Жұлдыздар әлемі. Жұлдыздық шама. Физика, 11 сынып, қосымша материал 2.


Мұғалімге стеллариум бағдарламасын жүктеп алу ұсынылады.

https://biblprog.org.ua/ru/stellarium/

Есептер шығару:

  • 1) Кестедегі мәліметтерді қолдана отырып, ең үлкен жарықтылыққа ие жұлдызды атаңыз. Жауабыңызды негіздеңіз.

Жұлдыздың атауы

Температура, К

Масса (Күн массасымен)

Радиус (Жер радиусымен)

Жұлдызға дейінгі қашықтық (ж.ж)

Кастор

10400

3

2,5

45

Процион

6900

1,5

2

11

Спика

16800

15

7

160

  • 2) Кестедегі мәліметтерді қолдана отырып, ең кішкентай жарықтылыққа ие жұлдызды атаңыз. Жауабыңызды негіздеңіз.

Жұлдыздың атауы

Температура, К

Масса (Күн массасымен)

Радиус (Жер радиусымен)

Жұлдызға дейінгі қашықтық (ж.ж)

Беллатрикс

22000

8,4

6

240

Вега

10600

3

3

27

Сириус

9900

2

1,7

8,6

  • 3) Кестедегі мәліметтерді қолдана отырып, ең үлкен жарықтылыққа ие жұлдызды атаңыз. Жауабыңызды негіздеңіз.

Жұлдыздың атауы

Температура, К

Масса (Күн массасымен)

Радиус (Жер радиусымен)

Жұлдызға дейінгі қашықтық (ж.ж)

Полярная

7000

6

30

430

Ригель

11000

18

75

864

Арктур

4300

1,25

26

37

  • 4) Кестедегі мәліметтерді қолдана отырып, көрінетін жұлдыздық шамасы ең төмен жұлдызды атаңыз. Жауабыңызды негіздеңіз.

Дескрипторылар:

Жұлдыздарды көрінерлік жұлдыздық шамалар бойынша салыстырады.

Жауабын негіздейді.

Жұлдыз

Көрінетін жұлдыздық шама

Сириус

- 1,44

Полярная

2,02

Вега

0,03

Процион

0,37

Ригель

0,12

Бетельгейзе

0,42

Жауаптары:

1. Спика. Жұлдыздың температурасы мен өлшемі ең үлкен.

2. Сириус. Жұлдыздың температурасы мен өлшемі ең кіші.

3. Ригель. Жұлдыздың температурасы мен өлшемі ең үлкен.

4. Полярная. Объек жарық болған сайын, оның жұлдыздық шамасы кішірек.

Қайталауға арналған тест:

Дескрипторлар:

  • Анықтама мен жұлдыздың параметрін сәйкестендіреді.
  • Жұлдыздық шамалардың қандай параметрлерге тәуелді екенін анықтайды.

1. Жұлдыз бірлік уақытта шығаратын жарықтың толық мөлшері/ аспан денесінің сәулелену қуаты.

А. Көрінетін жұлдыздық шама

Б. Абсолюттік жұлдыздық шама

В. Жұлдыздың жарықтылығы

2. Жердегі бақылаушының көзқарасымен қарастырылатын аспан денесінің жарқырау өлшемі.

А. Көрінетін жұлдыздық шама

Б. Абсолюттік жұлдыздық шама

В. Жұлдыздың жарықтылығы

3. Жұлдыздың бақылаушыдан 10 парсек қашықтықта орналасқан кезіндегі объектінің көрінерлік шамасы.

А. Көрінетін жұлдыздық шама

Б. Абсолюттік жұлдыздық шама

В. Жұлдыздың жарықтылығы

4. Жұлдыздың жарқырауы тәуелді:

1. жұлдызға дейінгі қашықтыққа 2. Жұлдыздың өлшеміне 3.жұлдыздың температурасына

А.1,2

Б. 2,3

В.1,3

5. Қай шама жұлдызға дейінгі қашықтыққа тәуелді емес?

А. көрінетін жұлдыздық шама

Б. Абсолюттік жұлдыздық шама



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу