Ақылды қала. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 3 сабақ
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Ақылды қала
Google-дің еншілес компаниясы Sidewalk Labs, Канаданың Торонто қаласында аумағы 8 шаршы километр болатын «ақылды» технологиялардың бәрі дерлік қолданылатын Quayside "ақылды" ауданын тұрғызбақ. Ол қаланың шығыс жағалауында орналасады. Интернеттегі іздеу жүйесінің жергілікті бөлімі Google Canada бас кеңсесін сонда көшіреді. Компания осы жерде тұратын резидентке айналып, аймақтың дамуына 50 миллион доллар жұмсамақшы. Негізі жобаның құны шамамен $ 1 млрд, бұған Торонто билігі қосымша $1,25 млрд ақша қоспақ. Смарт шахарды салушылар қала өміріндегі барлық (саяси, технологиялық, дизайнерлік) шешімдер миллиондаған сенсордан алынған ақпараттар негізінде қабылданғанын қалайды. Сондай-ақ жоспарда көлік жүйесін толық жетілдіру көзделген. Барлық автомобильдер өздігенен жүретін жүйеге ауысады. Бұл деген сөз, болашақта роботакси қызметтері де іске қосылады. Сондай-ақ баспананы қолжетімді ету де жоспарда бар. Сонымен қатар жеке өмірдің құқығын қорғауда қатаң талаптар қойылмақ. Бұдан бөлек "ақылды" аудандарда экологиялық тұрғыдан барынша таза энергетикалық жүйе мен автономды транзиттік желілер пайда болады. Датчиктердің кең желісі ауа сапасы мен шу деңгейінен бастап, азаматтардың күнделікті қызметімен аяқталатын барлық ақпараттарды жинап инфрақұрылымды жақсартуға көмектеседі. IT-компаниялар жаңа әрі қызықты қосымшаларды жасай алуы үшін Sidewalk Labs барлық бағдарламалық әзірлемелерін тегін етті. Егер Торонтодағы жоба сәтті іске асса, Сан-Франциско, Денвер, Лос-Анджелес және Бостонда ақылды аудандар салынбақ
- Мәтін не туралы?
- Мәтін қай салаға байланысты ақпараттарды ұсынады?
- Авторы кім?
- Мәтін қандай мақсатта жазылған?
- Мәтіннің мақсатты аудиториясы.
- Мәтінде термин, кәсіби сөздер қолданылған ба?
- Мәтінде әдеби көркемдегіш құралдар кездесе ме?
- Мәтіндегі басты ой не? Негізгі ақпараты не?
- Мәтіндегі қосымша ақпарат қалай көрінеді?
Ж Тапсырма. Оқылым мәтіні бойынша берілген кестені толтырыңыз.
Негізгі ақпарат | Қосымша ақпарат |
«Төрт сөйлем» тәсілі арқылы пікір білдіріңіз
1. Пікір. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.
2. Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.
3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді. 4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.
Дескриптор
- Оқылым мәтінінін оқып, сұрақтарға жауап береді.
- Ақпараттарды ажыратып, кестені толтырады.
- Оқылым мәтініне қорытынды жасайды.
- Нақтылау сұрақтарын құрастырады.
Мәтінді жазған авторға бағыттап, нақтылау сұрақтарын құраңыз
"Яғни, сіздің айтуыңыз бойынша …?", "Егер мен дұрыс ұқсам, онда …?", "Мен қателесуім мүмкін, бірақ, Сіздің ойыңызша…?" Демек ақылды қала....? Осындай пікірде болуыңызға не әсер етті...?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды