Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, презентация. 2 сабақ.


Ғарышты игеру жетістіктері. Байқоңыр

Топқа бөлу.

1. Сөйлеу мәдениеті дегеніміз не?

2. Сөйлеу мәдениетін дамыту үшін не істеу қажет?

3. Оқу мақсатына назар аударыңыз. Сөйлеу мәдениетімен қандай байланысы бар деп ойлайсыздар

4. Оқу мақсатына жету үшін қандай бағалау критерийін құрастыруға болады? Неге?

5. Сіз таңдаған қалпақ түстері нені білдіреді?

6. Сіз таңдаған түстердің сөйлеу мәдениетіне қандай қатысы бар?

ОҚУ МАҚСАТЫ

8.1.6.1. Коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу

Бағалау критерийі:

1. Жағдаятқа сай ғылыми, халықаралық, ғылыми дерекерді орынды қолданады

2. Диалог, монологта өз ойына дәлел келтіреді

3. Айтылым барысында ойын жүйелі жеткізеді

Тыңдалым алды тапсырмасы

Тақырыпқа сай ғылыми терминдерді, халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді А3 парағына жазып шығыңыздар..

Бағалау критерийі

1. Тақырыпқа сай ғылыми, халықаралық және ғылыми деректерді жазады

Бағалау

Тыңдалым. https://www.youtube.com/watch?v=LdMMgM4Boms Байқоңыр. «Білім ленд» сайты

Тапсырма.

1. Тыңдалым мәтінінен ғылми терминді, халықаралық терминді және ғылыми деректерді теріп жазыңыз.

2. Терминдерді жазып алу үшін, топ ішінде өзара бөлісіп алыңыздар.

Еске түсірейік.

Оқу мақсатын еске түсірейік.

Оқу мақсатына жеттік пе? Неге?

Оқу мақсатына жету үшін қандай қадамдар жасауымыз керек?

Диалог құрастыру.

Дәптерлеріңізге жазған ғылыми, халықаралық терминдерді және ғылыми деректерді қолданып, диалог құрастырыңыздар.

1. Қызыл қалапқ тобы күнделікті өмірдегі, тұрмыстағы қарапайым диалог құрастырады. Қызыл қалпақтың түсіне сай эмоциялар,болжамдар, алдын ала сезу мәселелерін диалогта қолданады

2. Сары қалпақ тобы іскерлік қатынастағы диалог құрастырды. Диалог құрастыруда позетивті ойларды қолданады

3. Жасыл қалпақ тобы сұхбат құрастырады. Сұхбат алу барысында шығармашылық өсу, түрлі идеяларды қолданып сұрақ әзірлейді

Монолог құрастыру

Дәптерлеріңізге жазған ғылыми, халықаралық терминдерді және ғылыми деректерді қолданып,монолог құрастырыңыздар.

1. Ақ қалпақ тобы «Байқоңырдың жетістіктері» тақырыбында оқылатын баяндаманы әзірлеңіздер. Баяндама әзірлеуде тек қана фактілер қолданыңыздар.

2. Қара қалпақ тобы ғарышты игерудегі ғалымның өз -өзімен сырласу, сөйлесу түріндегі ойын әзірлеңіздер. Ойды әзірлеуде мәселенің негативті жақтарын қолданыңыз.

Көк қалпақ тобы риторикалық сұрақтарды қолдану арқылы ғарышкердің жеке отырғандағы ішкі толғанысын әзірлеңіз. Ойыңызбен мәселеге шолу жасаңыз, шешім ұсыныңыз.

Бағалау критерийі

1. Диалог, монологта ғылыми, халықаралық, ғылыми деректерді орынды қолданады

2. Диалог, монологта ойын дәлелді жеткізеді

3. Сөйлеу барысында ойын жүйелі жеткізеді

Топаралық бағалау. Кері байланыс

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

«ПОПС формуласы» әдісі.

Ғарышты игерудің жетістіктері туралы ойыңызды ғылыми, халықаралық терминдер мен ғылыми деректерді қолдана отырып,4 сөйлемнен тұратын мәтін жазыңыз

Менің ойымша.....

Себебі ....

Бұған дәлел....

Қорыта келе,...

Бағалау критерийі:

1. Ғылыми,халықаралық терминдер мен ғылыми деректерді орынды қолданады

2. Ойын дәлел келтіреді

Өзін-өзі бағалу. Оқушы бағалау критерийі бойынша өзін бағалайды.

Ғылыми терминдерді қолдана алдым

Халықаралық терминдерді қолдана алдым

Ғылыми деректерді қолдана алдым

Ойыма дәлел келтіре алдым

Сабақ бойынша идеяларыңызды, түсініктеріңізді, ұсыныстарыңызыд, шешімдеріңізді, қиын болған тұстарын жазып себетке салыңыз.

Үй тапсырмасы

«Байқоңыр - қазақтың болашағы» тақырыбында әр топ 3 слайдтан тұратын презентация жасап келеді.

Бағалау критерийі:

Презентация тақырыпқа сай құрылған

Ғылыми, халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді қолданады

Ойларын жүйелі әрі дәлелді жеткізеді

1 слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу