Ең кішкентай әлем елшісі. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары.
Бөлім: Әлемдегі қақтығыстар мен бейбітшілік | МЕКТЕП: Орал қаласы ФМБ НЗМ ПӘН: ҚАЗАҚ ТІЛІ мен ӘДЕБИЕТІ | |||||||
КҮНІ: | МҰҒАЛІМ: Сралиева М.Б. | |||||||
СЫНЫП: 9 Т1 | ОҚУШЫ САНЫ: | КЕЛМЕГЕНДЕР: | ||||||
Сабақтың тақырыбы: Ең кішкентай әлем елшісі | ||||||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары | 9.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдана білу | |||||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар:
Кейбір оқушылар:
| |||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||
Пәнаралық байланыс | Жаһандық перспективалар мен жобалық жұмыстар пәні Қазіргі әлемдегі Қазақстан | |||||||
Құндылықты дарыту | Жарқындылық, бір-біріне деген құрмет | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың кезеңдері | Сабақта орындалатын іс-әрекеттер | Ресурстар | ||||||
Басы 3 минут Ортасы 12 минут 10 минут 12 минут | Қызығушылықты ояту Ой талқы
Оқушыларға жаңа тақырып пен сабақтың оқу мақсаттары таныстырылады. Оқылым мәтіні Ең кішкентай әлем елшісі «Барлығы анамнан «Соғыс бола ма?» деп сұраған сәттен басталды. Теледидарда зымырандар мен ядролық қару туралы күн сайын көрсететін. Бірде мен қоғамдық теледидардан ғылыми бағдарлама көрдім және ғалымдар ядролық соғыс Жерді бүлдіріп, атмосфераны ластауы мүмкін екенін айтты. Ядролық соғысты ешкім жеңе алмайды. Бір күні таңертең тұрып: «Бұл жердегі ең соңғы күн болса ше?..» деген ойға қалдым». Бұл – бір мүшел жасқа да толмаған Самантаның сөзі. Саманта Смит (Samantha Smith) – 10 жасында Жер планетасының жайын ойлаған; – Жарты беттік хатымен əлемді шулатқан; – Екі елдің достығын нығайтуға себепкер болған əлемдегі ең кішкентай елші. Аңғарымпаз қыз 1972 жылы 29 маусымда АҚШ-тың Мэн штатында дүниеге келген. Әкесі Артур – ағылшын тілі мен әдебиетінің мұғалімі, ал анасы Джейн – әлеуметтік қызметкер. Ол он жасқа келгенде алпауыт елдер – АҚШ пен кезіндегі КСРО-ның (Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) келіспеген, тіпті кей тұста шиеленіскен қарым-қатынасы көптеген сарапшының сынына ілікті. Бұл КСРО билігінің басына жаңадан басшы келіп жатқан кезі еді. Ол бұрын Кеңес Одағында атынан ат үркетін Қауіпсіздік комитетінде жұмыс істеген әскери адам болатын. Әлем саясаттанушылары Одақтың жаңа басшысы елге қатаң тәртіп орнатады деген ойда болды. Осы ой АҚШ-тың басылымдарында да жазылды. Сол уақытта Америка халқы жаппай алып оқитын «Time» журналында Кеңес Одағы АҚШ-қа ядролық соғыс ашуы мүмкін екені айтылады. Баланың сұрағы Саманта жоғарыдағы сөзін әрі қарай былай сабақтайды: – Мен анамнан соғысты кім және не үшін бастайтынын сұрадым. Ол маған мұқабасында Ресейдің (Саманта кезіндегі барлық америкалықтар сияқты КСРО-ны бір сөзбен Ресей деп атайды – А.Ш) басшысы Юрий Андропов бар, Америка мен Ресей туралы оқиға жазылған жаңалықтар журналының жаңа санын көрсетті. Біз оны бірге оқыдық. Онда Ресей мен Америкадағы адамдар өзге елдің ядролық соғыс бастауына алаңдаулы екені жазылған. Бұл маған ақылға сыйымсыз көрінді. Екінші дүниежүзілік соғыстағы сұмдықтарды оқығанмын, енді әлдекім тағы бір соғыс жасағысы келеді. Анама Андропов мырзаға мына мәселелердің бәрін кім туындатып тұрғанын түсіндіруін сұрап хат жазуы керектігін айттым. «Неге өзің жазбайсың?» – деді. Сонымен, өзім жаздым. Сұрақтар:
1-тапсырма: Сұрақтарға жауап беріңіз. Дескриптор:
2-тапсырма: Оқылым мәтіні негізінде сұрақтар құрастырыңыз. Оқушылар тыңдалым мәтінінің мазмұнына сай жай сұрақ, бекіту сұрағын, интерпретация сұрағын, бағалау және шығармашылық сұрақтарын құрастырады. Сұрақтарын құрастырып болғаннан кейін жұптарымен алмасып, сұрақтарға жауап беріп, бір-бірін дескриптор бойынша бағалайды. Дескриптор:
| «Ең кішкентай әлем елшісі» «Ұлан» газеті, №1830 сәуір 2019 жыл | ||||||
Соңы 3 минут | Сабақтың соңында бағалау критерийлеріне қайта оралып, сабақты қорытындылау. Кері байланыс. Рефлексия | |||||||
Қосымша | ||||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларды дамытуды қалай жоспарлайсыз? | Бағалау – оқушылардың оқуын тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік ережелері АКТ сілтемелері Құндылықтар сілтемелері | ||||||
Рефлексия Сабақмақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістеренгіздім және неліктен? | ||||||||
Қорытынды бағалау | ||||||||
Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) | 1: 2: | |||||||
Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты) | 1: 2: | |||||||
Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?