Қазақстан эпиграфикасы. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.


Қысқа мерзім жоспары

6-сабақ

Бөлім тақырыбы:

Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты -жөні:

Сынып: 8

Сабаққа қатысушылар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстан эпиграфикасы

Оқу мақсаттары

Т/А8.1.3.1 - тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау

 Сабақ мақсаттары

 Оқушылар:

  • қажетті ақпаратты тауып, жалқы есімдердің емлесін орфографиялық нормаға сай қолданады

 Бағалау критерийі

Сұхбаттаушыға арнайы сұрақтар қою және қойылған сұрақтарға дәйекті

 жауап беру

 Тілдік мақсат

Пәннің лексикасы мен терминологиясы: Эпиграфика, палеографика, пірі тұтынған, руникалық жазу

Диалог пен жазба жұмыстарындағы тілдік қолданыс:

Ғалымдардың зерттеуі бойынша..., тарихқа көз жүгіртсек, дегенмен, менің ойымша, біріншіден, қорыта айтқанда

Жұптық тапсырмада Қазақстан эпиграфикасы туралы әңгімелеседі.

Құндылықтарды

дарыту

 

Бұл сабақ оқушыларды жәдігер жазулардың сырын ұғуға бағытталады

 Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет, география

 Бастапқы білім

Көне жазба ескерткіші туралы алтыншы сабақ. Оқушылар бұған дейін қазақ әдебиеті, тарих пәндерінен Орхон –Енесей жазба ескерткіштері туралы хабардар. Бұл сабақта Қазақстан эпиграфикасы туралы мәтіндерден ақпарат тауып, тілдік қолданыста пайдаланады.

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Қорлар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту:

 Төменде берілген сұрақтарға оқушылар жұбымен ақылдасып жауап береді:

 

 1.Ен, таңба дегенді қалай түсінесің?

 2.Таңба не үшін қажет деп ойлайсың?

 3.Тасқа ойылып жазылған таңбалар нені білдіреді?

Сабақ ортасы

Мәтінмен жұмыс кезеңі.

1-тапсырма.

Оқушылар алдымен мәтінді мұқият тыңдап, берілген ақпараттан астарлы ойды анықтайды. Содан кейін, мәтінде кездескен географиялық атаулар қазақстанның қай өңірінде орналасқаны жөнінде жұбымен ойбөліседі.

Тыңдалым мәтін үзіндісі:

 Түркі филологиясында ерекше орын алып, дамып келе жатқан және болашағы зор салалары – түркі эпиграфикасы мен түркі палеографикасы. Олар көне таңбаларының эволюциясын, яғни графиканың даму тарихын зерттеуді өзінің еншісіне айналдырған. Былайша айтқанда, эпиграфика тас, металл, сүйек, саз балшық т.б.бұйымдарға ойылып жазылған таңбаларды тексерсе, палеография қолжазба мен кітаптағы жазба таңбаларды зерттейді…

2-тапсырма.

Оқушылар тыңдалым мәтінідегі негізгі және қосымша ақпараттарды төмендегі кестеге толтырып, негізгі ақапартты басшылыққа алып, Қазақстан эпиграфикасы жөнінде әңгімелеседі (жұптық жұмыс).

Негізгі ақпарат

Қосымша ақпарат

Эпиграфика тас, металл, сүйек, саз балшық т.б. бұйымдарға ойылып жазылған таңбаларды тексереді, палеография қолжазба мен кітаптағы жазба таңбаларды зерттейді.

Олар көне таңбаларының эволюциясын, яғни графиканың даму тарихын зерттеуді өзінің еншісіне айналдырған.

3-тапсырма.

Сынып оқушылары «Қазақстан эпиграфикасы» тақырыбындағы мәтінді тағы бір рет тыңдайды және мәтіндегі бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды анықтап, орфографиялық нормаға сай жазады.

Үлгі. Өзен атаулары: Талас, Іле, Сыр, Ертіс т.б.

4-тапсырма.

«Кезбе тілші» әдісі.

«Ұлттық байлық халық игілігіне қаншалықты деңгейде жұмсалуы керек?» сұрағына ортақ талқылау жүргізіледі. Топтарда талқылау басталғанда әр топтан бір «кезбе тілші» ерікті түрде шығып, басқа топтардағы оқушылармен сұхбаттасады. Сұхбаттасу немесе диалог құру барысында ғылыми терминдерді, ғылыми деректерді, жалқы есімдерді орынды қолдануы керек. Жинаған мәліметтерін өз тобының басқа мүшелерімен бөліседі.

Сұхбат жазудың алгоритмі:

  • сұхбат берушімен амандасу;
  • сұхбат алу мақсатымен хабардар ету;
  • сұхбат алу мақсатына орай сұрақтарды іріктеу;
  • сұхбат беруші үшін қолайлы тілдік қорды қолдану;
  • сұхбат берушінің жауабына қарай сұрақтарды өзгерту.

Әр топ бірін – бірі төмендегі бағалау критерийімен бағалайды:

Сұхбаттаушыға арнайы сұрақтар қою және қойылған сұрақтарға дәйекті

жауап беру

Дескриптор

Білім алушы:

терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданады

диалог, сұхбат барысында бас әріппен жазылатын күрделі құрама атауларды ауызша тілдік қолданыста дұрыс қолданады

Балл

4

3

Тіл мәдениетін сақтау

3

Барлығы 10 ұпай

Дифференциация:

А.Аманжолов «Түркі филологиясы және жазу тарихы»

Сабақтың соңы

1-тапсырма.

Кері байланыс «3-2-1»

  • Сабақтан алған 3 маңызды ақпарат
  • Қиындық тудырған 2 аспект
  • Сабақ барысында туындаған 1 сұрақ

2-тапсырма.

  • «Идеялар галереясы»

 Көне таңбалар туралы өз тұжырымыңды жазып, сынып қабырғаларына орналастыр. «Идеялар галереясын» аралап, сыныптағы бір оқушының тұжырымдамасына стикерге ткері байланыс жазып іліп қой.

«3-2-1» жазылған парақшалар, стикер



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу