Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Қазақ тілі 8Т1

Пән:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны: 24

Қатыспағандар саны:

  • Бөлім

4-бөлім: Ғарышты игеру жетістіктері

Оқу бағдарламасына сілтеме

8.1.3.1 Мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау.

Оқу мақсаттары

Мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйеніп тақырыпты,көтерілген мәселені болжау;

Сөз тіркесінің байланысу тәсілдерін дәйексөздер мен үзінділер арқылы меңгеру

Бағалау критерийі

  • Дәйексөздер мен үзінділерге сүйеніп көтерілген мәселені болжайды
  • Сөз тіркесінің байланысу тәсілдерін мәтіннен алынған дәйексөздер мен үзінділер арқылы көрсетеді

Құндылықтар

Бұл сабақ академиялық тұтастық, бірлік пен командалық жұмысты, жауапкершілікті және көшбасшылықты дамытуға бағытталған.

Мәдениетті қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін белгілеу арқылы жүзеге асырылады, топта жұмыс жасау арқылы оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді.

Тілдік мақсаттар

Сөздер мен сөз тіркестер: ғарышты игеру жетістіктеріне байланысты өзіндік көзқарасын білдіруде ғарышқа байланысты сөздер мен сөз тіркестерін қолданады.

Пән лексикасы және терминология: ғарыш, ғарыштың жетістіктері, ғарышкерлер, зымыран, Байқоңыр ұшыру айлағыт.с.с

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Біздің пікірімізше......

Себебі....

Бұған дәлел......

Қорыта айтқанда,....

Пәнаралық байланыс

Физика, астрономия сабақтарымен байланыс

Алдыңғы білім

7-сыныпта қалыптасқан дағдылар, білімдік және ақпараттық ресурстар

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

5 мин

Мұғалім оқу мақсаты мен бағалау критерийін таныстырады. Бағалаудағы критерийлердің маңыздылығы мен рөлін түсіндііеді.

Оқушылар топта оқу мақсаты мен бағалау критерийін талқылайды.

Талқылау үшін сұрақтар.

  • Оқу мақсаты бізге түсінікті ме?
  • Оқу мақсатына жету үшін бағалау критерий қаншалықты көмектеседі?
  • Нәтижелерге жету үшін не істеу керек?

Топқа бөлу

Арман, мақсат, жетістік , табыс сөздері жазылған суреттер арқылы оқушыларды 4 топқа бөлу.

Тыңдалым алды тапсырмасы

Т

Оқушылар топта тақтада көрсетілген дәйексөздерге сүйене отырып, сабақтың тақырыбына, онда қандай мәселе көтеретіні жөнінде болжам жасайды. Әр топ өз болжамын айтады. Алдымен топтар өз топтарының атына сай келетін дәйксөзді таңдап алады. Сол бойынша көтерілген мәселеге болжам жасайды

  • Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең.
  • Байқоңыр – Қазақстан мен ғарыш әлемін байланыстыратын көпір.
  • Біз болашағымызды ғарышпен тікелей байланыстырып отырған елміз.
  • Ғарышқа ұшу – қазақтың кешегі арманы еді.

Бағалау критерийі:

  • Берілген дәйексөздер арқылы тақырыпты болжайды
  • Дәйексөздерге сүйенен отырып, көтерілген мәселені анықтап, өз болжамдарын айтады

Бағалау.

Мұғалім топтың жауаптарын смаилик арқылы бағалайды.

Оқушылардың жауаптарына кері байланысын береді.

Бағалау смайликтері

Сабақтың ортасы

3 мин

5мин

9 мин

8 мин

Мағынаны ажырату

Ойқозғау.

С

«Зымыран сұрақтар» әдісі

Оқушылар төмендегі сұрақтарға сынып болып жауап береді.

  • Толық мағыналы кемінде екі сөздің тұлғалық және мағыналық жағынан байланысқан тобы қалай аталады?
  • Сөздердің байланысуы қай жерде анықталады?
  • Сөз тіркесі болу үшін сөздер .... байланысады.
  • Септік, жіктік, тәуелдік жалғаулары арқылы байланысуды .... дейміз.
  • «Досым үшін ұялдым» сөздер қандай тәсіл арқылы байланысқан?
  • Сөздер ешбір жалғаусыз байланысса,онда ол...
  • «Мектеп – кеме, білім – теңіз», «Мен оқушымын» сөздері өзара қалай байланысып тұр?

Мұғалімнің оқушылардың жауабына кері байланысы.

ЖЖ/Т

Оқушылар жұпта өз топтарына сай таңдап алған дәйексөздерден сөз тіркестерін жасап шығады,жасалу тәсілдерін анықтайды..Жұптық тапсырманы топта топтастырады. Өзіндік қорытынды шығарады

Тапсырма

І. Дәйексөздерден сөз тіркестерін жасап шығыңыз

ІІ.сіз жасаған сөз тіркестері қандай тәсілмен жасалған?

ІІІ. Сөз тіркесінің байланысу тәсіліне байланысты қандай қорытынды шығардыңыз?

Бағлау критерийі:

  • Берілген дәйексөздерден сөз тіркестерін жасайды
  • Сөз тіркестерінің жасалу тәсілдерін анықтайды
  • Сөз тіркесінің байланысу тәсілдеріне байланысты қорытынды жасайды

Топаралық бағалау

Мұғалімнің кері байланысы

Тыңдалым.

Оқушылар «Ғарыш саласының жетістіктері» тақырыбында мәтінді тыңдайды.

Тыңдалым мәтіні бойынша берілген үзінділерге сүйенен отырып, көтерілген мәселені болжайды.

1-топ.

Ұлттық ғарыш агенттігі соңғы жеті жарым жылдың ішінде үлкен белестерді бағындырды. Дамыған елдердің өзі бұндай жетістіктерге ондаған жылдар бойы келген. Қандай белестерді бағындырды деп ойлайсыз?

2-топ

Халықаралық әріптестеріміз арқылы түсірілген материалдарды шет елдерге сатамыз.  Биыл бұл бағытта алғаш рет қадам басып отырмыз. Бастамамыз жаман емес. Сыртқы сұраныстар  бойынша 100 млн теңгенің тапсырысын орындадық. Бұл негізінен Мысыр, Судан Африка, Еуропа елдері мен көршілес Ресей, Украина мен Беларусь мемлекеттері. Қандай материалдар түсіруі мүмкін?

3-топ

Бүгінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық Компаниясы техникалық және ғылыми бағыттағы екі жер серіктің құрылысын аяқтады. Отандық ғарыш аппараттары жыл соңына дейін негізгі мақсаттарына кіріседі деп жоспарлануда. Жер серіктерінің қызметі қандай?

4-топ.

Қазіргі таңда Қазақстандық мамандар ғарыш әлемінің жетекші оқу орныдарында ғарыш саласына қажетті кәсіптердің иелері атанды. Қалай ойласыз, енді. Қазақстанда ғарышкерлер көбейеді ме?

Бағалау критерийі:

  • Үзінділерді қолдана отырып, көтерілген мәселені болжайды
  • Ойларын нақты дәлелмен жеткізеді

Топаралық бағалау.

Әр топ дайын бағалау критерийі бойынша бір-бірін бағалап шығады.

Мұғалімнің кері байланысы. Топтардың тапсырманы орындаудаға жетістіктері мен ұсыныстарын айтады

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Т

«Ғарыш жетістіктері» тақырыбында берілген сөз тіркесіне әр топ А3 парағына кластер жасайды. Тапсырманы орындауға 1 минут беріледі. Орындаған тапсырмаларын тақтаға іледі. Бір-бірінің жұмысымен танысады.

Ғарыш жетістіктері

Ж

Әр топқа тыңдалым мәтінінен үзінділер беріледі.Тапсырманы топтағы әрбір оқушы дәптерге жеке орындайды Оқушылар үзінділерден сөз тіркесін жасайды, сөз тіркесінің тәсілін анықтайды.

1-топ.

Еліміз  25 жылда ғарыш саласында ауыз толтырып айтарлықтай  табыстарға жетті.

Сөз тіркесі

Сөз тіркесінің жасалу тәсілі

2-топ

Аспан әлемін зерттеуге қажетті ғарыш кемелері өзімізде құрастырылады.

Сөз тіркесі

Сөз тіркесінің жасалу тәсілі

3-топ

Жерді қашықтықтан зонттау кешені   биыл ел қазынасына  6 миллиард теңгеге жуық кіріс әкелген. 

Сөз тіркесі

Сөз тіркесінің жасалу тәсілі

4-топ

«KazEOSat-1»  және «KazEOSat -2» атауы берілген қос жер серік тәулік бойы жер бетін зерделейді.

Сөз тіркесі

Сөз тіркесінің жасалу тәсілі

Бағалау критерийі:

  • Үзіндіден сөз тіркестерін жасайды
  • Сөз тіркесінің жасалу тәсілін дұрыс анықтайды.

Бағалау.

Оқушылар шеңбер бойымен дәптерлерін жылжыта отырып, бір-бірінің тапсырмаларын тексеріп шығады, критерий бойынша бағалайды. Кері байланыс береді. Кері байланысты дәптерге тапсырманың соңына жазады.

Мұғалім аралап жүріп бір жақсы орындалған тапсырма мен бір орта орындалған тапсырманы таңдап, бағалаушы оқушыға дауыстатып оқытып, бағалатып, кері байланысын тыңдайды.

Мұғалімнің кері байланысы.

Не жақсы болды? Нені жақсарту керек?

https://itest.kz/ru/lekciya_soz_tirkesi_soz_tirkesining_bajlanysu_tasilderi_men_turleri_soz_tirkesining_sintaksistik_qatynastary_kazakhskij_yazyk_sintaksis_ru

сөз тіркесі

I Test

http://kazakh-tv.kz/kz/view/news_kazakhstan/page_178091_ulttyk-harysh-salasynyn-zhetistikteri-talkylandy

Ғарыш саласының жетістіктері

Қазақ ТВ

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс.

«Диалог» әдісі

1.Оқу мақсатына жеттік пе?

2.Оқу мақсатына жету үшін не істедіңдер?

3.Топтық жұмыстың көмегі болды ма? Неге?

4. Көтерілген мәселені болжау үшін үзінділер мен дәйексөздер қаншалықты тиімді болды?

5.Сөз тіркестерінің байланысу тәсілдері не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

Ауызша кері байланыс

Қосымша мағлұматтар

 Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу