Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, презентация. 1 сабақ.
Оқу мақсаты
8.1.3.1 Мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау
Мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйеніп тақырыпты,көтерілген мәселені болжау;
Сөз тіркесінің байланысу тәсілдерін дәйексөздер мен үзінділер арқылы меңгеру
Бағалау критерийі
Дәйексөздер мен үзінділерге сүйеніп көтерілген мәселені болжайды
2. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдерін мәтіннен алынған дәйексөздер мен үзінділер арқылы көрсетеді
Топтық талқылау
Талқылау үшін сұрақтар.
1. Оқу мақсаты бізге түсінікті ме?
2. Оқу мақсатына жету үшін бағалау критерий қаншалықты көмектеседі?
3. Нәтижелерге жету үшін не істеу керек?
Топқа бөлу
АРМАН
МАҚСАТ
ЖЕТІСТІК
ТАБЫС
Тыңдалымалды тапсырмасы
1. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең.
2. Байқоңыр – Қазақстан мен ғарыш әлемін байланыстыратын көпір.
3. Біз болашағымызды ғарышпен тікелей бай-ланыстырып отырған елміз.
4. Ғарышқа ұшу – қазақтың кешегі арманы еді.
Бағалау критерийі:
1. Берілген дәйексөздер арқылы тақырыпты болжайды
2. Дәйексөздерге сүйенен отырып, көтерілген мәселені анықтап, өз болжамдарын айтады
Бағалау
Зымыран сұрақтар
1. Толық мағыналы кемінде екі сөздің тұлғалық және мағыналық жағынан байланысқан тобы қалай аталады?
2. Сөздердің байланысуы қай жерде анықталады?
3. Сөз тіркесі болу үшін сөздер .... байланысады.
4. Септік, жіктік, тәуелдік жалғаулары арқылы байланысуды .... дейміз.
5. «Досым үшін ұялдым» сөздер қандай тәсіл арқылы байланысқан?
6. Сөздер ешбір жалғаусыз байланысса,онда ол...
7. «Мектеп – кеме, білім – теңіз», «Мен оқушымын» сөздері өзара қалай байланысып тұр?
Тапсырма ЖЖ/Т
І. Топтарыңызға ұсынылған дәйексөздерден сөз тіркестерін жасап шығыңыз
ІІ.Сіз жасаған сөз тіркестері қандай тәсілмен жасалған?
Сөз тіркестерінің байланысу тәсіліне байланысты қандай қорытынды шығардыңыз?
Бағалау критерийі
1. Берілген дәйексөздерден сөз тіркестерін жасайды
2. Сөз тіркестерінің жасалу тәсілдерін анықтайды
3. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдеріне байланысты қорытынды жасайды
Топаралық бағалау
Тыңдалым тапсырмасы
Ғарыш саласының жетістіктеріhttp://kazakh-tv.kz/kz/view/news_kazakhstan/page_178091_ulttyk-harysh-salasynyn-zhetistikteri-talkylandy1-топ.
Ұлттық ғарыш агенттігі соңғы жеті жарым жылдың ішінде үлкен белестерді бағындырды. Дамыған елдердің өзі бұндай жетістіктерге ондаған жылдар бойы келген. Қандай белестерді бағындырды деп ойлайсыз? Болжамыңызды жасаңыз.
2-топ
Халықаралық әріптестеріміз арқылы түсірілген материалдарды шет елдерге сатамыз. Биыл бұл бағытта алғаш рет қадам басып отырмыз. Бастамамыз жаман емес. Сыртқы сұраныстар бойынша 100 млн теңгенің тапсырысын орындадық. Бұл негізінен Мысыр, Судан Африка, Еуропа елдері мен көршілес Ресей, Украина мен Беларусь мемлекеттері. Қандай материалдар түсіруі мүмкін? Болжамыңызды жасаңыз.
3-топ
Бүгінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық Компаниясы техникалық және ғылыми бағыттағы екі жер серіктің құрылысын аяқтады. Отандық ғарыш аппараттары жыл соңына дейін негізгі мақсаттарына кіріседі деп жоспарлануда. Жер серіктерінің қызметі қандай? Болжамыңызды жасаңыз.
4-топ.
Қазіргі таңда Қазақстандық мамандар ғарыш әлемінің жетекші оқу орныдарында ғарыш саласына қажетті кәсіптердің иелері атанды. Қалай ойласыз, енді. Қазақстанда ғарышкерлер көбейеді ме? Болжамыңызды жасаңыз.
Бағалау критерийі
1. Үзінділерді қолдана отырып, көтерілген мәселені болжайды
2. Ойларын нақты дәлелмен жеткізеді
Топаралық бағалау.
Әр топ дайын бағалау критерийі бойынша бір-бірін бағалап шығады.
Кері байланыс. Топтардың тапсырманы орындаудаға жетістіктері мен ұсыныстар
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
1. «Ғарыш жетістіктері» кластер жасау2. Сөз тіркестерімен жұмыс1-топ.
Еліміз 25 жылда ғарыш саласында ауыз толтырып айтарлықтай табыстарға жетті.
Суз тіркесі Сөз тіркесінің жасалу тәсілі
2-топ
Аспан әлемін зерттеуге қажетті ғарыш кемелері өзімізде құрастырылады.
Суз тіркесі Сөз тіркесінің жасалу тәсілі
3-топ
Жерді қашықтықтан зонттау кешені биыл ел қазынасына 6 миллиард теңгеге жуық кіріс әкелген.
Сөз тіркесі Сөз тіркесінің жасалу тәсілі
4-топ
«KazEOSat-1» және «KazEOSat -2» атауы берілген қос жер серік тәулік бойы жер бетін зерделейді.
Сөз тіркесі Сөз тіркесінің жасалу тәсілі
Бағалау критерийі
1. Үзіндіден сөз тіркестерін жасайды
2. Сөз тіркесінің жасалу тәсілін дұрыс анықтайды
Бағалау
Рефлексия
Оқу мақсатына жеттік пе?
2.Оқу мақсатына жету үшін не істедіңдер?
3.Топтық жұмыстың көмегі болды ма? Неге?
4. Көтерілген мәселені болжау үшін үзінділер мен дәйексөздер қаншалықты тиімді болды?
5.Сөз тіркестерінің байланысу тәсілдері не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды