3.Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жанды табиғат__Әңгімелеу мәтінін құрастырайық._Дидактикалық материалдар


1-тарау. Жанды табиғат.

Дидактикалық материалдар

Сабақ тақырыбы: Әңгімелеу мәтінін құрастрайық.

Қосымша №1

1-топ

Кәкеннің демалыс кезінде әкесі әкесі:

- Ертең жолға шығамыз, балам, тағы да тауға шығып кетпе, -деді.

- Қайда барамыз, көке? - деп, Кәкен кәдімгідей көңілденіп, қуанышын жасыра алмай қутыңдап қалды.

- Ауылға барамыз, балам, бабаңа сәлем беріп, батасын алып қайтамыз.

(Әбдібай Табылды)

2-топ.

Бір күні қарны ашқан күшік тауда қаңғып жүрсе, қасқыр жүгіріп келіп:

– Ей, күшік, мен сені жеймін! – депті.

– Қой, көкешім, қой! Әуелі мені тойғыз,сонан соң жерсің, – депті күшік.

Қасқыр:

– Жарайды, жарайды! Менің соңымнан қалмай ере бер, – депті.

(Қазақша ертегілер жинағы)

3-топ.

Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.

- Әке, мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? - деп сұрады баласы.

- Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса өсіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен,- деді атасы.

(Ыбырай Алтынсарин)

4-топ.

  Жаңа ғана жүгiрiп ойнап жүрген бала тышқан саңылаудан қылтиып шыға бергенде, мысық бас салыпты. Баласының мысықтың қолына түскенiн бiлген ата тышқан:

–Мысеке, баламды жiберiңiз. Ертең осы уақытта сiзге сыйлық берiп, апа-қарындастарым мен барлық бала-шағамды сiздiң үйге жiбергелi отырмын, – дептi.

– Рас айтасың ба,тышқан, – дейдi мысық.

– Рас айтам, мысеке, шиқ, шиқ, – дейдi тышқан.

(Балалар әлемі)

Қосымша №2

Көп нүктенің орнына қаратпа сөзді тауып жаз.

  • ..., құстар туралы мақалдар тауып берші!
  • Терезені дұрыстап жауып жіберші, ... .
  • Иә, ..., ауа райы қандай екен?

Қосымша №3

Қаратпа сөздерді тап. Тиісті тыныс белгілерін қойып жаз.

  • Әсем мына ертегіне оқып берші!
  • Мына есептін шешуін Асқар түсіндіріп жібер.
  • Кесте тігуді үйретші әже.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу