алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Қалыптастырушы бағалау Тақырыбы Спорт туралы мақала оқу

Қалыптастырушы бағалау

Оқушының аты-жөні:.........................................................................

Оқу бағдарламасына

сілтеме

Оқу мақсаты

Бағалау бойынша ұсыныс

О4 Сұрақтар қоя білу және бағалау

Өз тәжірибесімен байланыстыра отырып, оқиғалар, кейіпкерлер туралы сұрақ қоя біледі және пікір айта бастайды.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы және мәтін бойынша сұрақтар қой:

Жүзу спорты

Суда жүзе білу - өмірге өте қажет. Адам баласы ерте заманнан бері суда жүзумен айналысып келеді. Жазғы қапырық, ыстық күндерде адамдар жүздеп, мыңдап жағажайларға - өзен-көлдердің, теңіздердің жағаларына жиналады. Судың жағасындағы таза, салқын ауа, күннің сәулесі, табиғи көгілдір өсімдіктер дүниесі демалысқа өте пайдалы. Әрине мұның бәрі, әсіресе жақсы жүзе білетін адамдарды ерекше рақаттандырады.    Жүзу дегеніміз судың бетімен немесе ішімен белгілі тереңдікте қолмен және аяқпен есу қимылдары арқылы адамның ілгері жылжуы. Жүзе білетін адам судағы неше түрлі кедергілерді жеңеді, біреу-міреу суға батып бара жатса, оны құтқаруды да біледі.    Жүзумен шұғылданудың спорттық жетістіктерге жетуде маңызы зор. Мысалы: суға секіру, су шаңғы спорты, есу желкен спорты және т.б. мұндай спорт түрлерімен айналысу үшін алдымен жүзіп үйрену қажет.   Шомылу және жүзу дене мүшелерінің сыртқы температура өзгерістерінен, салқыннан пайда болатын ауруларға шалдықпай, төзімді болуын тәрбиелейді. Өзен-көлдерде жүзу болса, күннің шуағы мен таза ауа адам денесіне күшті әсерін тигізеді.   Суда жүзудің пайдасы – адамның денсаулығын нығайтады, сонымен қатар өзін таза ұстауға және денесін шынықтыруға көмектеседі.

Мәтін бойынша сұрақтар:

1)....................................................................................................................................................

2)....................................................................................................................................................

3)...................................................................................................................................................

2-тапсырма Суреттегі спорт түрлерінің аттарын жаз:

.....................................................................................................................................................................

А) Суретте берілген спорт түрі жайында сөйлем құрастырып жаз:

..........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Дағдылар

Жетістік критерийлері

Оқылым

Мәтіндегі оқиғалар мен кейіпкерлер туралы сұрақ қояды және пікір білдіре алады;

Өз тәжірибесімен байланыстыра отырып мысал келтіреді немесе ұқсас оқиға ойлап таба алады.

Жазылым

Сөйлемдерді жазуда жіктік жалғауларын дұрыс қолдана алады;

Жазба барысында сауаттылықты және көркем жазуды сақтай алады.

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇

Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы