Үш жүздің басын қосқан хан. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 7 сабақ


1-тапсырма

  • Абылай - қазақ даласындағы ең беделді хан» деген тұжырымды дәлелдеу үшін мына суреттердің қайсысын таңдар едіңіз?
  • Не себепті осы суретті таңдағаныңызды дәлелдеңіз

2-тапсырма. Дереккөздерімен жұмыс.

 - Қазақстан тарихы (Көне заманнан бүгінге дейін) 2-том.

 - Қазақстан тарихы (энциклопедиялық басылым) «Абылай хан – тарихи тұлға».

 - «Абылай хан» энциклопедиясы.

 - Жамбыл Омари,«Бұқар жырау».

«Ақпарат көзін тексер» жаднамасы

1. Іздеуді жоспарлау.

Мен не білгім келеді? Қандай сұрақтар қойғаным дұрыс? Бұл (факт, құбылыс, оқиға) туралы не білемін? Қайдан, қандай ақпарат көздерінен іздемекпін?

2. Сыни ойлау.

Бұл ақпараттың дереккөзі қайсы? Авторы кім? Ақпарат қаншалықты өзекті? Уақыты көрсетілген бе? Автор не туралы баяндайды? Ол неге бұл мәліметтерді (сурет, сөздер, кейіпкерлер, т.б.) қолданған? Автордың мақсаты не? Мен бұл ақпараттарға сене аламын ба? Бұл ақпараттарды қолдануыма бола ма?

3. Өзіндік баға қалыптастыру (жазбаша немесе ауызша).

Мен не түсіндім немесе анықтадым? Бұл туралы қандай ойға келдім? Бұл туралы не айтқым келеді?

4. Жасалған жұмыстар бойынша сараптама.

Мен не жоспарладым? Сұрақтарыма жауап ала алдым ба? Қиын болды ма? Қандай дереккөздерді қолдандым? Осы жұмысты істей отырып мен не үйрендім?

5. Егер сіз осы жұмыстың нәтижесін әрі қарай қолданбақ болсаңыз, сілтеме жасауды естен шығармаңыз.

Хабарлама жасау үшін авторын, тақырыбын, егер бар болса шыққан жылын жазу керек.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу