Талдау сабағы. Қазақ әдебиеті, 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Отбасы құндылықтары. Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?"

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ақ кимешек астынан сені көрем.

Сабақтың түрі

Талдау сабағы.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы.

 Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады: шығарманың мазмұны мен тақырыбын меңгереді, құндылықтарды анықтайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: шығармадағы сөздердің мағынасын түсініп, тапсырмаларды орындайды.

Кейбір оқушылар орындай алады: шығарма бойынша берілген күрделі сұрақты талқылайды және пікір айтады.

 Бағалау критерийі

Шығармада көтерілген құндылықтарды меңгереді. Шығарма бойынша берілген күрделі сұрақты талқылайды және пікір айтады.

Дағдылар

Бағалау және салыстыру.

Тілдік мақсаттар

Көркем бейне, Құндылық сөзінің мағынасын түсінеді.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, қазақ тілі, әдебиет теориясы, музыка.

Алдыңғы оқу

Шығарманың заманауилығы мен шығармашылдығы.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөз

дер

Сабақтың басы

5 минут

Сабақтың ортасы

5 мин

4 мин

15 минут

5 минут + 2 минут

І. Қызығушылықты ояту.

Сөздік гол»

Тапсырма. Топтағы оқушыларға сабақтың тақырыбына қатысты сөздер беріледі. Сынып оқушылары жаңа сөздерді естерінде сақтап, берілген кестені толтырады. Кестені жылдам толтырған топ мүшелері «Гол» деген белгі береді.

Ең соңында кестедегі сөзді дұрыс әрі уақытты тиімді пайдаланған топ анықталады. Топта өзара тексеруді жүзеге асырады.

Үлгі:

Сөз

Менің анықтамам

Сөздіктегі анықтама

синоним

сөйлем

Құндылық

Баға жетпес дүние

Құндылық — бір заттың маңыздылығы, пайдалылығы. 

Бағалылық

адамзаттық құндылықтар – рухани дамудың қайнар көзі.

ІІ. Мағынаны ажырату.

Кубизм әдісі бойынша оқушыларға тапсырмалар беріледі. (Оқушылар тапсырманы жұпта, топта орындап, сыныпта ұсынады. Қабілеті жоғары және жақсы оқушылар қабілеті орта оқушыларға бағыт береді).

І.Қолдан.

А)Маңызды деректерді еске түсіріп, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.

Ә)Үзіндіде келтірілген құндылықтардың мағынасын ашыңыз.

 Қай заманда да отбасындағы әке мен ананың рөлі орасан зор және оны ештеңемен алмастыруға болмайтын болған. Табиғат пен қоғам әр ер адамды біреуге жұбай, балалардың әкесі болуға, ал әр әйелді біреудің зайыбы, балалардың анасы болуға дайындаған. Некеге тұра отырып ер адам өзіне орасан зор жауапкершілік – әке болу, отбасына тірек болу жауапкершілігін алады. Әке болу – ер адамның әлеуметтік және адамгершілік кемелдігіне деген сынақ. Некеге тұратын, бірақ әке болудан қорқып, қашқақтайтын немесе оған іштей дайын болмайтын жігіттер қашанда болған. Бала – отбасының беріктігі сыналатын үлкен сынақ. Олардың лайықты физикалық және ақыл-ой дамуын (тамақтануы мен білім алуын) қамтамасыз ету, балалардың бос уақытын жақсы ұйымдастыру, ата-анаға көмек көрсетуге, балалардың қосымша білім алуына және тағы басқаларға бағытталған еңбек – ата-аналардың алдарында тұрған аса маңызды міндет, міне, осы. Балаларының қасында болғанда ата-анасы өз бойларындағы мейірімділік, адалдық, жанашырлық сияқты үздік қасиеттерді танытады.

  (Әже, мейірімді, қайырымды, ұялатындай, жұмсақ, қарағым, айналайын, қария, шаруа, ұршық)

Дескрипторлар:

1.Үзінді мағынасына сай сөздерді дұрыс қолдана алады.

2.Үзіндідегі негізгі құндылықтардың мағынасын түсіндіре алады.

2.Зертте.

А)Тарихтан, көркем шығармадан қандай әйгілі әжелер мен аналарды білесіздер?

Ә) Олардың халқымызға сіңірген еңбегі туралы зерттеу жасаңыз.

Дескрипторлар:

1.Тарих пен көркем әдебиеттегі әйгілі әжелер мен аналардың есімдері мен еңбектерін біледі.

2. Деректер келтіре отырып, зерттеу мәтінін дайындай алады. (1-2 әжеге)

Сергіту сәті: https://www.youtube.com/watch?v=PE сайтынан «Аяулы әже» әнін караокеде орындайды. (3,5 минут)

3.Салыстыр.

Автор ұғымындағы қазақи әже бейнесі мен шығармадағы әже (Жолдастың анасы) бейнесін Венн диаграммасында салыстырыңыз.

Дескрипторлар:

1.Қазақи әже мен шығармадағы әже бейнелерінің айырмашылықтарын ажырата алады.

2.Екі әжеге тән ортақ қасиеттерді жинақтай алады.

4. Дәлелде.

А) Қалай ойлайсыз? Бүгінгі күні немерелеріне ертегі айтатын әже керек пе?

Ә) Алдағы ғасырда ертегі айтатын әжелер қалады ма? Болжамыңызды дәлелдеңіз.

Дескрипторлар:

1.Өз пікірі мен болжамы бойынша нақты дәлелдер келтіре алады.

2.Шешен, ұтымды сөйлей алады.

Кері байланыс: «Сөздер легі» әдісі

ІІІ. Ой толғау. Ертегіші әжеге хат жазу.

Дескрипторлар: 1.Хат құрылымын сақтайды.

2.Сөз саны – 30-40 сөз.

Оқушылар автор орындығында отырып, жазған хаттарын оқиды.

https://www.youtube.com/watch?v=PE

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия:

  • 3-2-1 әдісімен бүгінгі сабаққа кері байланыс жасайды:

3 негізгі ақпарат

2 маңызды факті

1 қорытынды

Өздерінің және өзгелердің жұмыстарын бағалайды.

Үйге тапсырма:

1.Қабілеті орта және жақсы оқушылар орындайды: «Әже – әулет ұйтқысы» тақырыбында әженің отбасында алатын рөлі туралы әңгіме жазу. (кемінде 70-80 сөз)

2.Қабілеті жоғары оқушылар орындайды:«Еркелейтін әлі мен, әжем жақсы бәрінен» тақырыбында 2-3 шумақ өлең құрастыру.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бағалау критерийі арқылы жұптық, топтық, сыныптық бағалау жүргізіледі.

Қазақстан тарихы,қазақ тілі, әдебиет теориясы, музыка пәндерімен байланыстырылады.

Оқушы бойында ынтымақтастық, құрмет құндылықтары қалыптасады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу