Абай қарасөзінің тәрбиелік мәні. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

Абай қарасөзінің тәрбиелік мәні

6.2.3.1 - шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау

Оқу мақсаты:

Сабақ мақсаттары:

Жазылымда аллегорияны қолданып, екі түрлі кейіпкермен диалог құрастыра алады.

Көркем ауыстыруларды қолданып, екі түрлі кейіпкерді айтыстырады.

Үзіндіні жалғастыра отырып, теңеулерді, көркем ауыстыруларды қолданады.

Бағалау критерийлері:

үзіндіні көркем тілмен жалғастырады;

теңеулерді, көркем ауыстыруларды дұрыс қолданады

шығармадан теңеулерді табады;

Ой шақыру

Әдебиетте неліктен көркем ауыстырулар қолданылады?

Көркем ауыстырулардың қандай түрлерін білесіздер?

Абай шығармаларынан мысал келтіре аласыздар ма?

1-тапсырма

Жануарлардан екі кейіпкер ойлап табыңыз (Мысалы: Тұлпар мен Есек). Бірін ақылды, екіншісін надан адамның бейнесінде диалог құрастырыңыз.

Бағалау критерийлері:

Жазылымда аллегорияны қолданады;

екі түрлі кейіпкермен диалог құрастыра алады.

2-тапсырма

Абайдың Тән құмары мен Жан құмарын екі кейіпкер бейнесінде бір-бірімен айтыстырыңыз. Олар адам үшін өздерінің маңыздырақ екенін айтып талассын.

 

Бағалау критерийлері:

Көркем ауыстыруларды ажыратады;

екі түрлі кейіпкерді айтыстырады.

3-тапсырма

«Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады ...» Үзіндіні өз ойыңызбен жалғастырып, 50-60 сөзден тұратын мәтін құраңыз. Жазбаңызда теңеулерді, көркем ауыстыруларды көбірек қолданыңыз.

 

Бағалау критерийлері:

Берілген үзіндіні өз ойымен жалғастыра алады;

жазба жұмысында теңеулерді, көркем ауыстыруларды қолданады.

Кері байланыс:

«Ойды аяқта»

Бүгін мен білдім ...

Мен үйрендім ...

Қиындық тудырды ...

Қолымнан келді ...

Бағалау: «Өзіңді-өзің бағала»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу