Септік жалғауының емлесі. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 80 сабақ
Қысқа мерзімді жоспар
Пән Қазақ тілі Бөлім Табиғат құбылыстары № 80-сабақ. Тақырыбы Септік жалғауының емлесі | Мектеп: | ||||||||||||||||
Күні: 3-тоқсан | Мұғалімнің аты-жөні: Ж.М.Жарылғасова | ||||||||||||||||
Сынып: 4 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | |||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 4.2.4.1 - мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды тұжырымдау. 4.4.2.3 - зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу. | ||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| ||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Мәтін тақырыбы мен мазмұны арасындағы сәйкестікті анықтайды. Мәтіннің негізгі ойын тұжырымдайды. Зат есімдерді септей алады. | ||||||||||||||||
Тірек сөздер | Пәндік терминология мен тірек сөздер Зат есімнің септелуі. Атау септік.Ілік септік. Барыс септік.Табыс септік. Жатыс септік. Шығыс септік.Көмектес септік. Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: -Қайсысы неден қорғайды? -Септік жалғаулары сөйлемде қандай қызмет атқарады? -Сөйлемдерді қатесіз жазуда нені ескеру керек? -Мәтін тақырыбын қалай қояр едің? -Мәтіндегі негізгі ой қандай? -Мәтін бойынша өз көзқарасың қандай? | ||||||||||||||||
Құндылықтар | өз бетімен жұмыс жасау, іздену, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз ойын білдіруде әдеп нормаларын сақтауға баулу, табиғатты қорғау. | ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиеттік оқу, дүниетану | ||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта | ||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Зат есім. Зат есімнің септелуі. Мәтін. | ||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||
Сабақтың басы 7 минут | (Т)1.Ұйымдастыру бөлімі. Әр топқа бір заттан (сурет) беріледі. Тапсырма белгіленген уақыт ішінде топ мүшелері септік сұрақтарын пайдалана отырып, қысқа үш сұрақ дайындау керек? Сұрақ қойған кезде келесі топ лезде жауап беруі тиіс: 1-топ 2-топқа, 2-топ 3-топқа, 3-топ 4-топқа, 4-топ 1-топқа. Үлгі: -Дүкеннен нені сатып алдың? -Ол неден жасалған? -Ол қайда тұр? -Бұл кімнің көзілдірігі? -Ол неден қорғайды? -Ол қайда жатыр? -Қолшатырды алып, қайда бардың? -Бұл кімде бар? -Ол неден қорғайды? -Бұл не? -Бұл терезе. -Ол неден қорғайды? -Ол маса, шыбын, қоңыздардан қорғайды. -Оны кіммен бірге жасадың? -Оны шебермен бірге жасадым. -Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері хабарланады. | Слайд | |||||||||||||||
Сабақтың ортасы 14 минут 14 минут | (Т.Ж) 4.4.2.3 - зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу. 1-тапсырма. Топқа зат есімнің септік атаулары, сұрақтары, жалғаулары бөлек-бөлек тасталып беріледі. Оқушылар рет-ретімен қою қажет.Топ мүшелері қозғалысқа түседі.Олар бір-бірінің жұмыс нәтижесін тексереді. Бірін-бірі дұрыстайды. Мұғалім бақылайды, бағыт береді. 2-тапсырма. Оқушыларға тақтадан тапсырма беріледі. Берік пен Ажар қандай қате жіберді? Оқушылар дәптерлеріне балалардың ғана жауабын дұрыс көшіріп жазады.
Топқа бірігіп, топта тексереді. Мұғалім үлгерімі төмен оқушыларға көмек береді. Дескриптор: - зат есімге септік жалғауларды дұрыс жалғайды; - ол сөздерді қатесіз жазып шығады. Қалыптастырушы бағалау өзара және мұғалім бағалауымен жүзеге асады. (Т) 4.2.4.1 - мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды тұжырымдау. Тапсырма «Автор орындығы» әдісі арқылы жүргізіледі. Оқушылар ұсынылған проблема бойынша бір шешімге келген соң, ортаға қойылған орындыққа отырып, автор ретінде пікірін айтады. Қалған топ сұрақ қояды, «автор» түсінік береді. 1-қадам. Оқушылар оқулықтағы 77-жаттығуды өз бетімен мұқият оқиды. 2-қадам. Әр топ мәтінге тақырып қояды. Тақырыпты тақтаға жазады. Өз ойларын дәлелдейді. 3-қадам. Мәтіннен негізгі ойды анықтайды. 4-қадам.Мәтіннің негізгі ойын білдіретін сөйлемдерді тауып, көшіріп жазады. Дескриптор: -мәтінге ат қояды; -мәтіннің негізгі ойын анықтайды; -мәтін бойынша өз ойын тұжырымдайды. Қалыптастырушы бағалау оқушылардың өзара бағалаумен жүзеге асады. | зат есімнің септік атаулары, сұрақтары, жалғаулары жазылған қиынды қағаздар Слайд Дәптермен жұмыс
Дидактикалық материал | |||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Кері байланыс. -Сабақта қандай тапсырмалар орындадың? -Қай тапсырманы орындауда қиындық келтірді? -Қай тапсырма жеңіл болды? Үй тапсырмасы 79,80-жаттығу. -көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауын жалғау; -сөйлемдерді көшіріп жазу; -«Табиғатты қорғайық!» тақырыбында нұсқаулық толтыру. | Слайд | |||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||
Саралау. Сабақты қорытындылау кезеңіндегі сұраққа жауап алғанда қабілеті жоғары оқушылардың өзіндік ой-пікір күтіледі. Әр топта оқушылардың түгелдей сабаққа қатысуын қадағалау. | Қалыптастырушы бағалауда дескриптор арқылы бағаланады. | АҚТ қолдану кезіндегі және жазу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады. | |||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия | |||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз) 1. 2. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім? Келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру