«Аяз би» ертегісі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Әдебиет | Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Тулегенов М.Б. | ||||||||||||||||||||
Сынып: 6Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | «Аяз би» ертегісі | ||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сілтеме: | 6.2.2.1. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру. | ||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: | Оқушылардың барлығы орындай алады: Ертегінің тақырыбы мен идеясын түсінеді. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Ертегідегі әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді идеясы арқылы дұрыс анықтайды. Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: Әдеби шығарманың идеясын өз көзқарасы негізінде жеткізеді. | ||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі: | Жаңа сабақ | ||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері: |
| ||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Тақырып пен идея | ||||||||||||||||||||
Сабақта қамтылатын құндылықтар | Құрмет, ынтымақтастық | ||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі, тарих | ||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтамен жұмыс | ||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | «Аяз би» ертегісі | ||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||||||||
Басы 5 минут | Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу Психологиялық ахуал Оқушылар шеңбер бойымен тұрғызып, Аяз бидің бойындағы өздеріне ұнаған қасиеттерді айтып шығады. Оқушыларды «Тақырып», «Идея», «Қоғамдық», «Әлеуметтік» қимақағаздары арқылы топқа бөлу Оқушыларды сабақ мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру | ||||||||||||||||||||
Ортасы 5 минут 20 минут 5 минут | Ой шақыру
Топтық жұмыс «Джигсо» әдісі 1-қадам: Ертегідегі көтерілген мәселе қаншалықты өзекті? (Оқушылар пікірі тыңдалады) 2-қадам: Оқушыларға тақырыптар ұсынылады. Мәтін бөліктеріне сай топ мүшелерінің әрқайсысы тапсырмаларды бөліп алып, топпен үзіндінің тақырыбы, идеясы, әлеуметтік, қоғамдық мәселесіне талдау жасайды. 1-топ: Хан тапсырмасы 2-топ: Хан сынағы. Жаманның үйленуі 3-топ: Қырық уәзірдің іштарлығы 4-топ: Жаманның даналығы 3-қадам: Мазмұн жинақтау топтарына қайта бөлінеді (топтағы рет санына байланысты, мысалы, 1-нөмірдегілер 1-топқа т.с.с.). Бұл топқа келген оқушылар өз топтарында жасаған талқылау жұмыстарын біріктіріп, ертегінің ортақ тақырыбы мен идеясын, көтерілген әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді шығарады. 4-қадам: Осы топта өздері оқып, талдап келген үзіндіге талқылау жасайды, топ мүшелеріне түсінікті жеткізудің жолдарын белгілейді. 5-қадам: Өз топтарына барып, сараптау тобында талқылап келген тапсырмасын түсіндіреді, өзара сұрақтар қояды. Олар ертегінің басты тақырыбы мен идеясын түсіндіретін карталарын (кестелерін) жасайды. Топтарда жасалған карталардың (кестелердің) мазмұнын талқылайды.
Дескрипторлар:
Қалыптастырушы бағалау. Топтық бағалау Топтар өзара бағалауды стикерге жазу арқылы жүзеге асырады. Жеке жұмыс 1-тапсырма Шығарма бойынша берілген кестені толтыр.
2-тапсырма «Түйінді ой» әдісі Оқушы ертегі туралы түйінді ойын екі сөйлеммен жеткізеді. | ||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Үйге тапсырма: Рөлдік ойындар дайындап келу. Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі | ||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||||||||||
Қабілеті жоғары оқушылар дифференциациялық тапсырмаларды орындайды. | Оқушылардың бірін-бірі бағалауы, өзін бағалауы, мұғалімнің бағалауы түрінде тексеріледі. | Қазақ тілі, тарих пәндерімен байланыста өткен бұл сабақта АКТ қолданылып, оқушылар сыныпта өзара құрмет пен шығармашылықпен жұмыс жасайды. | |||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?