Т.Нұрмағанбетов «Анасын сағынған бала» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім атауы: Отбасы құндылықтары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Т.Нұрмағанбетов «Анасын сағынған бала» әңгімесі

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Оқу бағдарламасына сілтеме

Т/Ж2.Әдеби шығарманың тұжырымдамасы

Сабақтың оқу мақсаты:

Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.

Бағалау критерийлері:

Барлық оқушылар орындай алады:

Шығарманың мазмұны мен тақырыбын меңгереді, идеясын анықтайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Шығармадағы сөздердің мағынасын түсініп, тапсырмаларды орындай алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Шығарма бойынша берілген күрделі сұрақты талқылай алады және пікір айта алады.

Дағдылар:

Түсіну және жауап беру

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар отбасы мүшелерінің атауларын және ана туралы көркемдегіш сөздерді меңгереді. Шығармадағы мұң, қасірет, жетім сөздерінің мағынасын түсінеді.

Сабақта қамтылатын құндылықтар:

Оқушылардың отбасына деген құрметін қалыптастырады, өзіне деген жауапкершілікті арттырады.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, бейнелеу өнері, валеология

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта мен ғаламторды пайдалана білу

Осыған дейін меңгерілген білім

Отбасы құндылықтары туралы алғашқы білімдері бар

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

6 минут

6 минут

Қызығушылығын арттыру.

Мұғалім өткен және жаңа сабақтардың тақырыбына ( ана махаббаты, отбасы, ата –ана атану, жауапкершілік т.б.) қатысты сөз айтады, келесі тұрған оқушы айтылған сөзге байланысты ойына келген сөзді айтады. Келесі оқушы өзінің айтылған сөзі туралы ассоциациясын айтады және келесі оқушы осы әдісті сынып бойы жалғастырады.

2. Н.Ә.Назарбаевтың «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған туыстарына деген сүйіспеншілікпен байланысты» деген дәйексөзін талдау.

«Валеология» Ұлыбритания біріншілігі әдістеме құралы

Сабақтың ортасы

2 минут

3 минут

5 минут

3 минут

7 минут

5 минут

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады.

  • Тынымбай Нұрмағанбетовтың «Анасын сағынған бала» әңгімесінің мазмұнымен танысу

Оқылым алды тапсырма

Оқушыларға жазушы жайлы қысқаша мәлімет беріледі.

Ой түрткі сұрақтары:

  • Бала анасын неге сағынады?
  • Автор әңгіменің тақырыбын неге бұлай атады?
  • Әңгіменің мазмұны қандай оқиғалардан тұруы мүмкін?
  • Оқушылар анаға деген сағыныштарын лепті сөйлемдер арқылы білдіреді

Оқылым тапсырмасы

Білу және түсіну

Оқушылар әңгіменің кіріспесін оқиды және тірек сөздерді басшылыққа алып, алдағы оқиғаға болжам жасайды

Сөз

Менің анықтамам

Сөздіктегі анықтама

синоним

сөйлем

Мұң

қасірет

жетім

Талдау және жинақтау

Шығарманың алғашқы 2 бетінің көшірмесі мен сұрақтар тізімі бар парақтар таратылады. Оқушылар сұрақтарға жауап береді, тақырып пен идеяны анықтайды.

  • Шығарманың тақырыбы не?
  • Шығарманың беретін идеясы не? /Анасын сағынған баланың қасіреті/
  • Баланың бейнесіне сипаттама беріңіз.

Оқылымнан кейінгі тапсырма

Қолдану

Оқушылар өз аналарына арнап бір шумақ өлең шығарады.

Бағалау.

http://zhasorken.kz/?p=13003

http://massaget.kz/layfstayl/madeniet/music/848/

Презентация

Сабақтың соңы

3 минут

 «Ереуіл» миға шабулы әдісі.

 Оқушылар миға шабуыл жасайтын тақырыппен немесе сұрақпен танысады. Одан кейін оқушыларға стикерлер немесе түрлі-түсті қағаз бен желім таратылады. Олар қосымша құралдарды қолданып, митинг транспаранттарына тақырып бойынша идеяларын жазады. Содан соң орындарынан тұрып бейбіт ереуілге шығады және сыныпты аралап жүріп басқа оқушыларға өз идеяларымен бөліседі. Оқушылар шынайы ереуіл атмосферасы болуы үшін өз тұжырымдамаларын дауыстап қайталап айтып жүрулеріне болады (Мысалы, Ата – ана міндетін орындайық!Ата –ана алдындағы борышты өтейік! Отбасы құндылығын сақтайық! т.б.).

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Сабақта оқушылардың барлығын тақырып аумағында өз пікірін білдіруге, әдеби сөйлеуге жұмылдырып отырамын. Қабілетті оқушыларға шығарманың мазмұны туралы сұрақтарды күрделендіріп қоямын және топтарда көшбасшы болуға тартамын.

Оқушылардың сабақтағы белсенділігі мен берілген тапсырмаларды орындауына, оқу мақсаттарына сай бағалау критерийлермен байланысты бағалай аламын.

Бұл сабақ өнер пәнімен байланысты. Өздері білетін әндері мен өз өмірлерін сабақтастыра отырып, оқушылардың бойында жауапкершілік пен құрметтей алу қасиеттерін қалыптастырамын. Сөйлеу барысында оқушылардың намысына тимейтін сөздерді қолдану арқылы өмір қауіпсіздігін сақтауға болады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың оқу мақсаттары жүзеге асырылды. Бүгін оқушылар Т.Нұрмағанбетовтың «Анасын сағынған бала» әңгімесінің мазмұнымен танысты. Сыныптағы оқу атмосферасы жақсы болды. Дифференциациялық тапсырмаларды жүзеге асыруда аздаған қиындықтар туды. Мен жоспарланған уақытымды дұрыс пайдалана алдым деп ойлаймын. Мен жоспарыма ешқандай өзгерістер енгізбеймін, себебі сабақ жоспары оқу мақсатына сай жан-жақты жасалды.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: «Ереуіл» миға шабулы әдісі.

2: Оқушылардың пікірлерді ортаға салуы

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: осы мәтінге ұқсас бейнебаян пайдалану.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Шағын әдеби шығармаларды көбірек оқыту.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу