алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Шығармадағы кейіпкерлер образы. Қазақ әдебиеті, 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Отбасы құндылықтары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Шығармадағы кейіпкерлер образы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Б/С1. Тарихи және көркемдік құндылығы

 Сабақтың мақсаттары

Б/С1.Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау

 Жетістік критерийлері

Шығарманың тарихи құндылығын бағалайды;

Әдеби туындыдағы кейіпкердің образын сипаттауда дәлелді мысалдар келтіреді;

Кейіпкердің іс-әрекетіне баға береді.

Тілдік мақсаттар

«Менің ойымша, ... »

«Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

«Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... »

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Салауатты өмір салтын сақтау,

Пәнаралық байланыс

Тарих, валеология

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Д.Лондонның «Мексика ұлы» шығармасын қомпозициялық құрылысына талдаған болатын.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту

«Граффити» миға шабуылы.

Сыныптың қабырғаларына «Отбасы құндылығы», «Спорт саңлағы», «Семіздіктің салдары», «Спорт және отбасы», «Мен үшін ең қымбат байлық» т.б. қатысты мәселелер, формулалар, көңіл аударуға арналған сөйлемдер немесе ойланатын идеялар үлкен флипчарттарға жазылады. Оқушылар қабырғада ілінген флипчарттың жанына орналасады. Флипчарттардағы тақырып немесе проблемалар барлық топтарға бірдей немесе әр топта екі түрлі болуы мүмкін. Оқушыларға ойлануға және өздерінің ойларын флипчаттарға жазуға екі минут уақыт беріледі. Содан кейін төмендегі тапсырмаларды ретімен орындайды:

  • белгіленген уақыт аяқталғанда жұмыстарын тоқтатып, келесі флипчартқа қарай бару;
  • келесі флипчартқа олар өздерінің тақырып немесе проблема бойынша ойларын жазу;
  • барлық топтар әрбір параққа өз үлестерін қосқанша жоғарыда айтылған үдерісті жалғастыру;

соңында сынып оқушылары бір –бірлерінің үлесіне шолу жасау.

Оқу мақсаты мен жетістік критерийлерімен таныстыру

суреттер

Сабақтың ортасы

10 минут

10 минут

10 минут

Мағынаны тану

Білу және түсіну

Топтық жұмыс.

1. ББЖ ҚБАРИ доценті Любовь Анатолийқызы Дорожкинаның

«Жауапты ата – ана тұрақты түрде баламен қарым – қатынас жасап, араласып тұрады, оның қызығушылықтары мен ықыласы ауатын нәрселерінен хабардар болады...» деген ғылыми дәлелді пікірін оқып, өз ойларын ортаға салады.

2. Спортшылардың спорт әлеміне енуде отбасы ықпалын анықтау, зерттеу

3. Д.Лондонның «Мексика ұлы» әңгімесінің композициялық құрылысына талдау жүргізу:

1. Оқиғаның басталуы: Ривераның ринге шығуы2. Оқиғаның дамуы: Дэннидің рингке көтерілуі3. Оқиғаның шиеленісі:Дэнни төрешінің қитұрқы әрекеттері4. Оқиғаның шарықтау шегі: Ривераның айқасы5. Оқиғаның шешімі: Ривераның жеңісі

Сөздікпен жұмыс. Берілген сөздердің мағынасын түсіндіріңіз.10. Вера-Крус- бұғаз аты.20. Ринг-бокс алаңы.30. Секундант- жаттықтырушының көмекшісі.40. Нокаут- рингте қарсыласын жерге құлатып түсіру.50. Раунд-бокстағы бөлімдер.Мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.10. Ривера рингке қандай мақсатпен шықты?20. Дэнни туралы не айтар едіңіздер?30. Төреші неге Дэнниге көмектеспек болды?40. Роберт Ривераны қандай мақсатпен ринге шығарды?50. Ривераны қалай сипаттар едіңдер?

Бағалау «Бес жұлдыз»

Қолдану

Шығармадан берілген үзінділерді оқып, рефолюция кезіндегі Мексика елінің жағдайы туралы сурет салыңыздар. Шығарманың тарихи құндылығына баға беріңіздер.

 Қым –қиғаш көріністер: “компания ләпкесі алдындағы алаң, сол алаңда иін тірескен мыңдаған аш жұмысшылар, солардың қамшы ысқыртып, қылыш ойнатқан генерал Росальо Мартинес пен Парфирно Диастың солдаттары, қанды қырғын... осы бір көріністер өмір бақи таусылмастай жазықсыз төгілген жұмысшы қаны мәңгі тиылмастай көрінеді... Қаралы түн, қапас түн ! Сол түн құшағында тағдыры үшін тартысқан жандар мүрдесі Вера - Круске жөнелтіліп, акулаларға жем болып жатыр. Өліктер арасымен ілгері еңбектеген ол жендеттер айуандықпен азаптап өлтірген ата- анасының парша-парша мүрдесінғана тапты әсіресе кеудесіне тауболып үйілген өліктер астынан бас ғана көрініп жатқан ана бейнесі санасын семсердей тілгілейді. Тағы ... Тағы да солдаттар винтовкасы ажал оғын қардай боратты. Сол оқ астымен аш күзендей бүгіле еңбектеп қашқан жетім ұлан жүрегі уланған қасқырдай алас ұрады”

Бағалау «Бас бармақ»

Жинақтау

Мәтіндегі көркемдегіш құралдар туралы түсінік беру

Топтық жұмыс

1-топ: Шығармадағы портреттерді тауып жазыңыздар, жазушының суреттеуі бойынша Ривера мен Дэннидің портретін салыңыздар.

2-топ: Шығармадағы тура мінездеуді тауып, Ривера мен Дэнниге салыстырмалы мінездеме беріңіздер.

3-топ: Шығармадығы жанама мінездеуді тауып, кейіпкерлер арасында диалог құрастырыңыздар.

4-топ: Шығармадағы басты кейіпкер Ривераның атынан монолог құрастырып айтыңыздар.

Бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек»

Бағалау

Қалай ойлайсыз, Ривераның халқы үшін басын қатерге тігіп, рингке шыққаны дұрыс па? Сіз өзіңіз Ривераның орнында болсаңыз не істер едіңіз?

«ПОПС» формуласы

• Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »

• Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

• Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

• Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... »

Бағалау «Бас бармақ»

Интербелсенді тақта

Флипчарт, маркер

Сабақтың соңы

5 минут

 Ойтолғаныс:

 Сұрағы не? әдісі

 Оқушылар екі топ құрады. Бүгінгі өтілген сабақты қорыту мақсатында бір мысал не тұжырым айтылады да, «Сұрағы не?» деп сұралады. Ал, оқушылар айтылған жауапқа дұрыс сұрақ қоя білуі керек. Екі топтан екі оқушы шығады, ал мұғалім жауап оқып «Сұрағы не?» деп сұрайды. Бірінші жауап берген оқушы жеңеді де оның тобы бір ұпай алады. Қалған оқушылар ретімен тақтаға шығып, ұтқыр сұрақ қоя білуі керек.

 Үлгі:

 Салауатты өмір салтын бүкіл отбасы мүшелері сақтауы тиіс. Сонда ған оң нәтижеге қол жеткіземіз.

 Сұрағы: Отбасы мүшелерінің оң нәтижеге қол жеткізуіне не әсер етеді? т.б.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

[attachment=27286:rd_mzh_s3_n2_5_otbasy-ndylytary.docx]
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023
» Әр қазақстандық қанша гектар жер иемдене алады? 23.01.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы