Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Қазақ тілі 8Т1
Пән: | Мектеп: | ||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: 24 | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||
| 4-бөлім: Ғарышты игеру жетістіктері | ||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сілтеме | Т/А 6. Сөйлеу мәдениетін дамыту | ||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | 8.1.6.1. Коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу | ||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
| ||||||||||||||||
Құндылықтар | Бұл сабақ академиялық тұтастық, бірлік пен командалық жұмысты, жауапкершілікті және көшбасшылықты дамытуға бағытталған. Мәдениетті қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін белгілеу арқылы жүзеге асырылады, топта жұмыс жасау арқылы оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді. | ||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Сөздер мен сөз тіркестер: ғарышты игеру жетістіктеріне байланысты өзіндік көзқарасын білдіруде ғарышқа байланысты сөздер мен сөз тіркестерін қолданады. Пән лексикасы және терминология: ғарыш, ғарыштың жетістіктері, ғарышкерлер, зымыран, Байқоңыр ұшыру айлағы.с.с Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Біздің пікірімізше...... Себебі.... Бұған дәлел...... Қорыта айтқанда,.... | ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Физика, астрономия, тарих сабақтарымен байланыс | ||||||||||||||||
Алдыңғы білім | Дәйексөздер мен үзінділерді қолдану арқылы көтерілген мәселені болжап, өз пікірлерін білдірді | ||||||||||||||||
Сабақтың түрі | Аралас сабақ | ||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||
Уақыт | Жоспарланған жұмыс түрлері | Ресурстар | |||||||||||||||
Сабақтың басы 7- мин | Оқу мақсатын таныстыру. Оқушылар оқу мақсатын талқылайды. Талқылау үшін сұрақтар:
Оқушыларда оқу мақсаты туралы түсінік қалыптасқаннан кейін топқа бөлу әрекеті жүзеге асады. Топқа бөлу Оқушыларды суреттер арқылы 6 топқа бөлу. Оқушылар топқа бөлінген соң, өздерінің суреттерін ғарышты игеру мәселесімен байланыстырады.
1-топ 2-топ
3-топ 4-топ
5-топ 6-топ «Суреттер сөйлейді» әдісі. Оқушыларға сұрақ.
| ||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 3 мин 4 мин 13 мин 8 мин | Тыңдалым алды тапсырмасы Т Суреттеріңіз бен ғарышты игеру мәселелсін байланыстыру үшін тақырыпқа сай ғылыми, халықаралық терминдер және ғылыми деректерді жазып шығыңыздар. Сіздерге 1 минут беріледі. 1 минутта көп терми жазған топ жеңімпаз атанады. Ал, кеттік! Бағалау критерийі:
Бағалау. «Оқушылардың қошеметі» әдісі. Тыңдалым Оқушылар « ХАБАР NEWS» сайтынан алынған « Айдын Айымбетов ғарышта бірнеше ғылыми тәжірибе жүргізеді» тақырыбындағы мәтінді тыңдайды. «Түртіп алу» стратегиясы Оқушылар тыңдалым тапсырмасын тыңдап отырып, дәптерлеріне ғылыми, халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді жазып алып отырады. Тапсырма.
Тапсырма2 ҚБ
Полоилог. С Полилогқа қатыспас бұрын оқушылардан полилог туралы түсініктерін тексеріп алған жөн.Оқушылар жауап бере алмаған жағдайда мұғалім көмекке келеді.
1-топ берілген пікірмен келісетінін жеткізеді, 2-топ берілген пікірмен келіспейтінін айтады. Полилогта топтың барлық мүшелері өз пікірін айтуға қатысады. Бір оқушы бастайды, қалғандары сол ойды дамытып, дәлелдер келтіре отырып, өз көзқарастарын жеткізеді.Сөйлеу барысында дәптерлеріне жазып алған ғылыми, халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді қолданып сөйлейді. Полилогта ойдың басы, ойды дамыту, ойды қорыту құрылымы сақталу керек. 1-2 -топ «Ғарышты зерттеу - экономиканы жақсартудың бір жолы» тақырыбында полилогқа қатысады. 1-топ келісемін 2-топ келіспеймін
3-4-топтар «Ғарышты зерттеудің экология саласында маңызы зор» тақырыбында полилогқа қатысады. 3-топ келісемін 4-топ келіспеймін 5-6- топтар «Африкада қардың жаууы, Арктикада күннің ысуы сияқты ауа райының құбылмалы болуы ғарышты игеруден болған жағдай» тақырыбында полилогқа қатысады 5-топ келісемін 6-топ келіспеймін Бағалау критерийі.
Топаралық бағалау «Дауыс беру» әдісі. Алғашқы топтар полилогқа қатысып жатқанда қалған топтар дауыс беруге дайындалып отырады. Жауаптары бағалау критерийіне сай әрі өте ұтымды пікірлер айтқан топқа өз дауысын бере алады (өзі дауыс беретін топқа стикер жапсырады).Әр топтан бір дауыс беріледі. 30 секунд ішінде топ келісімге келеді. Мұғалімнің кері байланысы. Мұғалім оқушылар полилогқа қатысып жатқанда оқушылардың ұтымды жауаптары мен толықтыруды қажет ететін немесе орынсыз пікірлерді өзіне түртіп алады. Бағалудан соң, мұғалім жиналған стикердің санына байланысты өзінің кері байланысын береді. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Ж Тапсырманы оқушылар дәптерге жеке орындайды. Тапсырма «Өте қысқа мәтін» әдісі «Біздер жер бетінде жүргенде жер ананың шеті мен шегі жоқ кең дүние деп елестетеміз ғой. Ал ғарыштан қарағанда жердің тұңғиық кеңістік тұрған қорғансыз планеталардың бірі екенін байқайсың. Ғарыш кемесінің иллюминаторынан қарағанда жершарын аялаудың қаншалықты маңызы зор екенін түсіндім.» Ғарышкердің ойын дамытып жазыңыз.Жазу барысында ғылыми, халықаралық терминдер, ғылыми деректерді қолдан отырып жазыңыз. Мәтінді жазуға 5минут беріледі Бағалау критерийі:
Өзін-өзі бағалу. Оқушы бағалау критерийі бойынша өзін бағалайды. Мұғалім мысал ретінде бір оқушының жұмысын дауыстатып оқытып, өзіне бағалатып, оған кері байланыс береді.
Мұғалімнің кері байланысы. | https://www.youtube.com/watch?v=xhmh71XlQS4 Айдын Айымбетов ғарышта бірнеше ғылыми тәжірибе жүргізеді ХАБАР NEWS | |||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия Оқу мақсатына жеттіңіз бе? Оқу мақсатына жетуде сізге не көмектесті? Оқу мақсатына жетуде бағалау критерийі көмектесті ме? Қай тапсырманы орындауда қиындықтар туды? Неге? Үйге тапсырма: ғылыми және публицистикалық стильдің ерекшеліктерін қайталап келу. | Ауызша кері байланыс | |||||||||||||||
Қосымша мағлұматтар | |||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | |||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды