«Аяз би» ертегісі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, дидактикалық материал.
Қабілеті орташа және қабілеті жоғары оқушылармен төмендегі сұрақтар бойынша жұмыс істеуге болады:
- Ертегінің бас кейіпкері жаман адам ба? Ол хан болуға лайық па?
- Жаман қандай қасиеттерге ие?
- Оған «Аяз би» деп ат қоюда қандай мән бар?
- Ертегіден қандай үлгі өнеге аламыз?
- Сіз Аяз бидің қай қасиетін үлгі тұтасыз?
- Аяз би қандай қасиеттері арқылы мақсатына жетті? Дәлелдеңіз.
- «Ай, Аяз, баймын деп аспа, ханмын деп таспа! Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл!» - деген сөздері арқылы Аяз бидің қандай қасиетін байқайсыздар?
- Өмірде Аяз би секілді ақылмен іс жасайтын адамдар бар ма?
- Аяз би қандай образ?
- Романтикалық образдан айырмашылығы қандай?
- Романтикалық образға ұқсастығы бар ма?
ДЖИК СО стратегиясы — ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты: жалпы мәселені алдымен жұпта сосын ұжымда талқылау. Қолданылуы: Алдымен сынып 4 топқа бөлініп отырады – бұл жұмыс немесе бастапқы топтар деп аталады. Бірдей мәтін бөлігін алған оқушылар енді эксперт немесе жанұя топтарын құрады, яғни эксперт топтар басқа топ құрады, мәтіннің бірдей бөліктерін талдайды. Төрт логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1 – бөлігін бірлер, 2 — бөлігін екілер, 3 — бөлігін үшіншілер, 4, 5- бөліктерін — бесінші және төртінші топқа бөлінетін оқушылар алады. Келесі кезекте бастапқы топтар қайта табысып, үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын ортаға салады.
«Джигсо» әдісі
1-қадам: Ертегідегі көтерілген мәселе қаншалықты өзекті? (Оқушылар пікірі тыңдалады)
2-қадам: Оқушыларға тақырыптар ұсынылады. Мәтін бөліктеріне сай топ мүшелерінің әрқайсысы тапсырмаларды бөліп алып, топпен үзіндінің тақырыбы, идеясы, әлеуметтік, қоғамдық мәселесіне талдау жасайды.
1-топ: Хан тапсырмасы
2-топ: Хан сынағы. Жаманның үйленуі
3-топ: Қырық уәзірдің іштарлығы
4-топ: Жаманның даналығы
3-қадам: Мазмұн жинақтау топтарына қайта бөлінеді (топтағы рет санына байланысты, мысалы, 1-нөмірдегілер 1-топқа т.с.с.). Бұл топқа келген оқушылар өз топтарында жасаған талқылау жұмыстарын біріктіріп, ертегінің ортақ тақырыбы мен идеясын, көтерілген әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді шығарады.
4-қадам: Осы топта өздері оқып, талдап келген үзіндіге талқылау жасайды, топ мүшелеріне түсінікті жеткізудің жолдарын белгілейді.
5-қадам: Өз топтарына барып, сараптау тобында талқылап келген тапсырмасын түсіндіреді, өзара сұрақтар қояды. Олар ертегінің басты тақырыбы мен идеясын түсіндіретін карталарын (кестелерін) жасайды. Топтарда жасалған карталардың (кестелердің) мазмұнын талқылайды.
Бөлімі | Тақырыбы | Идеясы | Қоғамдық-әлеуметтік мәселе |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?