алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

«Аяз би» ертегісі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Әдебиет

Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Тулегенов М.Б.

Сынып: 6Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

«Аяз би» ертегісі

Оқу бағдарламасына сілтеме:

Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні

6.1.1.1. Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың барлығы орындай алады:

Ертегінің сюжеті мен фабуласын анықтай алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Ертегінің сюжеті мен фабуласына талдау жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:

Ертегінің сюжеті мен фабуласына талдау жасай отырып, жанрлық ерекшелігін ажыратады.

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Бағалау критерийлері:

  • әдеби шығарманың жанрын ажыратады;
  • әдеби шығарманың фабуласы мен сюжетін анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Фольклор, ертегі, фабула мен сюжет, жанр

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Құрмет, ынтымақтастық

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі, өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтамен жұмыс

Осыған дейін меңгерілген білім

Ертегі және оның түрлері туралы біледі.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Психологиялық ахуал

– Балалар, айналамызда көңіл күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік!

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі- көңіл ажары !

Күліп өмір сүрейік!

Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

Слайд

Ортасы

3 минут

7 минут

15 минут

5 минут

Қызығушылықты ояту

Қоға Шеңгел

Қырғауыл Сауысқан

Бұл суреттердің сабаққа қандай қатысы болуы мүмкін?

«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі

1.Фольклор дегеніміз не?

2.Ауыз әдебиетінің үлгілерін ата.

3.Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің айырмашылығын ата.

4. Ертегі дегеніміз не? Түрлерін атаңыз.

Топтық жұмыс

1-қадам: Топтарға тақырыптар ұсынылады.

1-топ: Хан тапсырмасы

2-топ: Хан сынағы

3-топ: Жаманның үйленуі

4-топ: Қырық уәзірдің іштарлығы

5-топ: Жаманның тапқырлығы

2-қадам: Әр топ өз тақырыптарына композициялық-сюжеттік талдау жасайды.

1. Оқиғаның басталуы.

2. Оқиғаның дамуы.

3. Оқиғаның шиеленісуі.

4. Оқиғаның шарықтау шегі.

5. Оқиғаның шешімі.

3-қадам: Әр топ берілген тақырып бойынша мазмұнды сурет салады.

4-қадам: Жанрлық ерекшелігіне талдау жасайды (көлемі, сюжеті, кейіпкерлері)

Дескрипторлар:

  • композициялық-сюжеттік талдау жасайды;
  • тақырып бойынша мазмұнды сурет салады;
  • жанрлық ерекшелігіне талдау жасайды.

Жеке жұмыс

«Менің пікірім» кестесін толтыру

Үзінді

Беті

Сұрақ

Менің пікірім

Дескрипторлар:

  • үзінді келтіреді;
  • үзінді берілген бетті көрсетеді;
  • нақты сұрақ дайындайды;
  • өзіндік көзқарасын танытады.

Слайд

Сабақтың соңы

5 минут

Үйге тапсырма: «Аяз би» ертегісін оқу.

Кері байланыс:

«3-2-1»

Cабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

Сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;

Сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.

Слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Қабілеті жоғары оқушылар дифференциациялық тапсырмаларды

орындайды.

Оқушылардың бірін-бірі бағалауы, өзін бағалауы, мұғалімнің бағалауы түрінде тексеріледі.

Қазақ тілі, тарих пәндерімен байланыста өткен бұл сабақта АКТ қолданылып, оқушылар сыныпта өзара құрмет пен шығармашылықпен жұмыс жасайды.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқушылардың соңғы қоңырау мерекесі 1 маусымда өтеді 05.02.2023
» Ультракүлгін лак кептіргіштер қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін 02.02.2023
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы