер мен оқиғаларға, тіл ерекшеліктеріне толы болады.

1-тапсырма Ж.

Шортанбай Қанайұлының шығармашылығынан алған біліміңізді бүгінгі күнмен үндестіріп, «Қазақстан кеше, бүгін ...» тақырыбына 200-250 сөз көлемінде әдеби эссе жазыңыз.

«Жылжымалы қалпақ»

А4 парағы

Кері байланыс

Тапсырманы орындау қаншалықты қиын болды?

Келешекте неге назар аударар едіңіз?

Соңы

3 мин

Үйге тапсырма: Сүйінбай Аронұлының өмірі мен шығармашылығы туралы оқып келіңіз.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл сабақта дифференциацияны сабақтың негізгі кезеңінде оқу мақсатына лайықтап жүргіздім.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Оқушылардың жаңа сөздерді, ақпаратты түсінегіндігін кері байланыс және жетістік критерийлері арқылы тексеремін.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу