Қоршаған орта және энергия ресурстары. Электр қуатын үнемдеу. Қазақ тілі, 8 сынып, дидактикалық материал. 7 сабақ.


Тыңдалым мәтіні.

 М.Жұмабаев «От» өлеңі (үзінді)

Күннен туған баламын,

Жарқыраймын, жанамын.

Күнге ғана бағынам.

Өзім - күнмін, өзім - от,

Сөзім, қысық көзімде - от,

Өзіме-өзім табынам.

Жерде жалғыз тәңірі - от.

Оттан басқа тәңірі жоқ.

Жалынмен жұмсақ сүйеді,

Сүйген нәрсе күйеді.

Жымиып өзі жорғалар.

Ұшырағанды шоқ қылар,

Шоқ қылар да, жоқ қылар.

Мұның аты От болар.

Мен де отпын - мен жанам.

От - сен, тәңірім, табынам...

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/olen/5169-ot.html© www.ZHARAR.com

 Сұрақтарды сынып ерекшелігіне сай өзгертуге болады.

  • Ақынның «от» деп отырғанын біз қалай түсінеміз.
  • Оттың қазақ халқы үшін қандай маңызы бар.
  • Мағжан бұл тақырыпты не себепті өлеңіне арқау етті?
  • Халқымыздың санасын ояту ма, рухын көтеру ме екен?!

 

 Қосымша:

 Мағжан өлеңіндегі от сөзі, отқа өзін теңеуі, сөзінің де от, өзінің де от екенін оның рухты ақын екендігін айғақтап тұр. Бойындағы жігері, қайнап жатқан қаны, бұлқынысы - бәрі де «От» өлеңінің мәні, мағынасы. От - әулие (киелі) болып саналады. Отқа түкіруге, ошақты басуға болмайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу