3.Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_№8 сабақ_Бастауыш пен баяндауыштың арасында қойылатын сызықша_Дидактикалық материал


Бөлімі: Уақыт

Сабақ тақырыбы: 8-сабақ. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша

Қосымша №1

1. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

2. Екі бағандағы сөйлемдердің баяндауыштарын тауып, оларға сұрақ қойыңдар.

3. Екі бағандағы сөйлемдердің баяндауышын салыстырыңдар.

4. Бастауыш пен баяндауышқа бірдей сұрақ қойылған сөйлемдердің тыныс белгісіне, оқылу ырғағына назар аударыңдар.

5. Сонда не байқағандарыңды топта талқылаңдар.

Әмина – биші.

Серік – оқушы.

Шортан – балық.

Алмұрт – жеміс.

Әмина биледі.

Серік оқыды.

Балық шоршиды.

Алмұрт пісті.

Қосымша2

Мақалдарды түсініп оқы. Бастауыштары мен баяндауыштарын тап. Бастауыштан кейін сызықша қойып көшіріп жаз. Өз жұбымен салыстырып, тексер.

1. Нан, тамақтың атасы

Ынтымақ, көптің батасы.2. Денсаулық, зор байлық.3. Кітап, алтын қазына.

Қосымша№3

Астанадағы «Күн сағаты»

 Астана қаласының «Студенттер» саябағында Елорданың 15 жылдығына орай күн сағаты орналастырылды. Сағаттың циферблаттары мен 10 метрлік тілі және ондағы жазулар қоладан жасалған. Жобаның авторы – сәулетші Антон Максимов. 

 Сағаттың тілінде маңызды тарихи күндер бейнеленген. Сағатқа маңызды тарихи оқиғалар мен әйгілі тұлғалардың туған күндері жазылған. Сонымен қатар, сағаттың төменгі жағында келешек ұрпақтың маңызды даталарын жазатын арнайы орын қалдырылған. Бұл сағат циферблатының ортасындағы металдан жасалған тіл дәл уақытты көрсетеді.

 Сағаттың дәл қанша болғанын білу үшін тілден түскен көлеңкеге мұқият қарау керек. Циферблаттарда 6,9,12,15 және 18:00 сандары жазылған, көлеңке осы сандарға түскенде сағаттың неше болғанын білуге болады.Сағатта «Ғұмыр – уақыт… Оны өзіңе бағындыра ала біл» деген сөздер жазылған. Мұнда отырып, 10 метрлік тілдің көлеңкесі қалай жылдам ауысқанын, осылайша, күндеріміздің қалай ғана жылдам сырғып бара жатқанын анық бақылауға болады. Бұл өміріміздің әрбір сәтін мәнді өткізу керек екендігіне үндейді.

Парталас көршіңмен жұптасып, сұхбат құрастырыңдар:

біреуің - Астана қаласына саяхатқа келген турист, екіншің – гид.

 

 Бағалау критерийлері:

- сұхбат барысында сөйлемдерінің өз рөлдеріне сәйкес болуы;

- мәтінде берілген негізгі ақпаратты сақтауы;

- диалог барысында сөйлеу әдебін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу