Талдау сабағы. Қазақ әдебиеті, 5 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

Ақ кимешек астынан сені көрем

Сабақтың мақсаты:

Шығарманың тарихи және көркемдік

құндылығы

ІІ. Мағынаны ажырату

Кубизм әдісі.

Тапсырманы жұпта, топта орындап, сыныпқа ұсыныңыздар.

І. Қолдан

А)Маңызды деректерді еске түсіріп, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.

Ә)Үзіндіде келтірілген құндылықтардың мағынасын ашыңыз.

 

Дескрипторлар:

1.Үзінді мағынасына сай сөздерді дұрыс қолдана алады.

2.Үзіндідегі негізгі құндылықтардың мағынасын түсіндіре алады.

Үзінді

Қай заманда да .... әке мен ананың рөлі орасан зор және оны ештеңемен алмастыруға болмайтын болған. Табиғат пен қоғам әр ер адамды біреуге жұбай, балалардың әкесі болуға, ал әр әйелді біреудің зайыбы, балалардың анасы болуға дайындаған. Некеге тұра отырып .... өзіне орасан зор жауапкершілік – әке болу, отбасына тірек болу жауапкершілігін алады. Әке болу – ер адамның әлеуметтік және адамгершілік кемелдігіне деген сынақ. Некеге тұратын, бірақ әке болудан қорқып, .... немесе оған іштей дайын болмайтын жігіттер қашанда болған. Бала – отбасының беріктігі сыналатын үлкен сынақ. Олардың лайықты физикалық және ...дамуын (тамақтануы мен білім алуын) қамтамасыз ету, балалардың бос уақытын жақсы ұйымдастыру, ата-анаға көмек көрсетуге, балалардың қосымша білім алуына және тағы басқаларға бағытталған еңбек – ата-аналардың алдарында тұрған аса маңызды міндет, міне, осы. Балаларының қасында болғанда ата-анасы өз бойларындағы мейірімділік, адалдық, ... сияқты үздік қасиеттерді танытады.

(қажетті сөздер: қашқақтайтын, ер адам, отбасы, жанашырлық , ақыл-ой)

Сілтеме: “Валеология” Ұлыбритания елшілігі, 80 бет.

2. Зертте

А)Тарихтан, көркем шығармадан қандай әйгілі әжелер мен аналарды білесіздер?

Ә)Олардың халқымызға сіңірген еңбегі туралы зерттеу жасаңыз.

 

Дескрипторлар:

1.Тарих пен көркем әдебиеттегі әйгілі әжелер мен аналардың есімдері мен еңбектерін біледі.

2. Деректер келтіре отырып, зерттеу мәтінін дайындай алады. (1-2 әжеге)

Сергіту сәті: «Аяулы әже» әні https://www.youtube.com/watch?v=PE

 

3.Салыстыр

Автор ұғымындағы қазақи әже бейнесі мен шығармадағы әже (Жолдастың анасы) бейнесін Венн диаграммасында салыстырыңыз.

 Дескрипторлар:

1.Қазақи әже мен шығармадағы әже бейнелерінің айырмашылықтарын ажырата алады.

2.Екі әжеге тән ортақ қасиеттерді жинақтай алады.

4. Дәлелде

А) Қалай ойлайсыз? Бүгінгі күні немерелеріне ертегі айтатын әже керек пе?

Ә)Алдағы ғасырда ертегі айтатын әжелер қалады ма? Болжамыңызды дәлелдеңіз.

Дескрипторлар:

1.Өз пікірі мен болжамы бойынша нақты дәлелдер келтіре алады.

2.Шешен, ұтымды сөйлей алады.

Кері байланыс: «Сөздер легі» әдісі

ІІІ. Ой толғау

Ертегіші әжеге хат жазыңыз.

Дескрипторлар: 1.Хат құрылымын сақтайды. 2.Сөз саны – 30-40 сөз.

«Автор орындығы»

Рефлексия:

Бүгінгі сабақтан алған,

3 негізгі ақпарат --------------------

2 маңызды факті -------------------

1 қорытынды ------------------------

Үйге тапсырма:

1.«Әже әулет ұйтқысы» тақырыбында әженің отбасында алатын рөлі туралы әңгіме жазу. (кемінде 70-80 сөз)

2. «Еркелейтін әлі мен, әжем жақсы

бәрінен» тақырыбында 2-3 шумақ өлең құрастыру.

[attachment=27299:rd_p_s2_n1_5_otbasy-ndylytary-1.pptx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу