Тастарға тіл бітірген. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.
Қысқа мерзім жоспары
7-сабақ
Бөлім тақырыбы: Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты -жөні: | ||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 8 | Сабаққа қатысушылар: Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Тастарға тіл бітірген | ||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | Т/А 8.1.1.1 - мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау; Ж8.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| ||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | тыңдалым материалы бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін жазу
| ||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат | Пәннің лексикасы мен терминологиясы: этникалық құрам, Іле өзенінің Кетмен тау жотасының қия жартасына қашалған руникалық жазу, шумерлік жазу т.б. Диалог пен жазба жұмыстарындағы тілдік қолданыс: -Меніңше, сенің айтқаның дұрыс, дегенмен..... - әрине... -сайып келгенде... -автор айтқандай..., ғылымның арқасында ..., Мәтінде «.....» берілген, т.б. Жұптық тапсырмада тастарға тіл бітірген қайсар мінезді, ғылым жолында адалдықты мақсат тұтқан, нағыз ғылым жасаушы тұлға – көне түркітанушы Алтай Аманжолов туралы әңгімелеседі. | ||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Бұл сабақ оқушыларды қазақстандағы көне түркілік жазба мұрағаттар тілін зерттеуші А.Аманжоловтың еңбегімен танысып, талдауға бағыттайды. | ||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих, әдебиет | ||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Көне жазба ескерткіші туралы соңғы сабақ. Оқушылар бұған дейін қазақ әдебиеті, тарих пәндерінен Орхон –Енесей жазба ескерткіштері туралы хабардар. Бұл сабақта көне жазба ескерткіштерін зерттеген ғалымдардың еңбегі туралы білімдерін кеңейтеді. | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Қорлар | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы | Қызығушылықты ояту: «Саяхаттаушы ақпараттар» әдісі. Сыныптың әр бұрышына мұғалім сөйлем немесе сөздерді (бүгінгі сабақ тақырыбына қатысты, мысалы дарынды түркітанушы, ата-баба жазуының этногенезі т.б. ) ақ параққа жазып іліп қояды. Оқушылардың қолдарына сол сөз немесе сөйлемдердің жауабын немесе сұрағын карточкаға жазып береді. Оқушылар сыныпты айналып жүріп, өзінің қолындағы тапсырмаға қатысты парақты табады. Барлығы тауып болған соң бірлесе жүріп әр парақтың жанына барады. Өз парағының жанына келгенде, сол оқушы өзіне қатысты оқу материалын түсіндіреді. | Интербелсенді тақта, тақырыпқа қатысты слайдтар, суреттер, кестелер, А4 парағы, оқулық | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақ ортасы | 1-тапсырма. Алдымен, оқушылар тыңдалатын мәтіннен берілген үзіндіге болжам жасайды. А.С.Аманжоловтың еңбегі туралы мәтінді толық тыңдайды: ..Түркілік деп танылатын жазудың қыр-сырын таныған қазақ ғалымының жүрегі осылайша елжірей соғып, тарихтың қатпар-қатпар көне шежіресінен қазақ жазуының да өзіндік сілем-ізін іздеп, заманалар шаңы басса да, тот баспас сары алтындай сақталған жазудың ізін қалың соқпақ жолдардың арасынан сарыла жүріп, тауыпты. Талас, Іле, Сыр, Ертіс өзендері бойынан табылған біршама көне руникалық жазудың бар екені анықталған тұста, соны оқып, сырын ашқан бірден-бір ғалым Алтай Сәрсенұлы екенін ел біледі, мойындайды. Айталық, Іле өзенінің Кетмен тау жотасының қия жартасына қашалған руникалық жазуды үш жерден тауып, суретін түсіріп, оқыған, Есік қаласының іргесінен ашылған сақ дәуіріне жататын үлкен қорғаннан табылған күміс тостағанның сыртқы түбіне ойылып жазылған жазуды оқып тиянақтаған, Сыр бойындағы Шардарадан табылған ескі қорғаннан шыққан алқадағы жазуды оқыған, Павлодар облысынан табылған қорымның сақ дәуіріне жататынын дәлелдеген, Марқакөлден табылған қола айнадағы руникалық жазуды оқыған көне түркілік жазба мұрағаттар тілін зерттеуші профессор А.Аманжолов болатын.... Мәтінді тыңдағаннан кейін, мәтіннен негізгі идеясын анықтау мақсатында сұрақтар құрастырады. 2-тапсырма. Оқушылар 1-тапсырманы орындағаннан кейін, негізгі ақпараттарды басшылыққа алып жинақы мәтін құрастырады. Жинақы мәтін – бастапқы мәтіндегі негізгі идеялар мен ақпараттарды сақтай отырып, мәтін көлемін ықшамдау және өңдеу. Оқушылар жинақы мәтін жазуда төмендегі мазмұндық өңдеуді басшылыққа алады:
Жинақы мәтін жазуға үлгі
Бағалау критерийі:
Дифференциация: Барлық оқушылар қабілетті болады:
Көптеген оқушылар қабілетті болады:
стиль түрлерін анықтап, тілдік құралдарын талдайды | 2.Түркі филологиясы және жазу тарихы,27 -бет | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | «Дебат шеберлері» әдісі. Оқушылар сыныптың немесе басқа бір кең жерде шеңбер құрады. Мұғалім «Ғылымды игеру маңызды ма, әлде тілді игеру маңызды ма?» т.б. сияқты тұжырым айтады. Ғылымды игеру маңызды деген оқушылар ішкі шеңбер құрады, ал тілді игеру маңызды деген оқушылар сыртқы шеңбер құрайды. Келесіде олар өз көзқарастарын ұстанып бір-бірін өз позициясына тартуға тырысады. Мұғалім пікірталасты тыңдап олардың түсінуін бағалайды. Оқушылар өз көзқарастарын қалыптастырған соң, олар сыртқы және ішкі шеңберде кезекпен өздерінің қандай көзқарасты таңдағандарын айтады. | «Ғылымды игеру маңызды ма, әлде тілді игеру маңызды ма?» сөйлемі жазылған парақша |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?