Қазақстанның Қызыл кітабы. Қазақ тілі, 5 сынып, таратпа материал. 2 сабақ


Қалыптастырушы бағалау

О1; Ақпаратты түсіну

ӘТН 2; Орфоэпиялық норма

Тақырыбы: «Қазақстанның Қызыл кітабы»

Бағалау критерийлері:

1. Мәтіннен негізгі ақпарат пен қосымша ақпаратты анықтайды, өз пікірлерін білдіреді;

2. «Мен нені білдім...» әдісімен мәтін бойынша алған білімдерін атап көрсетеді;

3. Қызыл кітапты ашудағы мақсат туралы сөйлегенде, өз тәжірибелерімен байланыстырады;

4. Сөйлеу барысында ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпалды ескеріп сөйлейді.

1-тапсырма. Сұрақтармен жұмыс.

Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты қалай анықтауға болады?

Негізгі ақпараттың мәтіндегі орны қайда болады?

Қосымша ақпараттар автор ойын ашуға қалай көмектеседі?

Қандай ақпараттар қосымша ақпарат болып саналады?

2-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтаңыздар.

Қазақстанның Қызыл кітабы

 Қызыл кітап - жәндіктер мен жануарларды қорғауға арналған мемлекеттік шара. Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына тіркелген жануарлар 5 санатқа бөлінеді.

  I санат - жойылып бара жатқан түрлер мен түршелер;

  ІІ санат - саны азайып бара жатқан түрлер мен түршелер;

  ІІІ санат - сирек кездесетін түрлер мен түршелер;

  IV санат - белгісіз түрлер мен түршелер;

  V санат - қалпына келтірілген түрлер мен түршелер.

 Міндет - Қызыл кітапқа тіркелген түрлер мен түршелерді ғана қорғау емес. Жергілікті жерлердегі белгісіз түрлерді тауып, зерттеу. Қызыл кітаптан тұңғыш рет жәндіктердің (омыртқасыз жануарлардың 105 түрі орын алды). Әсіресе бунақденелілердің (насекомые) ауыл шаруашылығына зиян келтіретін түрлері көп. Дақылдарда ауруға душар етеді, паразиттік жолмен өмір сүреді, түрлі аурулар таратады. Сондықтан оларға қарсы күрес шараларын ұйымдастырып, әдістерін пайдалана білу керек.

 Республикамызда тек Сырдария өзенінің Арал теңізіне таяу су алабында тіршілік етеді. Ғылымға 1979 жылы ған белгілі болды Қазақстанда мекендейтін ең ірі денелі шекшек. Қанаты жоқ. Ол шырылдамайды және жыртқыш жәндік.Табиғатта кергілердің аталықтры көп кездеспейді, сол себепті олар партеногенезді жолмен көбейеді.

3-тапсырма. «Мен нені білдім...» әдісімен әр топ өз сұрақтарыңызбен жұмыс жасаңыздар, сөйлемді мәтін бойынша алған өз білімдеріңізбен толықтырыңыздар. Мыс:

-Мен ... білдім.

-Мен ... білдім.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу