Қазіргі әлемдегі театр мәселесі. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ. 1 нұсқа.


САБАҚ

Мектеп: Қызылорда қ. ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Бөлім атауы: Жастар мәдениеті және мәселесі. Шешендік сөздер

(8 сағат) Әдеби тіл нормалары

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Көтерлген мәселені анықтайды

Көпшілігі: Әдеби тіл нормаларын ажыратады;

Кейбірі: Мәтіннен әдеби тіл нормалары заңдылықтарына бағынбаған сөздерді тауып, қолданысын талдайды.

Бағалау критерийлері

Әдеби тілдің нормаларын ажырата алады;

Әдеби тілдің нормаларының бұзылуына 3 мысал тауып айтады;

Әдеби нормаға сай жазудың емлесін түсіндіреді;

Құндылықтар

Бір-біріне деген құрмет құндылықтарын, туған елге деген, табиғатқа деген сүйіспеншілік құндылықтарын, сыни тұрғыдан ойлау құндылығын дамыта алады

АҚТ қолдануы

Интерактивті тақта арқылы слайд-презентация пайдаланылады. Аудио-видио құралдары пайдаланылады.

Тілдік мақсаттар

Тақырыпқа байланысты сөздер мен сөз тіркестері: жастар мәселесі, шетелде оқу, шетелде жұмыс жасау, тәжірибе жинақтау

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің ойымша.....

Ережеге сай...

Тарихи деректерге сүйенсек...

Осыған дейін меңгерілген білім

Қазақстан қорықтары туралы жалпы мәліметтерді біледі.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Сабақтың ортасы

5 мин

15 минут

10 минут

Қызығушылықты ояту. Тыңдалымалды тапсырма:

Жастарға шетелде оқу несімен ұнайды? «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетел асып оқып жүрген жастарымыздың жағдайы қандай?

Тыңдалым тапсырмасы.

Тыңдалымда қандай мәселе көтерілген? Бұл мәселеге сіздердің жеке көзқарастарыңыз қандай?

Жұптық жұмыс. Оқушылар оқылым мәтінін оқып, әдеби тілдің нормалары туралы білімдерін жұпта талқылайды.

Тіл мәдениетінің тірегі – әдеби тілдің нормалары мен стильдік жүйелері. Бұлар әдеби тілдің қоғамдық қызметімен астарласып жататындықтан, тіл мәдениеті ұғымының аясы кең.

Әдеби норма дегеніміз – тілдің таңдамалы, қолайлы, ой-пікірді дәл беруге жарамды, жалпыға ортақ жүйелері.

Әдеби нормалар

Лексикалық норма 

Грамматикалық норма

Орфоэпиялық норма 

Орфографиялық норма

Осы норма сақталғанда, сөзге, сөйлем жүйесіне, сөйлеу ырғағына, тіл көркемдігіне мән берген адамның ойы сындарлы, сөзі жатық болады.

Әдеби тілде орфографиялық норманы сақтау жазуда бірізділікті қалыптастырады. Орфографиялық нормадан ауытқуға, оны өзгертіп жазуға болмайды.

Орфоэпиялық норма адамның сөз мәдениетіні қандай екендігін көрсетеді. Сөздердің кейбірі жазылуы бойынша айтылса, күлкілі естіледі. Тілдік заңдылықтарға сәйкес олардың айтылуы бөлек. Мысалы: тәкәппар-тәкәппар, аппақ-әппәқ, көкөніс- көгөніс, ақ алма-ағ алма.

Сөздерді орнымен қолдана білсек, лексикалық норманы сақтағандық болып табылады. Лексикалық нормаға диалектизмдер, кәсіби сөздер, дөрекі сөздер мен жаргондар жатпайды.

Лексикалық норма бойынша тілдегі түрлі мағынадағы сөздерді таңдап қолдана білу керек. Тілімізде мағыналары бір-біріне жуық бірнеше сөздер синонимдік қатар құрайды. Мысалы, ұстаз, мұғалім, оқытушы деген сөздердің мағыналары бір-біріне жақын.

Әңгіме тәрбиелеуші жайлы болғанда, мәтінде ұстаз сөзін қолдану тиімді.

Ал белгілі бір пәннен мектепке сабақ беретін маман жайында әңгімеленсе, мұғалім сөзін қолдану орынды. Оқытушы сөзін жоғары оқу орындарында дәріс оқитын адам деген мағынада қолданамыз.

Грамматикалық норма – сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің сақталуы, қосымшалардың сөзге орфографиялық заңдылықтарды сақтай отырып жалғануы, осы арқылы ойдың дұрыс жеткізілуі.

Сөйлем мүшелерінің орын тәртібін сақтамаудан, қосымшаларды ретімен қолданбаудан, сөз тіркестерін дұрыс қолдана білмеуден грамматикалық норма бұзылады. Грамматикалық норманығ дұрыс қолданылмағанын тыңдаушы тез аңғарады.

Сынып төрт топқа бөлінеді. Оқушыларға мәтін үзінділері беріледі.Мәтін әдеби тіл нормалары сақталмаған сөздерді тауып, ережесін түсіндіреді.

1-топ.Лексикалық норма

2-топ.Грамматикалық норма

3-топ. Орфографиялық норма

4-топ.Орфоэпиялық норма

Жастарымыз неліктен елден кетіп жатыр?

Бүгінде елімізде орын алып отырған келеңсіздіктерге наразы адамдар аз емес. Бүйткенше шетел асып кетсем беекен деп толғанып жүргөндердің денін өзіне лайықты жұмыс таппаған жастар құрайтын сияқты. Әлеуметтік желінің белсенді қолданушыларының пікірлеріне назар аударайық:

Индира Смағұлова:  Бұл – жемқорлықтың әсерінен! Тек өздерінің қарақан басын ойлап, алғанның үстіне ала түсіп, жұтқанның үстіне жұта түсіп жатқан жемқор, сатқын, опасыз, жауыздардан ешқандай үмітсіз сайтан жоқ!

Баршын Ізбасар:  Рас айтасыз, жемқорлық қазырғы қоғамдағы ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕНІҢ бірі осы болып отыр. Білімді, мықты жастар әділетсіз қоғамнан ғашып, шетел асып жатыр. Тәп-тәуір азаматтар туралы «мұхит асып барад, қызметін шетелде жалғастырад» деген сөздерді естіген сайын ..жүрөк бірге жұлұнұп кетіп пара жатқандай. Амалсызбыз… Жастар өздерін Қазақстанға қажетсіз сезінед.

Бұл пікірлердің шындық екені рас, бірақ осы шындық еліміздің болашағына үлкен қауіп төндіреді. Үлкендеріміз жағдайы бар жерде өмір сүру керек деп қақсай беріп, жастарымызды тоғышарға айналдырып алған секілдіміз. Бәріміз ала басымыздың қамын ойлап, жақсы жер іздеп кете берсек, мына елде кім қалады, ата-бабамыздан қалған қасиетті жерге кім ие болады? Отансыз бақытқа жетеміз бе? Мәңгілік ештеме жоқ, бұл елді де биікке бастайтын адамдар гелер билікке. Байбаламға салынбай, ақырын гүтейік. Ең бастысы, құндұлұқтарымызды жоғалтпайық!

Бағалау дескрипторы:

Әдеби тілдің нормаларының бұзылуына 3 мысал тауып айтады;

Әдеби нормаға сай жазудың емлесін түсіндіреді;

1-топ .Лексикалық норма: ештеме, қақсай беріп, ала басымыздың, үмітсіз сайтан жоқ!

2-топ . Грамматикалық норма: қазырғы, адамдар гелер билікке, ақырын гүтейік,

3-топ. Орфографиялық норма: қоғамнан ғашып, асып барад, қызметін жалғастырад, қажетсіз сезінед, кетсем беекен

4-топ.Орфоэпиялық норма: жүргөндердің, жүрөк бірге жұлұнұп, үлкөөн, құндұлұқтарымызды

Кері байланыс

Қай стиьлдегі мәтіндерде әдеби тіл нормалары сақталмайды? Неліктен?

https://www.youtube.com/watch?v=hW-40AwzsUk

«Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алған жастар неге елімізде жұмыс істегісі келмейді?

Алғашқы 2 минуты көрсетіледі.

https://surak.baribar.kz/301874/

Кеспе қағаздар

http://www.zamana.kz/akparat/4051-zhastarymyz-nelikten-elden-bezip-ketip-jatyr

Сабақтың соңы 5 мин

Рефлексия

«3-2-1»

  • Үш маңызды ақпарат
  • Екі қиындық
  • Бір ұсыныс

Қосымша ақпарат

Дифференциация

Мүмкіндігі төмен оқушыларға мұғалім жеке нұсқаулықтар, түрткі сұрақтар беріледі, топтағы талқылаулар көмектеседі.

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Топтағы талқылауларды бақылаймын, оқушылардың маркерлеген мәтінін бақылаймын

Рефлексия кезінде ұсынған сұрақтар бойынша айтқан пікірлерінен ақпарат аламын

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Бірқатар оқушылардың өз біліміндегі ақаулары үшін алаңдамайтындай жайлы атмосфера тудыру

Оқушылар бірі біріне деген құрмет пен үйренуге ашықтық құндылықтарын дамыта алады

Слайд-презентация пайдаланылады

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу