Отбасындағы әже тәрбиесі. Қазақ тілі, 5 сынып, дидактикалық материал.


Топқа бөлу

ақылдың

кені

өткеннің шежіресі

дана

адам

мейірімді

жан

әулеттің ұйытқысы

Оқылым алды сұрақтар:

1-топқа: Балалар, қазақ отбасында бала тәрбиесімен кімдер айналысады?

Ықтимал жауап: ана, әке, әже.

2-топқа: Бұрынғы кездегі және қазіргі кездегі бала тәрбиесі қандай?

Ықтимал жауап: анасы, әжесі. Бұрынғы кезде анасы үйде отырған, қазір жұмыста көп уақыт өткізеді.

3-топқа: Әженің тәрбиесін көрген қандай ұлы тұлғаларды атай аласыңдар?

Ықтимал жауап: Абай, Шоқан, Нұрсұлтан.

4-топқа: Әже тәрбиесін көрген бала әдетте қандай болады?

Ықтимал жауап: ақылды, сабырлы, байқампаз.

5-топқа: Әже сөзін сипаттайтын сын есімдер жазыңыз.

Оқылым. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романынан үзінді

.......Құлағы мүкіс тартқан кәрі әжесінің ең бір жақсы көретін немересі Абай-ды. Оны есінен шығармай, дұғасына кіргізіп, тілеуін тілеп отыратын......

Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді......

Ол атқа мініп жүруге жарағанымен, үйден көп шықпайды. Өзге баладан гөрі басқа бір ермек, бөлек бір дос тапты. Онысы, әсіресе әжесі. Одан қала берсе – шешесі.

Абай биыл ғана анық бағалады. Бұның әжесі бір түрлі шебер әңгімеші екен. Қызық сөйлейді. Әңгімесінің барлық жерін дәмді ғып, қызықтырып айтады. Әуелі Абай ауыра бастағанда бір күні кешке ұйықтай алмай жатып, әжесінен әңгіме айтуды сұрады.

Сонда ол ойланып отырып:

-Е-е......Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрыңғыда кім өткен?-деп кішкене тақпақтап бастап еді. Абай соны ұғып қапты. Келесі жолы әңгіме сұрағанда әжесін тізесінен ақырын қағып:

-Е-е......Бұлдыр-бұлдыр күн өткен.Бұрынғыда кім өткен?-деп тағы да әңгіме тілегенін білдіруші еді?

Әжесі әуелде көп-көп ертектер айтқан. «Еділ-Жайық», «Жұпар қорығы», «Құла мерген» - бәрі де айтылды. Оның әңгімелерін түсте де, кешке де, тіпті көш бойы да Абай айтқыза беретін болды. Абай қажымай, жалықпай ылғи ғана ынтыға тыңдайтын. Кейде әжесі шаршап, айтпай қойса, өз шешесіне жабысатын.Ұлжан да көп әңгіме білуші еді. Және ол көбінесе өлеңді сөзді жиі айтады. Оқымаған шешесінің әлі күнге ұмытпай, білдірмей, сақтап жүрген зейініне таңқалады. Екі анасын көңілдендіріп тағы айтқызу үшін кейде өзі де қаладан әкелген кітаптарының ішінен «Жүсіп-Зылиқа»сияқты қиссаларды оқып береді. Әндетіп, мақамдап қояды......

Зере Абайдың кітапқа қойған ықыласын байқап, бір күні кешке:

-Қарағым, осының ақыл. Ішкен мен жегенге мәз болып, мойны-басы былқылдап, ақылдан да, өнерден де кенде боп жүрген бай баласы аз ба?

Осы ала қағазыңнан айрылма! Ұқсама аналарға! –деген.

Әжесі кітап қадірін жақсы айтқанға Абай риза болып, жаңағы сөзден соң күн сайын бір тамаша әңгіме айтатын болды. Шешелер, малшылар, балалар боп, баршасы телміре тыңдайтын.

(М.Әуезов. «Абай жолы») 269 сөз

Оқылымнан кейінгі тапсырма:

Оқылым тапсырмасы:

  • Мәтінді оқып, тақырып қойыңыз.
  • Негізгі ақпараттарды сақтай отырып, 80-90 сөз көлемінде жинақы мәтін жазыңыз. Кейіпкерлердің ойын төл сөз арқылы жеткізіңіз.

ӘЖЕ сөзімен синквейн (5 жолдық өлең) жазыңыз.

1-жолы - 1 сөз-синквейн атауы

2-жолы - 2 сөз - сын есім

3-жолы - 3 сөз -3 етістік

4-жолы – 1 сөйлем

5-жолы -1 сөз-синквейн синонимі

Үйге:

«Әжім–әжемнің әрі, демеңіз оны кәрі, кәрінің сөзі дәрі...»

тақырыбына шағын эссе жазыңыз. (80 сөз)

Жазылымға арналған тапсырмалар

https://www.youtube.com/watch?v=kQJijnY55oM

Әже тәрбиесі жайлы пікірлер

1-тапсырма. Бейнежазба мазмұны бойынша баланың әже тәрбиесінде болуының артықшылықтары мен кемшіліктерін түсіндіре отырып, ой толғаңыз /80 сөз

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

https://www.youtube.com/watch?v=VHWTaZEyakw

Әже-ұрпаққа аманат / телебағдарлама шығарылымы

2-тапсырма. Телебағдарлама мазмұнын түсініп, отбасындағы әженің рөлін өз сөзіңізбен жазыңыз.

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3-тапсырма. Әжеңізге өз махаббатыңыз бен оны қалай бағалайтыныңыз жайлы баяндап хат жазыңыз. 80-100 сөз.

4-тапсырма. «Менің әжем» тақырыбына монолог жазыңыз.

Оқылымға арналған мәтіндер

  • Қадыр Мырза Әлі «Асыл әжем»

Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған,

Сағынышым - сары ормандай самсаған.

Әке болып жүргенімді ұмытып,

Әлі күнге еркелеймін мен саған.

Құлындаймын асыр салған аңғарда,

Қозыңдаймын ойнақтаған албарда.

Өзің барда қысылмаймын күлуге,

Жылауға да қысылмаймын сен барда.

Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді,

Мен өзіңнен қабылдаппын күюді.

Сенің жаның жүрегіме ораулы,

Менің жаным жаулығыңа түюлі.

Тұра тұршы түзелгенше бұзығың,

Жүре тұршы жалғанғанда үзігің.

Маған дәулет неге керек, ақ әже-ау,

Өзің бірге көре алмасаң қызығын?!

2. Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады.[1]

Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.

Алдымен әже тәрбиесі арқылы бала жақсы-жаманды ажыратып, үлкен-кішіні тани бастайды. Мінез-құлық, тіл тәрбиесі қалыптасып, бала үй шаруасына бейім, елгезек тілалғыш, мейірімді болып өседі. Әженің алдын көрген балаға былайғы жұрт тәрбиелі бала деп баға береді. Әже тәрбиесі көбіне «олай істеме, былай істе», «бүйтсең жаман, өйтсең жақсы»деген вербалды сипатта, ақылгөйлік мазмұнда болып, әженің мейірімі мен жүрек жылуына бөленіп өседі. Осылайша жас бала қазақы ортадағы моральдық-этикалық нормалармен таныса отырып, адами тұлғаның қалыптасуына ғана емес, дәстүрлі ырым-тыйымдар жүйесінің қағидаттарын біртіндеп бойына сіңіре бастайды.

Жеті-тоғыз жастан әрі қарай тұңғыш немере ұлдың тәрбиесі атасының қолына өтеді, Ал қыз немеренің негізгі тәрбиесі әженің қарамағында болады. Бұл кездегі тәрбиенің мазмұны атаға ілесе жүріп, көрген-білгенін көңілге тоқудан құралады. Атасына ілескен бала алыс жерлерді, ел жақсыларын, сыйлы ауылдарды көріп, жиын-тойға т.б. қатысып, соларды ұғынуға, білуге тырысады. Атаның «визуалды» тәрбиесінен өткен баланы былайғы жұрт көргенді бала деп атайды. Қазақ паремеологизмі Атың бар да жер таны желіп жүріп, атаң барда ел таны еріп жүріп деп кеңес береді. Ел тану, жер тану көргенділікке жатады. Қазақтың дәстүрлі бала тәрбиесінде көргенділік тәрбиенің ең жоғарғы формасы болып табылады. Әже мен атадан тәлім алған немеренің рухани жағынан тәрбиелі, көргенді азамат болып, ержетуінің, елдің аузына ілігер көшелі азамат болып қалыптасуының негізі осылайша қаланады.

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%98%D0%B6%D0%B5

3. Бала кездің ең бір тәтті шағы ата-әжеміздің қасында өткен бал күндер ғой. Таңертеңнен асыр салып, доп қуып келген кішкене құлыншақтарын еркелетіп, айналшықтап жүргенде ең ыстық жандар ата-әже екенін сезінеміз. Нағыз тәрбие мектебі де ата- әжеден бастау алады. Өйткені, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқорлық танытудан бастап, отансүйгіштік, кішіпейілділік, бауырмалдық секілді игі қасиеттерге баулып, жақсылыққа үйретуші. Немересінің тәтті қылығына тамсанып отыратын ардақты жандардың орны ерекше. Мен де ата-әжемді тұнып тұрған өнегеліктің үлгісі деп білемін. Жазғы демалысымда ауылға ерекше сағынышпен аттанамын. Үйге жете салысымен ата-әжемді іздеп, олардың әжім басқан нұрлы жүздерінен төгілген сағынышты көргенде шаттанып, кішкене балаша күй кешемін. Атам маған әр сөзінде "Атаңның баласы болма, адамның баласы бол", - деп айтып отырады. Осы сөздің өзі маған Отан, ел алдындағы жауапкершілігімді сездіреді. Ата-әжемнің санама сіңірген әрбір сөздері мені ақылды ойға жетелейді. Бұл өмірдегі әр нәрсенің орнын айнытпай түсіндірген ата-әжеме алғысым шексіз. Барлық досыма ата-әжеміздің қадірін білейік, аялайық, ақыл-кеңестерін тыңдап, ақылды болайық дегім келеді.

https://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/24382/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу