Шашу оңай, жинау қиын. Қазақ тілі, 4 сынып, дидактикалық материал. 1 сабақ


1-мәтін

Лалагүлдер әдетте Солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеулерінде өседі. Оларды Еуропада, АҚШ-та, Канаданың оңтүстігінде кездестіруге болады, олар сондай-ақ Жапония және Үндістанның оңтүстігіне дейін, бүкіл Азияда тарап, Азияның Филиппинмен қатар, барлық оңтүстік аймақтарында жиі кездеседі. Қазақстанда 21 туысы мен 196 түрі кездеседі.

Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Лалагүл тұқымдасы мал азықтық, тағамдық, дәрілік өсімдіктер ретінде де бағаланады. Ерте заманнан бері ерекше сәнді әсемдік өсімдіктер (лалагүл, қызғалдақ, қынжыгүл, т.б.) есебінде мәдени түрде өсіріліп келеді.

2-мәтін

Кенет Лалагүл дауыстады:

....Әй, тынышталыңдар! Көрмейсіңдер ме, адамдар келе жатыр...

Гүлдер әп-сәтте үркіп, дабыраған у-шу сап тыйылды.

Шынымен-ақ, жап-жасыл қыраттың үстінде бір бозбала мен бойжеткен келе жатыр екен.

− Ой, мына гүлдерді қара! Қандай әдемі! − Бойжеткен жайқалған гүлдерге сұқтана қарап тұрып қалды.

Гүлдердің бәрі демдерін ішіне тартып: «Өлген жеріміз осы болды,» − десті қорқып.

Бозбала:

− Әдемілікті көргің келсе, сені мұнда наурыз айының соңы мен сәуір айының басында ертіп келейін. Сондағы бұл беткейді көрсең!.. Ой-ой-ой! Сап-сары сарғалдақтар, шоқтай қызғалдақтар қыр біткенді құлпыртып жібергенде, тәйірі, мына гүлдер жолда қалады.

Қыз жанарын лезде мұң кіреукеледі.

Жігіт қызды мұңайтқысы келмей:

− Шын айтам. Мына гүлдер әдемі болғанмен, қызғалдақтар мен сарғалдақтар тәрізді көз қарықтыра алмайды, − деді тағы.

Бойжеткен үндемей, гүлдерді көзбен аялады.

Жігіт тек тұрмастан:

− Мен саған бір аңыз айтайыншы, − деді қыздан өтініп. Қыз тыңдауға ықылас танытты…

  • Мәтін бойынша кестені толтырыңыз.

Мәтіннің жанры

Мәтіннің стилі

Мәтіндердің ұқсастығы

1-мәтін

2-мәтін

  • Мәтінді бөліктерге бөле отырып оқыңыз және әр бөліктің алдына () таңбасын қойыңыз.

Табиғат дегеніміз - бізді қоршаған, біздің өмірімізге тірек болып, нәр беріп тұрған, адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат бойындағы махаббат мейірімімен, күн шуағымен жүрегімізге жылулық ұялатқан - Аяулы Ана. Адам мен табиғат- әрқашанда егіз. Табиғатты қорғаушың, асыраушың деуге де болады. Ата - бабамыз " Жер - қазына, су - алтын, мал - байлық " деген өсиет сөздерді тегін айтпаған. Тіршіліктің төрт құдіретті негізі бар. Олар: күн - ана, жер - ана, ауа мен су. Адамзат күнделікті тіршілігінде осы төрт құдіретке сүйенеді. Егер осы төрт негіздің біреуі болмаса, тіршілік тоқтайды. Сондықтан адамзат Күнді, Жерді анадай ардақтайды. Күн - барлық тіршіліктің құдіретті тірегі.

  • Мәтіннің әр бөлігіне ат қойыңыз.
  • ________________________
  • ________________________
  • ________________________


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу