Үш жүздің басын қосқан хан. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша материал. 7 сабақ


  • Қазақстан тарихы (Көне заманнан бүгінге дейін) 2-том.
  • Қазақстан тарихы (энциклопедиялық басылым) «Абылай хан – тарихи тұлға».
  • «Абылай хан» энциклопедиясы.
  • Жамбыл Омари,«Бұқар жырау».

Бұл сабақта САРАЛАУ

 Сыныптағы оқушылардың қабілеттеріне қарай әртүрлі деңгейдегі ресурстар ұсынылады. Мұнда мақсат бірдей, берілетін тапсырма ортақ, бірақ қабілетті оқушылар ілгері деңгейдегі, мазмұны терең ресурстармен жұмыс істейді, ал орташа қабілетті оқушылар жеңіл ақпаратты ресурстарды пайдаланады. Оқушылар бәріне ортақ бір сұраққа жауап бергенімен, жауаптарын күрделілік деңгейі әртүрлі ресурстарға сүйене отырып негіздейді. Бұл жерде саралаудың бірнеше түрі жүзеге асады: ресурс бойынша саралау, нәтиже бойынша саралау және оқыту ортасы бойынша саралау (оқушы жұмыс орнын өзі таңдайды: жеке, жұппен немесе мұғаліммен бірге).

КЕРІ БАЙЛАНЫС

 Мұғалім «Температураны өлшеу» әдісі бойынша оқушыларға «Біз не істеп жатырмыз?» деп сұрақ қойып, тапсырманы қаншалықты түсінгендіктерін, жұмыс бағытын бағдарлайды.

 Сабақ соңында оқушылардың жұмысына оқушы оқушыға, мұғалім оқушыға, оқушы мұғалімге сындарлы кері байланыс береді. Мысалы, оқушы тапсырма немесе сабақтағы ақпараттар туралы өз ойын (ұнайды/ұнамайды, себебі..., пайдалы/пайдасыз болды, себебі ... т.б.) білдіреді, аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу/келіспеу себебін негіздеп көзқарасын білдіреді.

 Д.Уильямнің пікірінше, сыныптағы қалыптастырушы бағалау үшін кері байланыс берудегі маңызды мәселе – бұл оқушының әсері (реакциясы). Кері байланыс беру жақсы құрастырылғанына қарамастан, оған оқушылар назар аудармаса, онда уақытты босқа өткізгенмен бірдей болады. Сондықтан кері байланыстың екі жақты әсері болуы оқушылардың өз оқуын жетілдіруіне берілген кепіл деуімізге болады.

 

 Сабақтың алғашқы кезеңіндегі «Ой шақыру» үшін алынған тапсырмада суреттер берілген. Оқушы бір суретті таңдау арқылы өз жауабын негіздеп айту керек және неге осы суретті таңдағанын дәлелдеу керек. Бұл тапсырмада оқушының оқу сауаттылығын дамыту көзделді. Суреттегі мәліметтер жасырын берілген, оқушы сол мәліметтерді тауып, өз ойымен байланыстыра білуге дағдыланады. Сонымен қатар, оқушы қай суретті таңдағаны маңызды емес, ең бастысы, ол өз жауабын дәлелдей білуге үйренуі тиіс.

 Оқылым тапсырмасында қажетті ақпараттарды алу, авторына сілтеме жасауға үйрену үшін оқушыға жаднама ұсынылып отыр. Бұл оқушының сыни ойлауын, нәтижеге жету үшін танымдық техникаларды пайдалану арқылы шығармашылықпен әрі қарай бағыттай ойлануын дамытады және мәселеге өзіндік ұйымдастырылған әрекет арқылы бағытталуын қалыптастырады. Яғни бала өзін-өзі реттеуге дағдыланады. Бұл тапсырма арқылы оқушы келесі сабақтарда орындалатын жазылым тапсырмаларына дайын болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу