Әлемді өзгерткен өнертабыстар. Қазақ тілі, 11 сынып, презентация. 3 сабақ. 2 нұсқа.
Суреттен қандай ой түюге болады?
Бүгінгі сабақ тақырыбы не туралы болуы мүмкін?
Суретке қарап, техниканың қалай дамығанын талқылаңдар.
САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ
Әлемді өзгерткен өнертабыстары
Таза ғылыми стильдегі рецензияның құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
Әлемді өзгерткен өнертабыстар туралы мақалаға жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, рецензия жазу.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ
БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ
- таза ғылыми стильдегі рецензияның құрылымы мен рәсімделуін біледі;
- жанрлық ерекшеліктерін талдайды;
- тақырыпқа сай берілген мақалаға рецензия жазады;
- жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданады.
МӘТІНАЛДЫ ТАПСЫРМА. С.
* Берілген қағаз қиындыларындағы сөйлемдерді оқы.
* Сөйлемдерді логикалық жүйелілік сақтай отырып, бірінен соң бірін орналастыр.
* Сөйлемдерді оқы. Тұтас мәтін шықты ма?
* Мәтін мазмұны не туралы екен? Мәтінге қандай тақырып қояр едің?
* Мәтіннен қандай пайдалы ақпарат алдың?
* Маңызды тұстарын дәптеріңе түртіп ал. Келесі тапсырмаларды орындауда басшылыққа ал.
2. Рецензия жазудың үлгісімен таныс. Жұпта төмендегі сұрақтарды талқыла:
- Рецензия мазмұны қандай ақпараттарды қамтиды?
- Рецензия қандай стильде жазылады?
- Рецензия неше бөліктен тұрады?
- Рецензия қалай рәсімделеді?
Ғылыми мақалаға жазылған рецензияда (пікірде) мына ақпараттар қамтылуы керек:
1. Мақаланың толық аты, мақала авторының аты-жөні, қызметі
2. Мақала арналған мәселенің қысқаша баяндалуы
3. Ұсынылған мақаланың өзектілік дәрежесі
4. Автордың мақалада ашқан неғұрлым маңызды аспектілері
5. Жариялауға ұсыну
6. Рецензенттің аты-жөні, ғылыми атақ-дәрежесі, қызметі, жұмыс орны, қолы, мөрмен расталуы.
МӘТІН ТАПСЫРМАСЫ. Ж.
Тапсырма:
-Б.Бұқабаеваның «Өнертабыстар мен ашылымдар» тақырыбындағы мақаласын оқы.
- Мақалаға рецензия жаз.
- Рецензия жазудың үлгісін басшылыққа ал.
МӘТІН СОҢЫ ТАПСЫРМАСЫ
1. Сұрақтарға жауап беру үшін сыныптасың жазған рецензияны тексер. Рецензияңда:
- мақаланың толық аты, мақала авторының аты-жөні, қызметі көрсетілген бе?
- мақала арналған мәселе қысқаша баяндалған ба?
- ұсынылған мақаланың өзектілік дәрежесі айқындалған ба?
- автордың мақалада ашқан маңызды аспектілері көрініс тапты ма?
- мақаланы жариялауға ұсыныс жасалды ма?
- рецензент туралы мәліметтер қамтылды ма?
Сұрақтарға толық жауап ала алмасаң, рецензия жазушыға ұсыныс жаз.
2. Рецензияңды тағы бір рет оқып, сыныптасың ұсынған кеңестер негізінде түзетулер енгіз.
ДЕСКРИПТОРЛАР
сөйлемдерді логикалық жүйелілікпен орналастырып, мәтін құрайды;
рецензия және оның жазылу үлгісі, құрылымы туралы ақпаратпен танысады;
мақалаға рецензия жазады;
ұсыныстар негізінде рецензияға түзетулер енгізеді.
РЕФЛЕКСИЯ
• Маған қиындық келтіргені…
• Мен үшін орындауға жеңіл болғаны...
• Маған ұнағаны…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?