Асар жасау


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»

Мектеп: Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 2 а

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Асар жасау

Оқу мақсаттары

2.1.1.1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру

2.2.2.1 синоним, антоним, омоним (сөздік қолдану) сөздерді ажырату және мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану

Сабақ мақсаттары

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді

синоним, антоним, омоним (сөздік қолдану) сөздерді ажырату және мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану

Бағалау критерийлері

  • Мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастырады;
  • Сөз таптарын ажыратады;

Тілдік мақсаттар

синоним, антоним, омоним (сөздік қолдану) сөздерді ажырату және мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану

Құндылықтарды дарыту

  • сыйластық
  • еңбек пен шығармашылық
  • жауапкершілік,

жалпы азаматтық құндылықтар

Пәнаралық байланыстар

Әдебиет, математика

Алдыңғы меңгерілген білім

Аңыздар мен ертегі түрлері туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

5 мин

2мин

Ұйымдастыру кезеңі.(Ұ) Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, тақырыбы мен мақсатын айтып, топқа бөлу.

Психологиялық дайындық орындау.Жарқырап күн де ашылды,Айналаға нұр шашылды.Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.Мақсатымыз - білім алу,Міндетіміз - еңбектенуЕңбектену арқылыБілімге қолды жеткізу!(Ұ) Қызығушылықты ояту. «Кім тапқыр?»

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Бағалау критерийін анықтау

слайд

5 мин

8 мин

10 мин

7 мин

(Ұ,Т) «Блиц турнир»

Мақсаты: Оқушылардың қызығушылығын арттыру, өткен білімдерін қайта жаңғырту.

Топтарға бөліну. Қажет сөздерін анықтау. Сөз таптарын қайталап еске түсіру.

Ұ, Т) (Т) Мәтінмен жұмыс.

«Асар» деген не?

Мақсаты: Салт дәстүрмен таныстыру. Мәтіннің мазмұнын түсіну.

«Асар жасау» - қазақ халқының көне салт-дәстүрлерінің бірі. Бұл – көпшіліктің көмегін пайдалану дәстүрі. Бұл салт бойынша ауыр жұмыстарды атқару үшін адамдар бір-бірін көмекке шақырады. Мысалы: үй салу, той жасау, ас беру т.б. Асарға келгендер еңбегі үшін ақы алмайды. Үй иесі оларға арнап ас әзірлеп, дастарқан жаяды. Асар – адамдардың арасындағы өзара көмектің бір түрі. Ол халқымыздың бірлігін, қайырымдылығы мен ұйымшылдығын танытады.Мәтінмен жұмыс

  • Әр жұп бір біріне сұрақ дайындайды, сұрақтарға жауап береді.

Әр жұп кезекпен өз сұрақтарын қояды және жауап береді.

Бағалау критерийлері арқылы келесі жұп бағалайды.

Оқушының аты

Сұрақ дұрыс қойылды

Сұраққа толық жауап берді

  • Қатармен топтарға бөлініп, тақырып бойынша қойылым көрсетуге дайындалады.
  • «Үй салуға асар жасау»
  • «Көкөністерді егуге асар жасау»
  • «Той жасауға асар жасау»
  • «Үй ішін және маңайды тазалауға асар жасау»

Әр қатар қойылым көрсетеді

Қол шапалақтау арқылы бағалау.

Жазылым2. Берілген сөздерге антоним, омоним, синоним сөздерді тауып жазу.

  • Антоним сөздерді тауып жаз: жаман, ауыр, қараңғы;
  • Синоним сөздерді тауып жаз: көркем, көне, асар жасау
  • Омоним сөздерді тауып жаз: жаз, қара, ай.

Төрт оқушыға оқыту, толықтыру

(ҰЖ) Сыртқы ішкі шеңбер

Мақсаты: оқушылар сабақ мазмұнын сұрақтар қою арқылы қорытындылайды.

Қима қағаздар

Сиқырлы қорапша

Суреттер

А4 форматындағы қағаздар

Соңы

3 мин

Сабақты қорытындылауРефлексия«Жетістік баспалдағы» арқылы өзін бағалау

«Жетістік баспалдағы»

 

Қосымша мәліметтер

Дифференциациялау - оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалайша түрделендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалайша жоспарлайсыз?

Жоспардағы тақырыпты қиыстырыңыз. Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру, АҚТ-ны байланыстыру.

Сұрақ-жауап

Өлшемдер бойынша

Сыйластық

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері анық па?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?Дифференциялау жоспарым жүзеге асты ма? (тапсырмалары сәйкес болды ма?)

Уақыт дәлдігі қалай болды? Жоспарыма қандай өзгерістер

енгіздім?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз?

Қорытынды баға

Қандай екі әдіс өте сәтті болды (оқыту мен үйрену)?

1:

2:

Қандай екі әдіс-тәсіл толықтырылуы тиіс (оқыту мен үйрену)?

1:

2:

Келесі сабағымда ескеретіндей сынып және жеке оқушы жайында қандай мәлімет алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу