Абай қарасөзінің тәрбиелік мәні. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Әдебиет

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: .

Сынып: 6Т1

Қатысқан оқушылар саны: 20

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Абай қарасөзінің тәрбиелік мәні

Оқу бағдарламасына сілтеме:

6.2.3.1 - шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың барлығы орындай алады:

Жазылымда аллегорияны қолданып, екі түрлі кейіпкермен диалог құрастыра алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Көркем ауыстыруларды қолданып, екі түрлі кейіпкерді айтыстырады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Үзіндіні жалғастыра отырып, теңеулерді, көркем ауыстыруларды қолданады.

Тілдік мақсат

Бүгін мен білдім ...

Мен үйрендім ...

Қиындық тудырды ...

Қолымнан келді ...

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Бағалау критерийлері:

  • шығармадан теңеулерді табады;
  • үзіндіні көркем тілмен жалғастырады;
  • теңеулерді, көркем ауыстыруларды дұрыс қолданады.

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Өзгеге құрметпен қарау, жаман әдеттерден арылу

Пәнаралық байланыс

Әдебиет

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтамен жұмыс

Осыған дейін меңгерілген білім

6.3.1.1-шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру;

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Басы

5 минут

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Қызығушылықты ояту

1. «Ең,ең...»

Сабақ басталмас бұрын парта ұяшықтарына түрлі сұрақтар жазылған стикерлер жабыстырылады. Оқушылар сол сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар:

  • Сіздің ең сүйікті ақыныңыз кім?
  • Абай шығармаларынан ең қатты ұнайтыны қайсы?
  • Адамды бұзатын ең жаман қасиеттерді атаңыз.
  • Адамды бақытқа жетелейтін ең ізгі қасиеттерді атаңыз.

Оқу мақсаты, бағалау кр таныстыру, талқылау

Ортасы

3 минут

7 минут

20 минут

Ой шақыру

  • Әдебиетте неліктен көркем ауыстырулар қолданылады?
  • Көркем ауыстырулардың қандай түрлерін білесіздер?
  • Абай шығармаларынан мысал келтіре аласыздар ма?

«Тауып көр!»

Берілген үзіндіден теңеулерді табыңыз. Ол теңеулердің қолданылу себебін түсіндіріңіз.

 ... Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. Жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен де жақсы қарамадық, көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу кеткенін айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: «Ой, тәңірі-ай, кімнен кім артық дейсің!» - дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз.

 Жауабы: ұзақтай, қарғадай

Дифференциациялық тапсырма.

Жеке жұмыс

А деңгей

Жануарлардан екі кейіпкер ойлап табыңыз (Мысалы: Тұлпар мен Есек). Бірін ақылды, екіншісін надан адамның бейнесінде диалог құрастырыңыз.

Бағалау критерийлері:

  • Жазылымда аллегорияны қолданады;
  • екі түрлі кейіпкермен диалог құрастыра алады.

В деңгей

Абайдың Тән құмары мен Жан құмарын екі кейіпкер бейнесінде бір-бірімен айтыстырыңыз. Олар адам үшін өздерінің маңыздырақ екенін айтып талассын.

Бағалау критерийлері:

  • Көркем ауыстыруларды ажыратады;
  • екі түрлі кейіпкерді айтыстырады.

С деңгей

«Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады ...» Үзіндіні өз ойыңызбен жалғастырып, 50-60 сөзден тұратын мәтін құраңыз. Жазбаңызда теңеулерді, көркем ауыстыруларды көбірек қолданыңыз.

Бағалау критерийлері:

  • Берілген үзіндіні өз ойымен жалғастыра алады;
  • жазба жұмысында теңеулерді, көркем ауыстыруларды қолданады.

http://www.abay.nabrk.kz

https://www.youtube.com/watch?v=bDdkVPxQX2Q

Сабақтың соңы

5 минут

Бағалау: «Өзін-өзі бағалау»

Оқушы бағалау критерийлеріне сүйеніп, өзін бағалайды.

Кері байланыс:

«Ойды аяқта»

Бүгін мен білдім ...

Мен үйрендім ...

Қиындық тудырды ...

Қолымнан келді ...

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Қабілеті жоғары оқушылар дифференциациялық тапсырмаларды

орындайды.

Оқушылардың бірін-бірі бағалауы, өзін бағалауы, мұғалімнің бағалауы түрінде тексеріледі.

Әдебиет,тарих пәндерімен байланыста өткен бұл сабақта АКТ қолданылып, оқушылар сыныпта өзара құрмет пен шығармашылықпен жұмыс жасайды.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1

2

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу