Адам құқығы мен бостандығы. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары. 13 сабақ.
Сабақ жоспары №13
Күні: Тақырыбы: Адам құқығы мен бостандығы |
| ||||||||||
Сынып: 9 | Қатысушылар саны: | келмегендер: | |||||||||
Оқу мақсаттары | 9.2.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастыру. | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастыру, жауап беру. | ||||||||||
Бағалау критерийі | мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастыра алады. | ||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: сөз бостандығы, адам құқығы, ата заң, баспасөз еркіндігі. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: менің ойымша..., өз көзқарасымда ... , менің байқауымша... | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Адами құндылықты дәріптеу | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | «Ата заңымызда адам құқығы мен бостандығы басты құндылық екені жазылған», youtube.com, 20 қараша, 2015 , https://www.youtube.com/watch?v=RQWdLdV3I5Q | ||||||||||
Пәнаралық байланыс | Құқық , әдебиет | ||||||||||
Осыдан бұрын алған білім | Алдыңғы сабақта оқушылар «Адам құқығы білім саласы ретінде» «Конститутциялық құқық»мәтінін талдап, өз көзқарастарын ортаға салып, бір-бірімен ой алмасты. | ||||||||||
Жоспар | |||||||||||
Уақыт | Жоспарланған іс-шаралар | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы | Миға шабуыл : «Сөз бұлты» Оқушылар алдымен ««Ата заңымызда адам құқығы мен бостандығы басты құндылық екені жазылған» бейнебаянын көреді. Бейнебаянды көргеннен кейін «Адам құқығы мен бостандығы» тақырыбына байланысты сөздер мен сөз тіркестерін «Сөз бұлтына» жазады. Екі топқа бөлініп «Сөз бұлтында» берілген идеяларды топтастырады. Топ мүшелері жазғандарын тақтаға іледі. Әр топтың лидері шығып тақырып бойынша ойларын толық айтып шығады. | Слайд Мәтін , стикерлер, түрлі-түсті қарындаштар | |||||||||
Сабақтың ортасы | Оқылымалды тапсырмасы 1-тапсырма: мәтінді оқып, талқылау сұрақтарын құрастырыңдар. «Айналмалы бекеттер» әдісі 1. Оқушылар берілген сұрақтарға сүйеніп, мәселені, тақырыпты толығымен қамтиды, сондай-ақ олардың белсенділігі артып, жылдам қозғалады. 2. Бөлмеге адам құқығы мен бостандығы жайлы тақырыптар ілінген қағаз және түрлі-түсті қаламдар бар бірқатар бекеттер қойылады (оқушыларды қалам түстеріне қарай топқа бөлу қажет, әр топқа әр түсті қалам беріледі, осылайша топтар қандай үлес қосқанын көруге болады). 3. Әр топ өз бекетінің жанына орналасады. Берілген тақырып пен сұрақтарды талқылап, өз идеяларын газетке немесе тақтаға жазу үшін топтарға 5 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталғаннан кейін топтар кабинеттегі жаңа бекеттерге көшеді, ол бекетте бұған дейін болған топтардың идеяларын негізге ала отырып, талқылауды жалғастырады. Барлық топтар бекеттердің барлығын өтіп, өзге топтардың түсініктемелерін қарастырып болғанша әр 5 минут сайын топтар бекеттерін ауыстырып отырады. Қазақстанда сөз бостандығы қандай дәрежеде? «Қазақстандағы сөз бостандығы шектеулі жағдайда» деген тәуелсіз журналистер мен халықаралық ұйымдардың пікірімен ресми үкімет өкілдері келіспейді. Қазақстан президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев Қазақстанда «сөз бостандығы бар» деп есептейді. Оның айтуынша, Қазақстанның негізгі заңында, халықаралық талапқа сай, елдің әрбір азаматының ақпарат алуға құқылы екендігі көрсетілген. Сонымен бірге Т.Әбішев азаматтардың өздеріне қажетті кез келген ақпаратқа қол жеткізу құқығы жөнінде жеке заң қабылдануы қажет екенін айтады. - Қазақстандағы сөз еркіндігі, баспасөз бостандығына қатысты қандай да бір қиындықтар бар деп айту қиын, өйткені билікті ашық сынайтын «Тасжарған», «Свобода слова» секілді тәуелсіз басылымдардың ашық түрде таралып, халық қолына баруы - бұл елдегі сөз бостандығының алғышарттарының негізі болмақшы. Сондықтан Қазақстанда «сөз бостандығы» бар деп айта аламыз, - дейді Т.Әбішев. Алайда Қазақсанда шығатын «Тасжарған» газетінің бас редакторы Бақытгүл Мәкімбай бұл пікірмен келіспейді. - Қазақстанда сөз бостандығы, баспасөз еркіндігі мәселесін жақсы деп айтуға әлі ерте. Өйткені тәуелсіз басылымдар көптеген қиындықтарға ұшырайды, ал осы басылымдардың журналистері үнемі бақылауда, үлкен қысым жағдайында жүреді, - дейді журналист. ЮНЕСКО ұйымының Қазақстандағы бюросының жетекшісі Тарья Виртанан ханымның айтуынша, өткен жылы БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі жоғары комиссары Қазақстанға арнайы сапармен келіп, осындағы адам құқығы және сөз бостандығы жағдайымен танысып қайтқан соң, өзінің бағалауын жасаған болатын. Бұл бағалау бойынша Қазақстанның қазіргі қолданыстағы бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңы халықаралық норма, талаптарға сай еместігі, заңда ақпарат құралдары үшін көптеген шектеулер мен олқылықтардың бар екендігі айтылыпты. - ЮНЕСКО ұйымы Қазақстандағы және аймақтағы басқа елдердегі сөз бостандығына қатысты жағдайды жақсарту мақсатында үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеуге дайын, - деді ЮНЕСКО ұйымының Қазақстандағы өкілі. БҰҰ-ның Даму Бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары Стелиана Недера ханымның айтуынша, әлемнің кез-келген мемлекетіндегі азаматтық қоғамның қаншалықты деңгейде дамығандығы сол елдегі баспасөз еркіндігінің толық жағдайын көрсете алмақшы. - Яғни, бұл екі ұғымды бір-бірінен ажыратып бөлек қарауға әсте болмайды. Сөз еркіндігі, баспасөз бостандығы азаматтық қоғамның бір маңызды бөлшегі болып табылады. Қазақстандағы сөз еркіндігі, баспасөз бостандығы мәслесіне келер болсақ, БҰҰ- ның Даму Бағдарламасы бұл мәселе бойынша соңғы жылдары қандай бір зерттеу жұмыстарын жүргізген жоқ, сондықтан бұл жөнінде қандай бір баға айту қиын, - дейді С.Недера. Өткен жылы халықаралық «Freedom House» ұйымы әлемнің 195 еліндегі «сөз бостандығы», «баспасөз еркіндігі» мәселесіне зерттеу жасап сол зерттеу қорытындысы бойынша Қазақстан Тәжікстанмен бірге баспасөз еркіндігі нашар елдердің қатарында 166- орынды иеленген. Талқылау сұрақтары
Оқылым тапсырмасы 2-тапсырма: «Пайымдау сұрақтары» әдісі
Оқылымнан кейінгі тапсырма 3-тапсырма:«ТЕДХ» әдісі бойынша берілген тақырыпың бірін таңдап сынып алдына шығып екі минут өз ойын айту. 1. Адам құқығы мен бостандығы – ата заңымыздағы басты құндылық. 2. Адамзат құқығы мен сөз еркіндігі . | ||||||||||
Сабақтың соңы | Бағалау. Шығармашылық топ бағалау критерийі арқылы топ жұмысын бағалап, қорытындысын айтады.
Кері байланыс: БББ
|
| |||||||||
| Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? | ||||||||||
Қорытынды жасау Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма? Оқушылар бүгін не меңгерді? Оқу атмосферасы қандай болды? Мен жоспарлаған бөліну дұрыс болды ма? Мен кестеге сәйкес жүрдім бе? Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер жасадым және неге? | Төмендегі торкөзді өз сабағыңызға қорытынды жасау үшін қолданыңыз. Сіздің сабағыңыз туралы сол жақта орналасқан ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды