алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

О.Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, дидактикалық материал.


Мұғалімге арналған қосымша ақпарат

Бұл тапсырмаларды топтар талдап, орындап болған мәтіндермен ауысады, «карусель» тәсілі бойынша сағат тілімен жылжып отырады. Тапсырманы қорытындылау мақсатында барлық сынып төмендегі кестені сәйкестендіреді.

Сюжеттің басталуы

Сюжеттің байланысы

Сюжеттің шиеленісуі

Сюжеттің шегі

Тортай мінер ақ боз ат... Менің тақымымда кеткендей еді...

Тортай мен Ораштың достығы

Тортайдың түсі

Салықсалған ауылының көрінісі

Сюжеттің шешімі

Тортайдың үйінен кетуі

Бұл тапсырма жұппен/топпен/сыныппен орындалады.

Саралау тапсырмасы

Оқушыны қызықтыру мақсатында «арманы орындалмаған қандай ерекше оқиға есіңде қалды деген сұрақ бойынша үйдегі үлкендерден сұхбат алу» тапсырмасы беріледі. Тапсырма қабілеті жоғары және мұғалім қолдауын қажет ететін оқушыларға да беруге болады. Арманның орындалмау себебін өзіне талдату арқылы шығарма идеясын анықтатамыз.

Не үшін сөйлеу керек?

Бос жұмыс дәптері немесе сабақ «өнімінің» болмауы әдетте тапсырманы орындамау болып саналады . Бұл мектепті бағалау барысындағы есептілік және тексеру үдерісімен қуатталған пікір, сабақ үстіндегі тапсырма немесе оқу се зінерлік болу керек деген ойға жетелейді. Көрсетуге болатын «нәтиже» болуы керек. Көптеген зерттеулер мен жеке тәжірибе көрсетіп отырғандай, түсіну өз бетінше ғана пайда болмайды, ол – анағұрлым тиімдірек жазбаша сөзден немесе бір нәрсе жасау кезінде де орын алады.

Демек оқу, тереңдетілген оқу міндетті түрде материалдық дәлелдермен қосақталып жүру керек деген пікір дұрыс емес болып шықты.

Орыс психологы Лев Выготский сөйлеу мен ойлау өзара тығыз байланысты деп жазған. Сөйлеу үдерісі бізге дүниені тану үшін қолданатын ойларымызды айту және тұжырымдамаларды дамыту арқылы білім алуымызға көмектеседі. Қарым-қатынас және түсіну тәжірибе барысында жақсарады. Демек түсінуді дамыту үшін сөйлеу қабілеті өте маңызды.

Әрине құр сөйлесудің өзі жеткіліксіз – әңгіме дамытуды қажет ететін пәнге шоғырланған болуы керек. Шоғырланбаған жазу шоғырланбаған нәтижелерге әкеліп соғады, талқылаулар мен пікірталастар ақиқаты сондай. Бұл жинақта көрсетілген тапсырмалар оның нысаналы, құрылымдалған (немесе әдейі құрылымдалмаған) және оқушылар мен параметрлерге сәйкес келетін болуы үшін, әңгімеге қолдау және көмек көрсетуге бағытталған . Сонымен қатар мадақтау мен бағалаушы әңгіме ақпарат береді; тыңдау мен сөйлеу сияқты, қарым-қатынас жасау өте маңызды.

[attachment=27685:aza-debieti_6-synyp_3-tarau_1-saba_-malimge-arnalan-nsauly_1-nsa.docx]
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Ультракүлгін лак кептіргіштер қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін 02.02.2023
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы