Т.Нұрмағанбетов «Анасын сағынған бала» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 5 сынып, дидактикалық материал.


Совет өкіметін барынша келеке қылған жазушы – Бейімбет. Ал осы стильді, осы мектепті ары қарай дамытып, кәдімгі қазақ әдебиетіне жаңа бір бағыт әкелгендердің бірі – Тынымбай. Өйткені Тынымбайды айтып отырып, Бейімбетке тоқталмау мүмкін емес. Соның жалғасы секілді, кез келген адам солай қарайды. Бірақ Тынымбайды Бейімбетпен бірге  қоюға тағы болмайды. Мұның өзінше ұшталған стилі бар, өзінің дүниетанымы бар.

Кейде ұлы шығармаға да сын айтуға болады. Мәселе онда емес, мәселе дүниеге әдеби құбылыстың келуінде. Тынымбайдың алғашқы шығармаларында да дәл осындай болатын, ол реалист болатын.Тұңғыш повесін «Жалын» журналына басқанымыз есімде. Сонда «Жалынның» көпшілікке белгілі конкурсында бірінші сыйлық алды. Оны оқып шығып, автордың кім екенін де білмейміз, жанкүйер болып жүрдік. Кейін қарасақ, ешкім білмейтін Тынымбай Нұрмағамбетов деген жігіт болып шықты. Тынымбай әдебиетке толық қалыптасқан күйінде келді. Алғашқы повесінің өзі шын мәнінде өте жоғары деңгейде жазылған повесть болды. Сол уақыт қайталанғандай болып, төрт-бес жыл бұрын «Өркениет» журналына «Жыланның уы» деген повесін бастым. Мұнда да сол баяғы Тынымбай, ауылдың өмірін  бес саусағындай жақсы біледі. Ауылдың мұңын, ауылдың қайғысын, ауыл адамдарының барлық алуан түрлі характерлерін…

Төлен Әбдікұлы

Тынымбай Нұрмағамбетов (10.6.1945 жылы туған, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Қосүйеңкі ауылы) – жазушы.

Қызылорда педагогика институтын (1968), Мәскеудегі М.Горький атындағы жоғары әдебиет курсын бітірген (1981). Қызылорда облысы радио комитетінде, “Жазушы” баспасында редактор, “Қазақфильм” киностудиясының сценарийлік коллегиясында түрлі қызметтер атқарған. 1996 жылдан “Қазақ елі” газеті редакторының орынбасары.

Алғашқы әңгімелер жинағы 1971 жылы “Қауын иісі” деген атпен жарық көрген (орыс тіліндегі нұсқасы үшін М.Горький атындағы Бүкілодақтық жастар сыйлығын алды, 1979). Жазушы прозасында ауыл адамдарының мінез-құлқы, олардың жан дүниесінің қыр-сыры, ұлттық сана психологиясындағы замана тудырған өзгерістер терең суреттеледі. Нұрмағамбетов жеңіл юмордың шебері, бірнеше комедиялық туындылары бар. Ол “Жоғалған көл”“Кемпірлер үкімі” пьесаларын, “Тырналар ұшып барады” телефильмі сценарийін жазды.[1]

     Біраз туындысы орыс тіліне аударылып, жеке кітап болып басылды. «Қош бол, ата» (1972), «Қарлығаштың ұясы» (1975), «Ата қоңыс» (1977) «Запах дыни» (1979), «Тұнық су» (1980), «Там где горел очаг» (1982), «Талисман» (1984), «Бәйтеректер» (1987), «Туған ауыл түтіні» (1989), «Балалық шақтың әуендері (1995), «Таңдамалы» (1997), «Айқай» (2001), т.б. кітаптары жарияланған.  Сонымен қатар «Табалдырығыңа табын», «Жоғалған көл», «Кемпірлер үкімі» пьесаларының, «Тырналар ұшып барады» телефильмі сценарийінің авторы. Жаңақорған ауданының құрметті азаматы. Халықаралық Қазақ ПЕН клубы сыйлығын алған (2000). «Құрмет» орденінің иегері (2006). 

2008 жылы «Жазушы» баспасынан «Ауғандық құстар» әңгімелер жинағы басылып шығады. «Анасын сағынған бала» әңгімесі осында жарияланған.

Жазушы Тынымбай Нұрмағамбетовке телефон шалдық. Әлденеге назалы адамның дауысын естідік. Көп нәрсеге көңілі толмайтыны байқалды. Тіпті, өзінің кітабы туралы айтқанымызды да тыңдағысы келмеді. Мына заманда жазушы кімге керек?

Бұл сөзді Тынымбай Нұрмағамбетов айтса, басқамыз қайтеміз? Түрлі сауалнамаларда ол мықты жазушылар қатарында аталып жүр. Жаңаша ойлайтын жазушылар оны тізімнен тастамайды. Ауқатты адамдарды қайдам, сауқатты қаламгерлер арасында: «Тынымбайды оқыдың ба?»  – деген сауал өзімізге талай қойылды.

Сөйткен жазушы өз кітабы туралы әңгімелесуге құлықты емес. Телефон желісінің арғы басынан түңіле сөйледі. «Кім оқиды, қажеті қанша?» деген сөз жүрегімізге біздей қадалды. Біраз уақытқа дейін Тынымбай тақырыбына беттей алмай жүрдік. Алайда, ол бізге бәрібір маза бермеді. Тынымбай Нұрмағамбетовтің «Ауғандық құстар» атты  кітабын талдауға Төлен Әбдікұлы мен Амангелді Кеңшілікұлын шақырдық.

Жүсіпбек Қорғасбек: Тынымбай Нұрмағамбетов кешегі соцреализмнің құрсауынан шыға алмай жүрген заманның өзінде алған тақырыбы да, жазу стилі де, барлығы өзгеше, жаңаша жазушы болды. Сол кезде Тынымбай Нұрмағамбетов қана емес, Дулат Исабековтің «Қарғын» романын біз өзгеше деңгейде, өзгеше бағытта жазылған жаңалығы бар шығарма ретінде қабылдадық. Содан кейін қолдан-қолға өткізіп оқыған «Оң қолдың» өзі бізге тосын дүние болды. Басқа бір түсінікте жазылған шетелдік әдеби шығарма сияқты елестеді. Одан кейін осы бағытта Мұхтар Мағауин жаза бастады. Тынымбай аға бар, Дулат аға бар, сіз бар, Кеңес заманынан кейін ғана «көзімізді аштырып, жұмдырған» модернистік бағытқа қалай келіп қалдыңыздар? Мысал үшін айтайық, поэзияны түсінуге болады. Мағжандар болды бұл бағытта. Ал енді бұл прозаға қалай келіп қалды?

Төлен Әбдікұлы:  Міне, сол кезде жаңағы Әбіш Кекілбайұлы, Мұхтар Мағауиндер шықты, одан кейін біздің ұрпақ көрінді, Тынымбай да шықты. Ал енді бір ғажабы, жаңағы айтып отырған сөзіме кішкене келіңкіремейтіндей де жері бар. Қазір тәуелсіздік орнады. Бүкіл шығармаға, әдебиетке басқаша көзқарас басталды. Бірақ, сонда да Бейімбет Майлиннің шығармалары осы күнге дейін өзінің оқырманын жоғалтқан жоқ. Өйткені Бейімбет шын мәнінде өте сирек кездесетін құбылыс. Бейімбет қаламгер ретінде кейіпкерлерін өзінің бұйрығымен жүргізбейді, кейіпкерлері өзінің шындық өмірімен өмір сүріп жатады. Арасында совет өкіметін жақтайтын бір-екі ауыз сөз қоса салады. Ал енді қазір қарап отырсаң, мүлдем басқаша сипатқа ие болғанын байқайсың. Кезіндегі біз Бейімбет совет өкіметін дәріптеді деген дүниелері, керісінше, келеке қылған боп шығып отыр қазір. Совет өкіметін барынша келеке қылған жазушы – Бейімбет. Ал осы стильді, осы мектепті ары қарай дамытып, кәдімгі қазақ әдебиетіне жаңа бір бағыт әкелгендердің бірі – Тынымбай. Өйткені Тынымбайды айтып отырып, Бейімбетке тоқталмау мүмкін емес. Соның жалғасы секілді, кез келген адам солай қарайды. Бірақ Тынымбайды Бейімбетпен бірге  қоюға тағы болмайды. Мұның өзінше ұшталған стилі бар, өзінің дүниетанымы бар. Кейде ұлы шығармаға да сын айтуға болады. Мәселе онда емес, мәселе дүниеге әдеби құбылыстың келуінде. Тынымбайдың алғашқы шығармаларында да дәл осындай болатын, ол реалист болатын.Тұңғыш повесін «Жалын» журналына басқанымыз есімде. Сонда «Жалынның» көпшілікке белгілі конкурсында бірінші сыйлық алды. Оны оқып шығып, автордың кім екенін де білмейміз, жанкүйер болып жүрдік. Кейін қарасақ, ешкім білмейтін Тынымбай Нұрмағамбетов деген жігіт болып шықты. Тынымбай әдебиетке толық қалыптасқан күйінде келді. Алғашқы повесінің өзі шын мәнінде өте жоғары деңгейде жазылған повесть болды. Сол уақыт қайталанғандай болып, төрт-бес жыл бұрын «Өркениет» журналына «Жыланның уы» деген повесін бастым. Мұнда да сол баяғы Тынымбай, ауылдың өмірін  бес саусағындай жақсы біледі. Ауылдың мұңын, ауылдың қайғысын, ауыл адамдарының барлық алуан түрлі характерлерін…

Жүсіпбек Қорғасбек: Қалай айтсақ та, қазақ әдебиетіне сол заманның өзінде жаңалық әкелген жазушылардың бірі де бірегейі. Бірақ, Тынымбай Нұрмағамбетов те өзгермей тұрмайды. Амангелдінің бір мақаласында стиль заманға қарай, қоғамға қарай ауысып, өзгеріп отырады деген пікір бар екен. Жазушының мақсат-мүддесіне қарай деген сияқты, мысалы. Меніңше, «Кене» әңгімесі жазушының арғы-бергі жазған дүниелерін бір уысқа жинап тұрған сияқты. Осы әңгімесін жаңашыл жазушыларымыз көп атады кезінде. Сеніңше, Тынымбай Нұрмағамбетовтің жаңалығы неде деп ойлайсың, Амангелді?

Амангелді Кеңшілікұлы:  Менің ойымша, жазушының өсуі  оның әдебиетке таза жүрегімен келуі және сол қалпынан өзгермей,  сақталып қалуында болса керек. Әрине, жұрттың бәрі де әдебиетке  ұлы мақсатты қуып  келеді. Бәрі де әдебиетке келгенде сөз өнеріне адал қызмет етуге ант береді. Бірақ, уақыт өте келе солардың көбі өнердің ұлы миссиясын ұмытып, оны пендешілік мақсатпен шатастырып алады.  Сол кезден бастап  ақынның, жазушының шығармашылығы өледі. Құрдымға кете бастайды. Өз басым Тынымбай Нұрмағамбетовтің шығармадан-шығармаға өсіп отыруының себебін сол берген сертіне адал болып қалған тазалығымен  байланыстырамын.  Жазушының еш уақытта ұлы әдебиеттің мұратын саудаға салған кезі болған емес. Әрине, Тынымбай ағамыздың кейбір жазған шығармаларында да шеберлік жетіспей жататын жерлер бар. Кейбір шығармаларында айта алмай қалған бір ойлар да болуы мүмкін. Бірақ, жазушы үшін ол үлкен мін емес. Ондай кемшіліктер ірі суреткерлердің бәрінде де бар.  Ең бастысы, ол ешуақытта да заманға бейімделіп, уақытқа икемделіп, жалған шығарма жазған емес.

Жаңа стильге байланысты  менің пікірімді мысалға келтірдіңіз. Менің ұғымымда стиль дегеніміз – адамның өзінің ішкі табиғатынан шығатын нәрсе. Ешкімге ұқсамайтын жаңа стиль әкелу үшін ғана әңгіме жазуды мақсат ететін прозаиктерді мен қабылдай алмаймын. Жазу үшін алдымен адамда бір үлкен ой пайда болуы керек. Ой пайда болғаннан кейін барып қана соған ыңғайлы форма, стиль өздігінен қалыптасады.  Тынымбай ағам да, менің ойымша, стиль қуалаушылыққа аса әуес болған жазушы  емес.  Маған ол форма іздеп, стиль іздеп әуреленбеген сияқты болып көрінеді. Өйткені ол өте еркін жазады. Сондықтан да оның жазған дүниелерін тынысың тарылмай, еркін оқисың.  Өз басым ақындар мен жазушыларды  екіге бөлем. Ақындықпен ауыра-тындар және нағыз ақындар. Жазушылықпен ауыратындар және нағыз жазушылар. Бізде нағыз ақындар, нағыз жазушылар өте аз. Тынымбай ағамыз осы сирек – нағыз жазушылардың қатарынан.

Біздің прозамызда екі үлкен мектеп бар. Біреуі – Әуезовтің мектебі, екіншісі – Бейімбеттің мектебі. Әуезов мектебінің бір бақыты, оның жалғастырушылары, шәкірттері көп болды да, ол мектеп өзінің әдемі, жақсы жалғасын тапты. Мағауиннің шығармаларын оқыған адам оның Әуезов мектебінен шыққанын бірден байқайды. Қабдеш Жұмаділовтің шығармаларынан да оның Әуезовке бүйрегі бұратыны айқын сезіледі.  Әбіш Кекілбайұлының «Шыңырауы» да, «Бәйгеторысы», «Ханша дария хикаясынан» да Әуезов тағылымын көресіз. Ал, Төлен Әбдіковтің «Өліара» романындағы кейбір детальдардан  Бейімбеттік стилді жазбай танисыз. Алайда, осы үлкен бейімбеттік мектептің бірден-бір жалғастырушысы және оны биік деңгейге  көтерген жазушы – Тынымбай Нұрмағамбетов. Адамды жылатуға болады, ал күлдіріп отырып жылату – шеберліктің шыңы.  Оның «Бөрібайдың тымағын ит алып қашқан қыс» деген шығармасында қазақтың ешкімге ұқсамайтын психологиясы керемет берілген. Шығарманы басынан аяғына дейін оқып шыққанша күлкіден ішегің түйіліп қала жаздайды. Күлдіру мақсатымен жазған сатирик жазушылардың әңгімелерінен де мен ондай шеберлікті көрген жоқпын.  Бейімбеттегі күлдірту арқылы адамның  мінезін ашу шеберлігі осы Тынымбай ағамыздың шығармаларында айқын көрініс тапқан. Жұрт байқамайтын дүниелерді байқап, күлкіге көметін тұстары көп. Тынымбай юмордың шебері. «Жұмаға қараған түн» деген әңгімесін алайықшы. Сол әңгімесінде Пәрікүл деген кемпір ауырып жатады. Алғашында бәрі кіріп-шығып жүреді. Өледі деген Пәрікүл өмірден өтпей,  ұзақ жатып қалады. Аяғында қараусыз қалып, үлкендердің айтуымен бәрі кезектесіп күзетпек болады. Іштей бәрі де Пәрікүл кемпірдің өлгенін тілеп отыр. Күзетуге келгендердің бірі: «Құдай біледі, осының түрі жаман, бүгіннен қалмайды осы кемпір», – деп қояды тіпті.  Іште жасырынып жататын пенделік арам психологияны автор керемет жеткізе  біледі. Өмірдің шындығы мұнда ащы сарказммен берілген.

Амангелді Кеңшілікұлы: Мысалға Төлен ағамыздың «Оң қол» немесе Тынымбай ағамыздың «Жұмаға қараған түн» әңгімелерін алайық. Екі шығармада да адамның қолымен емес, санасында жасалып жатқан қылмыс суреттелген. Қолмен істелген қылмыстың да зардабы зор, алайда, ең қорқыныштысы адамның санасында жасалынатын  қылмыс.

[attachment=27328:teorijaly-materialdar-5-debiet-1.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу