Талдау сабағы. Қазақ әдебиеті, 5 сынып, дидактикалық материал.


 Талдау. Талқылау. Зертттеу

 Қосымша қажетті материалдар:

 

 9. Мультимедиялық таныстырылым «Отбасының функциялары»

 Мысалға ұсынылатын мазмұн. Отбасы – күнделікті өмірде адамдардың арасындағы өзара қатынастардың орнықты жүйесі, ол бірқатар тұтастай функцияларды атқарады. Отбасының функциялары – отбасының тіршілік қызметінің, өз мүшелерінің белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандырумен тікелей байланысты саласы. Отбасының репродуктивтік функциясы – тіршілікті биологиялық тұрғыдан қайта туындату, өмірге балаларды келтіру арқылы оның үздіксіз болуын қолдау. Ол адамзаттың тіршілігін жалғастыру үшін қажет. Отбасының әлеуметтік – демографиялық функциясы (халықтың өсуін жүзеге асыру). Қоғам келер ұрпақтың саны өткен ұрпаққа қарағанда сан жағынан көп болуына мүдделі. Бұл адамның адами-эмоционалдық қажеттілігі де. Баласыз отбасы - толыққанды отбасы емес. Отбасының балаларды бастапқы әлеуметтендіру функциясы – отбасының баланы қоғамға біртіндеп енгізуі, оны осы қоғамға тән барлық заңдармен таныстыру. Туған кезінен бастап бала әкесімен және анасымен жеткілікті психо-әлеуметтік байланыста болса, ол үйлесімді тұлға болып өседі.

 Отбасының тәрбиелік функциясы осының алдындағы функцияға жақын тұр. Отбасы сүйіспеншілік сезімін сіңіріп, балалар мен ата-аналардың бір-бірлеріне бауыр басу, сену сезімдерін қалыптастырады. Әсіресе, отбасылық қатынастардың эмоционалдық негізін құрайтын: үлкендерді, әйелдерді құрметтеу, кішіге, қарт кісілерге қамқорлық көрсету сияқты адами сезімдерді қалыптастырудағы отбасының рөлі орасан зор. Отбасы балаға эмоционалдық тұрғыдан жайлылық пен қорғауда болу сезімін береді. Араласып-сөйлесу, бірге еңбектену, ынталандыру, жазалау, мінез-құлқын бағалай арқылы әсер ету – дұрыс тәрбие берудің кепілі. Отбасының бос уақытты өткізу функциясы да адами тәрбие беруге жәрдемдеседі. Бос уақыт – бұл балалардың дамуы үшін маңызды тәрбиелік, эмоционалдық фактор. Ата-анасымен бірге өткізілген уақыт балалардың мәдени, адамиэстетикалық деңгейін көтеруге, олардың рухани дамуына аса қажет. Отбасындағы қолайсыз жайлардың балаға жағымсыз салдары - психикасының бұзылуы, мінез-құлқының қиындығы, әлеуметтік бейімделмеушілік және девианттық мінез-құлық, одан тек отбасы ғана емес, тұтастай алғанда қоғам да зардап шегеді. Отбасының экономикалық және шаруашылық-тұрмыстық функциясы отбасының биологиялық тіршілік етуін қамтамасыз етуде (тамақ, тұрғын үй, киім-кешек және т.б.). Отбасындағы өмір ең алдымен тұрмыстың материалдық қамтамасыз етілуімен, еңбекке қабілеті жоқ туыстар мен кәмелетке толмағандарға бірлескен материалдық қамқорлықпен байланысты. Отбасының медициналық функциясы немесе отбасы мүшелерінің физикалық денсаулығын қолдау ең алдымен профилактикалық сипатта болады. Ол салауатты өмір салтын сақтаумен, зиянды әдеттерден бас тартумен, демалысты белсенді жағдайда өткізумен, гигиеналық дағдыларды игерумен, сауықтыру іс-шараларын өткізумен тікелей байланысты.

 

[attachment=27300:rd_dm_s2_n1_5_otbasy-ndylytary-1.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу