Мәңгілік Ел – мұратым. Қазақ тілі, 9 сынып, презентация. 9 сабақ.
І бөлім:Мәңгілік Ел – мұратым. Стилистика.
Сабақ мақсаты
9.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу
Орфография дегеніміз не?
Орфография (грекГрек тілі orfhos – дұрыс, gropho – жазамын) – сөздерді дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы және оны қарастыратын тіл білімінің бір саласы. Орфография дыбыстарды (фонемаларды) әріппен таңбалауды, сөздерді, оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас әріптердің қолданылуын, тасымал тәртібін белгілейді. Орфография емле мағынасында да қолданылып, тыныс белгілерінің қойылу тәртібін де көрсетеді. Мұндай ережелер:
фонематикалық, фонетикалық, тарихи-дәстүрлі, айырым принциптерінеПринцип негізделеді.
1-тапсырма. Орфографиялық принциптерді оқы, жұбыңа түсіндір.
Фонематикалық принцип көп жағдайда морфологиялықМорфологиялық (мұндай бет жоқ) принципке сәйкес келеді, мұнда белгілі бір фонемалық түрленімдер әліпбидегіӘліпби бір ғана әріппен белгіленеді.
Мысалы, басшы (башшы емес), түнгі (түңгі емес), саудагер (сәудегер емес).
Фонетикалық принцип бойынша сөз бөлшектерінің дыбыстық өзгерістері есепке алынып, айтылуы негізінде (естілуінше) жазылады. Қазіргі орфографиялық ереже бойынша кейбір жалқы есімдердің сыңарлары фонетикалық принципке негізделген (Ботагөз, Амангелді, т.б Тарихи-дәстүрлі принцип жазу-сызуы бір графикаГрафика негізінде қалыптасқан, өзгеріске түспеген тілдерге тән (ағылшын, француз, т.б.). Қазақ жазуында әліпбиӘліпби жиі ауысып отырғандықтан, бұл принцип сирек қолданылады.
Мысалы, тарих, халықХалық, хикаяХикая, қаһарманҚаһарман, т.б. сөздердің жазылуы осы принципке негізделген.
Айырым принципі бойынша дыбыстық құрылымы ұқсас сөздер шартты түрде Орфография арқылы ажыратылады: қан – хан, қауып – қауіп, өкімет – үкімет, т.б. Сөздердің бөлек не бірге жазылуы түрлі лексика-грамматикалық топтарды қамтиды да, сөзді, сөз тіркесін, күрделі сөздердіКүрделі сөз (мұндай бет жоқ) бір-бірінен ажыратып тұрады.
Тапсырмалар
2-тапсырма. Төмендегі мәтінді оқы. Мәтінді абзацтарға бөл. Негізгі идеясын анықта. Маңызды ақпараттарды теріп жаз.
3- тапсырма. Шылаулардың ережесін оқы. Негізгі қызметін анықта. 3- тапсырма. Шылаулардың ережесін оқы. Негізгі қызметін анықта.
4-тапсырма. Оқылған мәтіндегі шылаулардың астын сыз. Сен анықтаған шылаулар бас әріппен жазылып, жаңа сқйлемнен жазылып тұрғаны дұрыс па? Ойыңды шылау туралы ережеге негіздеп айт.
Шылаулардың қызметі
ЖАЛҒАУЛЫҚ ШЫЛАУЛАР.
Жалғаулық шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады. Жалғаулық шылаулар жалғаулықтар деп те аталады. Олар мыналар: мен (бен, пен), да (де, та, те), не, не болмаса, яки, немесе, я, және, әрі, біресе, бірақ, алайда, әйтпесе, өйткенмен, дегенмен, сонда да, әлде, өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті т. б.Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің немесе салалас кұрмаластың сынарларын әр түрлі мағыналық қатынаста байланыстырады. Ондай мағыналық қатынастар мыналар.
1. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: мен (бен, пен, менен, бенен, пенен), да, де, та, те, және, әрі.
2. Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: Бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да.
3. Талғаулықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде.
4. Себеп-салдарлык, қатынасты білдіретін жалғаулықтар: себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті.
5. Шарттық қатынасты білдіретін жалғаулыктар: егер, егер де.
5-тапсырма. Мәтін бойынша кестені толтыр.
Бағалау дескрипторы
Жұптық бағалау
Рефлексия
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?