Шешендік өнер және сөз мәдениеті. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Сабақ жоспары №1

Күні:

Тақырыбы: Сөз мәдениеті және шешендік өнер

Мектеп:

Мұғалімнің аты:

Сынып: 10

Қатысушылар саны:

келмегендер:

Оқу мақсаттары

Т/А6. Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу.

 Сабақ мақсаттары

Кез келген ортада сөйлеу әдебін сақтап , дұрыс сөйлеу.

 Бағалау критерийі

Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлейді.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: шешендік сөз, сөз мәдениеті, шешен сөйлеу, сөйлеу мәдениеті, т,б.

Құндылықтарды дарыту

Сөз өнерін дәріптеу

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, «Асусыз тауға кез болдым» https://www.youtube.com/watch?v=KcSXkNRKnNY

Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет

Осыдан бұрын алған білім

Алдыңғы сабақта «Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер»деген тақырыпта пікірталас ұйымдастырылып, оқушылар танымал өз көзқарастарын ортаға салып, бір-бірімен ой алмасты. Сонымен қатар оқушылар жайлы әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер зерттеулер жүргізді.

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Басы

Миға шабуыл

Сынып оқушылары мұғалімнің ортада ұстап тұрған түрлі түсті ленталардың бір ұшынан ұстап жұпқа бөлінеді. Құрылған жұп орындарына жайғасқан соң, бүгінгі сабақтың тақырыбы «Сөз мәдениеті және шешендік өнер» бойынша өз ойларымен жұпта бөліседі.

«Сұқ саусақ» әдісі бойынша сыныпта 2-3 жұп таңдалып солардың пікірімен танысады.

Түрлі түсті ленталар

Ортасы

Мәтінді талдау.

«Сократ семинары» әдісі бойынша жұмыс орындалады:

1-кезең сыныпқа мәтін таратылады, мәтінді түсініп оқиды , негізгі ойды анықтайды , тірек сөздерге көңіл аударады және мәтін мазмұнынан 2 сұрақ әзірлейді.

2-кезең тапсырма орындалып болған соң сынып шеңбер бойына жайғасады. Сұрақтар қойылып, жауаптар қайтарылады, толықтырылады.

Оқушылар мәтін мазмұны бойынша сыни шолу жасайды, өзіндік баға береді.

1. Шешендік өнер және сөз мәдениеті

Шешендік сөз-сөз мәдениетінің жоғарғы формасы. Шешендік ақыл-ойға негізделгендіктен, халық жадында сақталып, нақыл сөздер сияқты ұрпақтан-ұрпаққа қалып отырады.Шешен сөйлеу өнерінде де қарым-қатынасқа түсіп отырған адамдардың мінез құлқы,адами қасиеттері,сөйлеу мәдениеті мен тыңдау мәдениеті,әдеби тіл заңдылықтарын жетік білуі негізге алынады. Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ауызша тараған. Шешендік сөздің түрлері сан алуан:шешен әңгіме,шешендік толғау, діни сөз,шешен құттықтау сөз,шешен тілді баяндама,т.б «Шешендік өнер»(грекше-риторика)деген ұғым «шешен сөйлеу»дегенді білдіреді, латын тілінен алынған «шешендік өнер»термині «әдемі, сөйлей білу қабілеті» деген мағынада жұмсалады. «Шешендік өнер» ұғымы қазақ тілінде «шешендік»деген атаумен беріледі. Қазақтың ғұлама ғалымы А.Байтұрсынов: «Шешендік сөз дегеніміз-белгілі бір мәселені баяндау,сипаттау,белгілі бір ойдың ақиқаттығын түсіндіру,жүйесін босату,қанын қыздыру,намысын келтіру,арқасын қоздыру» ,-дейді.

Сергіту сәті «Атомдар, молекулалар»

Жаңа топтар құрылады.

Топтық жұмыс

«Сөйлеу мәдениетін көтеру» тақырыбында мәтін беріледі, топ мүшелері постерге мәтіннен негізгі ойды анықтап, «Фишбоун-Балық қаңқасы « әдісі арқылы тапсырманы орындайды. Жұмыс соңында постерлерін аудитория алдында қорғайды.

Басы – қозғап отырған мәселе

Үстіңгі бөлігі –мәселенің негізгі түсініктері

Астыңғы бөлігі–мәселенің себебі

Құйрық тұсы – мәселенің шешімі

2. Сөйлеу мәдениетін көтеру

Кез келген адам ортаға шығып сөйлерде қатты толқиды, өзіне – өзі сенімсіздік білдіреді. Тіптен білімдар, қоғам қайраткерлері, мекеме басшылары, беделді билік иелерінің өзі де кей жағдайда көпшілік алдында қысылып, үзіп-жұлып жүйесіз сөйлеп жатады. Ондай жағдайды болдырмас үшін:

  • Қатты ойланбау керек
  • Өзіне-өзі сену керек
  • Психологиялық дайындық керек
  • Көңіл-күйі мен сезімін билей алу керек

Сөйлеуге жақсы дайындалсаң, өзіңе сенімді боласың. Сөйлеуге дайындық – жауапты іс. Материалды қаншалықты жақсы білсең, соншалықты аз толқисың. Дұрыс, айқын, дәл, түсінікті, таза, және образды, эмоционалды сөйлеу керек. Сабақ кезінде, достарыңның, туыстарыңның арасында жиі сөйлеу қажет. Ол сені дамытып, сөйлеу мәдениетін көтереді.

Білімін көтеру. Шешен адам тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтып дәл сөйлеу керек, тауып сөйлеу керек. Ол үшін ойың айқын болу керек. Білімің терең болса, ойың айқын болады. Білімің терең болу үшін көп оқу керек. Көп оқу үшін іздену керек. Іздену үшін рух мықты болу керек. Рух мықты болса ғана жолда кездескен кедергілерді жеңе аласың.

Сөйлеу мәдениетін көтеру. Ең бірінші кезекте тіл тазалығын сақтауымыз керек. Керегі жоқ жерде жөн-жосықсыз орыс сөздерін кіргізбеу керек. Қыстырма сөздерді көп қолдану сөйлеушінің тілін кедейлендіріп, тыңдаушыны мезі қылады.

Жаргон сөздерді, дөрекі, тұрпайы сөздерді айтудан аулақ болу керек. Адамның тәрбиесі, мәдениеті, сауаттылығы оның сөйлеу тілінен аңғарылады. Мәдениеті жоғары, білімді, тәрбиелі оқушы ауызекі сөйлегенде де әдеби тілдің нормаларын сақтап, дөрекі, жаман сөздерді араластырмай ойын мәдениетті түрде жеткізеді. Сөйлеу мәдениетің жоғары болса, жақсы өмір сүресің және шешендікке қол жеткізесің. Сол себепті шешендік - тіл мәдениетінің жоғарғы формасы болып табылады.

Таратпа материалдар

Постерлер

Түрлі түсті қарындаштар

Соңы

Үйге тапсырма

Бағалау. Әр топ бағалау критерийі арқылы басқа топ жұмысын бағалап, қорытындысын айтады.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлейді.

  • шешендік өнер мен сөз мәдениетінің ерекшелігін таниды, өзіндік қорытынды жасайды;
  • жағдаятқа сай көпшілік алдында сөйлеу әдебін сақтап сөйлейді.

Кері байланыс:

1.Бүгінгі сабақта қандай жаңа ақпарат алдыңыз?

2.мәтінмен жұмыс істеуде Сократ әдісі тиімді болды деп ойлайсыз? Неліктен?

3.Мәтінді оқу барысында қандай ұлттық құндылықтармен таныстыңыздар?

4.Қай тапсырманы орындауда қиындық болды?

5. Сізге алдағы уақытта нені жетілдіру керек деп ойлайсыз?

7. Топтық жұмыста топ мүшелері өзара ынтымақтастықта жұмыс жасай алды ма?

Өзіңіз қалаған 2 сұраққа жауап жазыңыз.

Ғаламтор жүйесінен «Асусыз тауға кез болдым» атты бейне баянды көріп пікіріңізді білдіріп келіңіз.

https://www.youtube.com/watch?v=KcSXkNRKnNY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Стикерлер

Қосымша ақпарат

Білгенге - маржан!

Шешенге қойылатын талаптар

«Шешендік - білім нәтижесі» деген Цицерон шешен болу үшін ең басты үш нәрсені атап көрсеткен. Ол:Адам бойындағы талантТерең білімҚалыптасқан дағдыШешендік өнер – ұлы өнер. Оны игеру, оған ие болу оңай іс емес. Сондықтан да шешендерге артылар жауапкершілік пен қойылатын талап та үлкен.Шешенге қойылатын талаптар:Біріншіден - тілдік қабілеті молЕкіншіден - білімділікҮшіншіден - шыншылдықТөртіншіден - сөйлейтін мәселені анық білуБесіншіден - жинақылықАлтыншыдан – аңғарымпаздықШешен адам көпшілік алдында сөйлейтін болғандықтан, шешен өзін ұстау әдебін біліп, мәдениеттілік сақтауы тиіс.Шешеннің өзін ұстау әдебі мен мәдениеті:Біріншіден - бет - жүзі, дене қимылы шешен сөзінің табиғатына сәйкес болуы тиіс;Екіншіден - бет - жүзі, дене қимылы көмекші құрал болуы тиіс;Үшіншіден - ым - ишара шешен сөзінің әсерлігін арттыруы тиіс;Төртіншіден - ым - ишара табиғи болуы тиіс;Бесіншіден - дауыс саздылығы, мақам, сөз ырғағы, кідіріс.

Дифференциалау – сіз қалай қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?Қабілеттері жоғары оқушыларды қалай ынталандыруды жоспарлайсыз?

Шешендік өнердің даму деңгейі туралы сенің ойың қандай? ( берілген сұраққа жауап негізінде мақала жазу)

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Қорытынды жасау

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма?

Оқушылар бүгін не меңгерді?

Оқу атмосферасы қандай болды?

Мен жоспарлаған бөліну дұрыс болды ма?

Мен кестеге сәйкес жүрдім бе?

Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер жасадым және неге?

Төмендегі торкөзді өз сабағыңызға қорытынды жасау үшін қолданыңыз. Сіздің сабағыңыз туралы сол жақта орналасқан ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу